Мысығының салмағы қанша

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы

Білім беру ұйымы

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей

Пән / Сынып

Математика, 2-сынып

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі Матышева Гульмира Айдархановна

Сабақ тақырыбы

Өткенді пысықтау

Сабақ түрі

Аралас, саяхат сабақ

Көрнекіліктер

  • Үлестірмелер
  • Суреттер
  • Презентация

Пәнаралық байланыс

  • Дүниетану
  • Өзін-өзі тану

Сабақ әдістері

Түсіндіру Сұрақ-жауап Жұппен жұмыс Топтық жұмыс Жеке жұмыс

Сабақтың мақсаты

Білімді бекіту

Алдыңғы сабақта меңгерген білімді тиянақтау, есептер шығарту арқылы білім, білік, дағдыларды қалыптастыру және оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін арттыру, өздігінен жұмыс істеу дағдысын нығайту, пәнге қызығушылық пен белсенділікті дамыту.

Тәрбиелік

Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа және достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері»

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

Қонақтармен амандасу

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді, себебі сыныбымызға қонақтар келіп отыр.

Сабаққа жұмылдыру

Бір, екі, үш —

Отырамыз тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

2) Мақсат қою

Ұстаным

Мақсатымыз — білім алу,

Міндетіміз — еңбектену.

Еңбектену арқылы

«5»-ке қол жеткізу.

Бүгін біз өткен тақырыптарды қайталап, есептер шығарып, өз мақсатымызға жетеміз. Өз білімімізді көрсетейік. Баршаңа табыс пен сәттілік тілеймін.

Қысқа бейнематериал

«Санамақ» бейнеролигін көрсету.

3) «Ғажайыпстанға» саяхат (сабақтың желісі)

Сюжет

Бүгін біз «Ғажайыпстанға» саяхат жасаймыз. Бұл елде түрлі қызықты тапсырмалар мен ғажайыптар кездеседі.

Кейіпкерлер

Біз ТУ-ТУ, ЧУ-ЧУ тепловозымен Елдос және Аяжанмен бірге ойын ойнап, саяхатқа шығамыз.

Топқа бөлу

Саяхат тапсырмаларын орындау үшін үш топ құрылады:

Алғырлар Тапқырлар Білгіштер

4) Математикалық жаттығу минуты

Әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауап берген топқа геометриялық пішіндер ұсынылады.

Алғырлар

  1. Атамның жасы ең үлкен екі таңбалы санға тең. Атам неше жаста?
  2. Немересінің жасы ең үлкен бір таңбалы санға тең. Немересі неше жаста?
  3. Марат Қайраттан күшті. Кім әлсіз?
  4. Түлкі қасқырдан қу. Қайсысы аңқау?

Тапқырлар

  1. Асқар мысығының салмағын білгісі келді. Алдымен өзі өлшенді — 35 кг. Содан кейін мысығын қолына алып өлшенді — 40 кг. Мысықтың салмағы қанша?
  2. 2 кг мақта ауыр ма, әлде 2 кг темір ауыр ма?
  3. 2 ондық және 5 бірліктен тұратын санды ата.
  4. 4 ондық және 7 бірліктен тұратын санды ата.

Білгіштер

  1. Қайсысы артық: 5 дм 3 см ме, әлде 35 см ме?
  2. Тосап қайнату үшін жеміс-жидек сатып алынды. 6 кг қайнатылды, 8 кг қалды. Барлығы неше кг сатып алынды?
  3. Азайғыш — 18, азайтқыш — 8. Айырманың мәнін тап.
  4. Мен бір сан ойладым: егер одан 40-ты азайтсақ, 20 шығады. Мен қандай сан ойладым?

5) Ойын элементі: «Қуыспақ»

Кейіпкерлер достарына келіп, олармен «Қуыспақ» ойынын ойнағысы келеді. Бірақ кім жүргізуші болатынын анықтау үшін санамақты білу қажет. Олар санамақты білмейді — біз көмектесеміз бе?

Қосымша

«Санамақ» бейнеролигін көрсету.

6) 1-тапсырма (Зайцев технологиясы бойынша)

Уақытқа есепте:

Мысал

80 − 50 =

Мысал

40 + 20 =

Мысал

76 − 6 =

Мысал

11 − 3 =

Мысал

12 − 8 =

Мысал

90 + 10 =

Мысал

6 + 8 =

Мысал

7 + 9 =

Мысал

100 − 100 =