Балалар қараңдаршы мына терезеге

Сюжеттік-рөлдік ойын: «Емханада»

Білім беру саласы: Қатынас. Бөлімі: Қазақ тілі. Тақырыбы: «Дәрігердің қабылдауында».

Мақсаты

  • Балалардың сөздік қорын тереңдету.
  • Сөз және сөйлем мәдениетін меңгерту.
  • Тілге деген қызығушылық пен құрметті арттыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар қазақ тілі бөлмесіне жайғасады.

Мұғалім:

Балалар, сәлеметсіңдер ме?

Балалар:

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

Мұғалім:

Балалар, терезеге қараңдаршы. Не байқадыңдар?

Балалар:

Терезеден күннің көзі түсіп тұр.

Қимыл-қозғалыспен амандасу

Әр жол қимыл-әрекетпен бірге қайталанады:

  • Армысың, Алтын күн!
  • Армысың, Көк аспан!
  • Армысың, Асыл жер!
  • Армысың, ардақты достарым!

Осыдан кейін мұғалім балалардың назарын үсті жабылған үстелге аударады.

Қызығушылықты ояту

Мұғалім:

Балалар, қараңдаршы, мына жерде біреу дастархан жауып қойыпты. Ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

Балалар:

Иә, Марзия Жәкиевна!

Ойын: «Танысып алайық»

Мұғалім бастайды, балалар жалғастырады. Үлгі сұрақтар:

  • Атың кім?
  • Тегің кім?
  • Жасың нешеде?
  • Қалың қалай?
  • Қайда тұрасың?
  • Сен кімсің? (ұл бала/қыз бала)
  • Әкеңнің аты кім?
  • Анаңның аты кім?

Үлгі жауап

Менің атым Саша. Менің тегім Байшакова. Жасым бесте. Қалым тамаша. Қарағанды қаласында тұрамын. Мен қыз баламын. Әкемнің аты — Андрей, анамның аты — Наташа.

Осылайша әр балаға сұрақ қойылып, жауап алынады.

Мамандықтар туралы әңгіме

Мұғалім:

Балалар, қандай мамандықтарды білесіңдер?

Ойын: «Суреттен таны»

Мұғалім сурет көрсетеді, балалар мамандықтың атауын айтады және сол мамандық иесінің не істейтінін қимылмен көрсетеді.

Мұғалім:

Енді дастарханды ашып көрейін. Ой, мынау дәрігердің үстелі екен! Мұнда бір хат та бар.

Хаттың мазмұны

«Дәрігер апай: сендер “дәрігер” ойынын ойнай аласыңдар ма? Барлығын қазақ тілінде сөйлеп ойнаңдар. Дұрыс сөйлесеңдер, сендерді тосын сыйлық күтеді!»

Рөлдік ойын: «Дәрігердің қабылдауында»

Ойын шарты

  • Балалар рөлдерді бөліседі: біреуі — дәрігер, біреуі — науқас.
  • Дәрігер өз бөлмесінде отырады.
  • Диалог толықтай қазақ тілінде жүргізіледі.
  • Ойын 4–5 баламен кезекпен қайталанады.

Үлгі диалог

Есік қағылады

Науқас: Кіруге бола ма?

Дәрігер: Болады, кіріңіз. Отырыңыз.

Науқас: Сәлеметсіз бе, дәрігер апай!

Дәрігер: Сәлеметсіз бе! Қай жеріңіз ауырады?

Науқас: Басым ауырып, қызуым көтеріліп тұр.

Тексеру

Дәрігер: Шешініңіз.

Дәрігер: Қане, қысымыңызды өлшейін. Қызуыңызды өлшейін. Тамағыңызды қарайын.

Дәрігер: Дем алыңыз… дем алмаңыз.

Дәрігер: Киініңіз.

Дәрігер: Мына дәрілерді алып ішіңіз. Екі күннен соң қайта келесіз.

Қорытынды

Мұғалім балаларға алғыс айтып, келесі үстелдің үстінде пайда болған сандықты көрсетеді. Сандық ашылып, әр балаға бір қаламнан таратылады.

Мұғалім:

Балалар, сендер өскенде кім болғыларың келеді?

Балалар:

Өз ойларын айтады.

Сабақты аяқтау

Мұғалім: Осымен сабақ аяқталды, сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз, мұғалім!