Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақыны
Сыныптан тыс шара жоспары (8, 9, 11-сынып)
«Тіл өнер» — ана тілі мен әдебиетке қызығушылықты арттыратын интеллектуалдық ойын.
Мақсаты
- Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін тексеру.
- Тіл — ата-бабадан қалған асыл қазына, ұлттық байлық екенін ұғындыру.
- Туған тілге және әдебиетке оң көзқарас қалыптастыру, қызығушылықты арттыру.
Ұйымдастыру мәліметтері
- Кештің жабдықталуы
- Слайд, сигнал беретін бұйымдар, түрлі-түсті жалаушалар.
- Қатысатын сыныптар
- 8, 9, 11-сынып.
- Кезеңдер
- I — «Бәйге», II — «Тіл-өнер», III — «Жеті жұмбақ», IV — «Жалғастыру», V — «Жорға».
I. Ұйымдастыру бөлімі
Қатысушылар ортаға шақырылып, таныстырылады.
Әлішер (8-сынып)
- Қызығатын пәндері: тарих, қазақ тілі мен әдебиеті.
- Бос уақыты: музыка тыңдайды, сурет салуды ұнатады.
- Сүйікті ақыны: Мұқағали Мақатаев.
- Ұстанымы: «Алға, алға — тек алға!»
Салімжан (8-сынып)
- Жетістігі: оқу екпіндісі.
- Сүйікті пәндері: тарих, география.
- Бос уақыты: компьютер ойындары, спорт.
- Өмірлік ұстанымы: «Дүниеге кірпіш болып қалану.»
Қайнар (9-сынып)
- Сүйікті пәндері: тарих, география.
- Бос уақыты: музыка тыңдайды.
- Ұстанымы: «Жығылсаң — нардан жығыл.»
Айымгүл (9-сынып)
- Ұнататын пәндері: қазақ тілі, әдебиет.
- Сүйікті ісі: өлең оқу, музыка тыңдау.
- Сүйікті ақыны: Мұқағали Мақатаев.
- Ұстанымы: «Өткен іске өкінбе.»
Гүлназ (11-сынып)
- Сүйіп оқитын пәндері: қазақ тілі, әдебиет, тарих.
- Бос уақыты: көркем әдеби кітап оқиды, би билейді.
- Сүйікті ақындары: Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова.
- Ұстанымы: «Сабақты инемен сәтімен.»
Алихан (11-сынып)
- Ұнататын пәндері: география, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі.
- Сүйікті ісі: әдеби кітап оқу.
- Сүйікті шығармасы: «Махаббат, қызық мол жылдар».
- Ұстанымы: «Өмірдің өзі — күрес: бірде жеңіс, бірде жеңіліс.»
I кезең — «Бәйге»
Бұл кезеңде 20 сұрақ қойылады. Жауапты бірінші болып белгі көтерген оқушы береді.
-
Ғалымдардың көне түркі жазуларына берген атауы
Руна жазуы
-
Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр қай кітаптағы әңгіме?
«Қорқыт ата кітабы»
-
Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауы
Шумақ
-
«Қалқаман–Мамыр», «Еңлік–Кебек» поэмаларының авторы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
-
Әдеби тіл дегеніміз не?
Жалпыхалыққа бірдей түсінікті, ортақ тіл
-
Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен неше тіл бар?
5651 тіл
-
Ш. Уәлиханов қай жылдары өмір сүрген?
1835–1865 жж.
-
VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкері
Қорқыт
-
Абай Семейдегі приходская мектепте қанша уақыт оқыған?
3 ай
-
Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақыны
Төлеген Айбергенов
-
«Тіл-құралы», «Әдебиет танытқыш» еңбектерінің авторы
Ахмет Байтұрсынұлы
-
«Құлагер» поэмасында Құлагердің жүйріктігін таныған адам
Күреңбай сыншы
-
Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті?
Қырғыз
-
Қожа Ахмет Ясауидің кітабы қалай аталады?
«Диуани хикмет»
-
Дағыстан халқының ақыны
Р. Ғамзатов
-
Ж. Жабаевтың 1941 жылы жарық көрген атақты өлеңі
«Ленинградтық өренім»
-
Абайдың соңғы туындылары
Қара сөздері
-
Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген ақын
Мұқағали Мақатаев
-
Сәт, Сәлмен — М. Әуезовтің қай шығармасының кейіпкерлері?
«Қараш-қараш оқиғасы»
-
Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман ананы атқан адам
Мәңгүрт
II кезең — «Тіл-өнер»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдер беріледі: мәтін ішінен бір сөз жасырылған. Қатысушы сол сөзді тауып, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтады.
| № | Мақал-мәтел | Жасырын сөз | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы. | білім | знание | knowledge |
| 2 | Анаға қарап қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер. | қыз | девочка | girl |
| 3 | Ағаш көркі — жапырақ, адам көркі — шүберек. | жапырақ | листья | leaf |
| 4 | Су анасы — бұлақ, сөз анасы — құлақ. | су | вода | water |
| 5 | Жігітті намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді. | қоян | заяц | hare |
| 6 | Көсем ел бастар, шешен сөз бастар. | сөз | слова | word |
| 7 | Елдің көркі — ерімен, Отан көркі — жерімен. | Отан | Родина | Motherland |
| 8 | Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас. | жол | дорога | road |
| 9 | Жаманның тілі ащы, көк мияның гүлі ащы. | гүл | цветок | flower |
| 10 | Жаңбыр жауса — жер ырысы, батыр туса — ел ырысы. | жаңбыр | дождь | rain |
| 11 | Еңбекпен ер өседі, егізбен төл өседі. | еңбек | труд | work |
| 12 | Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас. | дос | друг | friend |
| 13 | Ғылымның шырағы — күн, адамның шырағы — білім. | күн | солнце | sun |
| 14 | Аға алдында пейіліңді көрсет, іні алдында мейіріміңді көрсет. | аға | брат | brother |
| 15 | Жаманға еткен жақсылығың жатқа кеткен малмен тең. | жаман | плохой | bad |
| 16 | Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды. | үлкен | большой | big |
| 17 | Туған жердің ауасы да — шипа. | жер | земля | land |
| 18 | Күш бірлікте емес, жүректе. | жүрек | сердце | heart |
| 19 | Қыстағы қар — жерге ырыс, жердегі ылғал — елге ырыс. | қар | снег | snow |
| 20 | Ата — балаға сыншы. | ата | дедушка | grandfather |
Ескерту
Ұпайы ең аз екі оқушы ойыннан шығады.