Өкпелеме өмірге өкпелеме

Мақсаты

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби-көркем және мәдениетті сөйлеуге дағдыландыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Туған тіл мен поэзияға құштарлық

Атадан балаға мирас болған қазына — туған тіл мен көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру; өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету.

Шығармашылық пен эстетика

Шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту; табиғи дарын мен тума талантты таныту, «өзіндік Менін» қалыптастыру.

Білімді өмірде қолдану

Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, ұлтына және тіліне құрмет сезімін күшейту, өнерге баулу.

Тәлімгердің құттықтауы

Тәлімгер:

Қайырлы күн, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін өтетін «Жас ақындар» сайысына қош келдіңіздер!

Өлең деген — құдірет қой шынында,
Талант керек, кейде оны ұғуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да,
Үңілсеңіз жатыр баба жырында.

Ендеше бүгінгі кешіміздің мақсаты — өлең сөзінің құдіретін, мәнін терең түсіну.

Ой тастау:

Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан,
Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам?
Арма, өмір, бар әлемді бауырыңа алып шайқаған!
Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?
Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар!

Қатысушылар

Ендігі кезекте сайысқа қатысушылармен танысайық.

Мирамбекова Айнұр

6-сынып

Ұстанымы: Тек қана алға.

Бекетова Айнұр

6-сынып

Ұстанымы: Ешқашан берілмеу.

Айжарыққызы Ұлжан

6-сынып

Ұстанымы: Ақырын жүріп, анық бас — еңбегің кетпес далаға.

Жақсылық Жаннұр

6-сынып

Ұстанымы: Бәріміз — біріміз үшін, біріміз — бәріміз үшін.

Жұмабаева Ақбала

6-сынып

Ұстанымы: Ұстанымы көрсетілмеген.

Жақсылық Ұлпан

8-сынып

Ұстанымы:
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір — өмір, болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып қақың бар жүгінуге.

Байшолақова Гүлсезім

8-сынып

Ұстанымы: Оқы, оқы және оқы!

Өмірзақова Жұлдыз

8-сынып

Ұстанымы: Өкпелеме өмірге, өкпелеме.

Қожабаева Жеткерген

9-сынып

Әділ қазылар алқасы

Құлынтаева Қалқа

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты маманы, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Бақыткелдіқызы Гүлназ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі.

Набиева Сайра

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

I бөлім: «Жырларыммен сырласам»

Тәлімгер:

Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта.
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа, —

Мұқағали Мақатаев

Бұл кезеңде жас ақындар Ана, Достық, Адамгершілік тақырыптарындағы төл туындыларын оқиды.

II бөлім: «Жауқазын жыр жанымды жүр мазалап»

Тәлімгер:

Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Абай

«Болмасаң да ұқсап бақ» деген оймен бұл бөлімде қатысушылар ұшқырлық пен шапшаңдықтарын көрсетеді: тақтада берілген ұйқастарға өлең жолдарын құрастырады.

Ұйқас 1

1) ……………………… көруші ем,
……………………… беруші ең,
……………………… көкжиектен,
……………………… бір көрінсең.

Ұйқас 2

2) …………………… өрнектелген,
…………………… жан жетпеген.
…………………… сен деп келем,
…………………… шөлдеп келем.

Ұйқас 3

3) …………………… аңсаған,
…………………… қиям саған.
…………………… қиялдаған,
…………………… құяр маған.

Ұйқас 4

4) …………………… қанаттарын,
…………………… тағат, жаным.
…………………… қарақтарым,
…………………… сабақтадым.

III бөлім: «Өлеңмен өрілген ой»

Тәлімгер:

Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емеспін,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі — құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Бұл кезеңде Қалқаман Сарин, Назира Бердалы секілді заманауи ақындардың өлеңдері ұсынылады. Қатысушылар шығарманың мазмұнын ашып, негізгі ойды талдайды.

«Кешіккен көктем»

Қалқаман Сарин

Айдары: «Шыр айналған дүние-ай…»

Етек-жеңі жиылмай, Жатып алды қыс мынау. Көңіл күй де бұйырмай, Қоңыр күйге түстім-ау. Қытымыр қыс тұр әлі, Кірпігіне мұз қатып. Ызғырық жел ұрады, Тұла бойды сыздатып. Бізге жеткен көктем жоқ, Жеткенменен мезгілі. Жырлағанмен көк тер боп, Болмайды екен сөз құны. Құстар... хабар бермейді, Кешігуде көктемім. Күндіз… көргім келмейді, Күнтізбенің беттерін. Барып қайттым баққа мың, Көктем іздеп көшеден. Іздегенмен таппадым, Оған куә осы өлең. Бар бақытты... биылғы, Көктем алып келердей. Көптен күткен сыйымды, Көктен алып берердей... Күтіп жүрмін мен оны, Көңілге сол қуаныш. ... Жалықтырды себебі, Жатып алған мына қыс.

«Терезелер»

Назира Бердалы

Менің пердем сырылады әлемге, Терезеден ай қарайды қияқты. Терезелер... терезелер... Түнгі Алматы үйлері, Әрбір үйдің жүрегі бар сияқты... Әрбір үйдің жағып отын, шырағын, Жан-аналар түнде дұға қылады. Балапаным аман жүрсе екен деп, Қанат қағып кетсе дағы қыраны. Қиядағы қызын ойлап, қамығып, Ұядағы ұлын жүрер мәпелеп, Терезеден кенет жанған жарығы — Сағынышын сездірмейтін әкелер... Терезелер... терезесі үйлердің, Естілетін ар жағынан күйлер мың. Ақ отаудың шымылдығын жамылып, Жасыратын құпиясын түндердің... Ғажап түндер... (Өмір ғажап сүйгенге) Ал ғашыққа күту ауыр түннен де. Сырын айтып су құяды бір ару Терезенің алдындағы гүлдерге. Ертең, иә, таң атады арайлы, Атады таң аппақ қылып маңайды. Ертең гүлдер мен боп сенің жолыңа Терезеден... терезеден қарайды.

Қорытынды

Сайыс қорытындысын тыңдау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет. Сау болыңыздар!