Қолдың Аяққа тиюін ескерту

Сабақтың мақсаты

Ақпараттық

Сабақ мазмұнын, ережелерін және орындалу ерекшеліктерін меңгерту.

Коммуникативтік

Оқушылардың өздігінен шұғылдануға қажеттілігін қалыптастырып, қабілетін арттыру.

Проблеманы шешу

Гимнастиканың тәрбиелік мәніне назар аударту, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

Жоспарланған бөлімдер мен уақыт мөлшері

Ұйымдастыру кезеңі

шамамен 2 минут
  • 1

    Оқушыларды сапқа тұрғызу

    Спорттық киімнің талапқа сай болуын тексеру.

  • 2

    Сыныпты түгелдеу

    Себепсіз қалған оқушыларды анықтау. (1 мин)

  • 3

    Кезекшінің баяндамасы

    Баяндаманы тыңдау кезінде саптың түзу тұруын қадағалау. (1 мин)

Сапта орындалатын бастапқы жаттығулар

5–6 рет

Бұрылу жаттығулары

Оңға, солға, кері бұрылу.

Бір орында жүру

Қимылдың ырғағын сақтау.

Әдістемелік ескерту: бұрылыстарды дұрыс орындауын мұқият қадағалау.

Қозғалмалы бой жазу

10 минут

Жүру түрлері

  • Қол жоғарыда, аяқ ұшымен жүру (4–5 рет)
  • Екі қол белде, өкшемен жүру (2–3 рет)
  • Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру (5–6 рет)

Жүгіру және қозғалыс

  • Бірқалыпты жеңіл жүгіру (4–5 рет)
  • Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру (4–5 рет)
  • Арқаны алға қаратып, оң иықпен қарап жүру
  • Алға созылған алақанға екі тізені тигізе жүгіру
  • Алақанға аяқтың ішкі және сыртқы қырын тигізе жүгіру
  • Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру
  • Екі қол тізеде, толық отырып жүру
  • Отырып секіріп жүру
  • Дем алу және дем шығару

Негізгі назар: денені тік ұстау; аяқ ұшымен, өкшемен, ішкі және сыртқы қырымен дұрыс жүру; бүйірмен жүгіру техникасы; алақанға аяқ қыры мен өкшенің нақты тиюі; отырып жүру және жүгіру қауіпсіздігі.

Саптағы бой жазу жаттығулары

аяқ арасы — иық көлемінде

Жоғарғы бөлім

  • Саппен келіп, бірнеше қатарға тұру
  • Қол белде: басты оңға және солға айналдыру
  • Қол иықта: шынтақты алға және артқа айналдыру
  • Қолды алға түзу созып, кезекпен айқастыру
  • Бір қол белде, бір қол жоғарыда: оңға және солға кезекпен иілу

Орта және төменгі бөлім

  • Екі қол екі жаққа: оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу
  • Алға бір қадам: тізені бүгіп, қолды тізеге қойып, төмен басылып қайта тұру
  • Қол алға: екі аяқты кезекпен жоғары көтеру
  • Қол белде: отырып-тұру
  • Екі қол тізеде: тізені ішке және сыртқа айналдыру
  • Дем алу және дем шығару

Әдістемелік ескертулер: қатарға дұрыс тұру; қолды дұрыс орналастыру; иілу мен созылуды дәл орындау; қолдың аяққа тиюін бақылау; артқы тізенің артық бүгілмеуі; аяқтың қолға тиюі; тізені дұрыс айналдыру.

Негізгі бөлім: гимнастика элементтері

30 минут

1) Төсеніште домалау

2–3 рет

Саппен кезектесіп, ұзыннан жатқан гимнастикалық төсеніште: алға 4 рет және артқа 4 рет домалау.

Қауіпсіздік және техника: домалаған кезде аяқтарды жинап түсу.

2) Домалап баспен тіреліп тік тұру және күшпен қолға көтерілу

4–5 рет

Сап бойынша: алға 2 рет және артқа 1 рет домалап, баспен тіреліп тік тұру арқылы қолмен тіреніп, күшпен жоғары көтерілу.

Негізгі талап: денені және аяқтарды бүкпей, түзу ұстау; екі қолмен нық тіреліп итерілу.

3) Ағаш аттан аяқ ашып секіру (125 см)

7–8 рет

Ұзыннан қойылған, биіктігі 125 см кіші ағаш аттан аяқ ашып секіру.

Қону техникасы: жерге түскенде аяқтарды сәл бүгіп, денені тік ұстау; тірелу кезінде екі қолмен итерілу.

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау

Оқушылардың толық тыңдауын қадағалау. (3 минут)

  • Оқушыларды бір сапқа тұрғызу
  • Тыныс алу ырғағын қалпына келтіру

Бағалау және ұйымдастыру

  • Үй тапсырмасын беру және түсіндіру
  • Оқушыларды қатысуына қарай бағалау, мақтау және мадақтау
  • Сабақты аяқтау, қоштасу
  • Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару

Мұғалім туралы мәлімет

Иманбаев Айдос Жайынбайұлы

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі