Нақты жауап, сапалы шешім таба біл

«Болашақ математиктер» сайысы (ата-аналармен бірге)

Бұл — балалар мен ата-аналарды біріктіретін, ойлау қабілетін шыңдайтын және ынтымақтастыққа үйрететін танымдық сайыс. Бағдарлама логикалық ойлау, талдау, саралау, салыстыру дағдыларын дамытып, шапшаң есептеу, есте сақтау және зейінді арттыруға бағытталған.

Негізгі мақсаттар

  • Логикалық ойлау, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту
  • Шапшаң есептеу машықтарын қалыптастыру
  • Есте сақтау мен зейінді дамыту
  • Топта жұмыс істеу дағдысын жетілдіру
  • Қызығушылықты арттыру, білімқұмарлыққа баулу
  • Ұлттық сана-сезім, сыйластық пен жинақылыққа тәрбиелеу

Қатысушы топтар

Үшбұрыш

топ

Бесбұрыш

топ

Дөңгелек

топ

Сайыс басталар алдында қатысушыларды қарсы алып, әділ бағалайтын әділқазылар алқасы таңдалады.

Кіріспе сөз (жүргізушілерге)

1-жүргізуші

Уа, жарандар, жарандар! Бізді біраз тыңдаңдар. Ғылымдардың ғылымы — математика жайында сайысымызды бастаймыз.

2-жүргізуші

Математика — ермек емес, балалық. Математика — көрегендік, даналық. Математика — құрметтеуге лайық. Кел, достарым, мұны жақсы ұғайық!

Шақыру

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу — алға қойған мақсат. Ендеше, алғырларды ортаға шақырайық! Жиналған ылғи дарындар, жүрегі от боп жалындар — тапқырларды қол соғып қарсы алайық!

Сайыс құрылымы: 5 тур

  1. 1

    Сәлемдесу

    Топтың аты, ұраны және төсбелгі таныстырылады.

  2. 2

    «Кім жылдам?»

    Тақтада әртүрлі пішіндер беріледі. Белгілі уақыт ішінде сол пішіндерден әртүрлі заттарды құрастыру керек: үй, доп, ою-өрнек және т.б. Қай топ көп құрастырса — сол топ жеңіске жетеді.

  3. 3

    «Мықты болсаң жеңіп көр!»

    Қатысушы топтарға сұрақтар қойылады. Жауаптарды балалар береді. Негізгі талап — асықпай, нақты әрі дұрыс жауап беру.

  4. 4

    «Бізден — сізге»

    Әр топ үйден бір сұрақ дайындап келеді. Сұрақтар топтар арасында қойылады. Жауап бере алмаса, сұрақ қойған топ өз жауабын ұсынады. Әр дұрыс жауап — 50 ұпай.

  5. 5

    «Білімдіге — биіктен орын»

    Әр топтың жетекшісі (ата-аналар) тапсырма алады. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.

Топ ұрандары

Ұран

Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!

Ұран

Қандай сынақ болса да беріспе, әрқашан жеңіске ұмтыла біл!

Ұран

Білекті бірді, білімді мыңды жығар!

3-турға үлгі сұрақтар

Асып-тасып саспайық, батыл қадам бастайық. Еркіңді биле барынша — жарыста қалыспа!

Оң қолымда 2 алма, сол қолымда 2 алма. Екі қолда барлығы неше алма?

Жауабы: 4 алма

Аминада 3 қарындаш, Алимада 3 қарындаш. Екеуінде барлығы қанша қарындаш?

Жауабы: 6 қарындаш

1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері сана.

Тапсырма

Қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын тапсырмалар: шеңбердегі нүктелерді санау (сонша рет қол көтеру), шаршыларды санау (сонша қарындаш көрсету), кесінділерді санау (сонша рет секіру), бұрыштарды санау (сонша рет отырып-тұру).

Ата-аналарға тапсырмалар (5-тур)

Менің екі ағам бар. Олардың әрқайсының екі ағасы бар. Ол ағалардың да әрқайсында екі ағадан бар. Бірақ ешқайсысында қарындас жоқ. Отбасында неше бала бар?

Жауабы: 3 ұл

Кісілер атамның жасын жиі сұрайды екен. Ол: «Сенбі мен жексенбіні есептемесе, 55 жастамын», — деп жауап беріпті. Сонда атамның шын жасы нешеде?

Жауабы: 77 жас

Түсіндірме: 5 күн — 55 болса, 7 күн — 77.

Бір адам: «Мен кейбір туыстарымнан 600 есе үлкенмін», — дейді. Бұл мүмкін бе?

Жауабы: Иә

Мысалы: адам 50 жаста, ал туысы 1 айлық болса.

Музыкалық үзіліс

Ата-аналар дайындалып болғанша, «Айгөлек» тобының бүлдіршіндері орындайтын ән тыңдалады: «Балабақшада».

Қорытынды және марапаттау

Қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. Білім — биік шың; ол бақытқа жеткізеді. Білім — ақылшың; ол қиындықтан өткізеді.

Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Білімдеріңізді үнемі жетілдіріп, биік белестерден көріне беріңіздер.

Марапаттау рәсімі

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

Қоштасу

Сау болыңыздар!