Сабақтың көргізбелігі

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы

Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру, бұрын беймәлім мамандықтар жөнінде жалпы ұғым қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Балаларды әртүрлі мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін дамытуға және таным көкжиегін кеңейтуге бағыттау.

3) Тәрбиелік

Мамандықтардың пайдалы қырларын көрсету арқылы олардың бәрі адам мүддесіне қызмет ететінін түсіндіру; мамандыққа, сондай-ақ ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет, ардақтау және мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Түрлі маман иелері бейнеленген суреттер
  • Тіл дамыту әліппе-дәптері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.

II. Психологиялық дайындық

Шумақ

Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы —
Мемлекет, қоғам, адамға.

Сұрақтар:

  • Балалар, сендер қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
  • Ата-анаң, аға-апаң, көршілерің қандай мамандық иелері? Атап беріңдер.

III. Жаңа сабақ

Жұмбақ

Еңбек етсең ерінбей,
Абыройыңды асырған.
Бірақ өзі көрінбей,
Бізден бойын жасырған.

Жауабы: Мамандық

Одан кейін тіл дамыту әліппе-дәптеріндегі тапсырманы орындаймыз: өзіміз жақсы білетін мамандықтарға сәйкес еңбек құралдарын сызықпен қосамыз.

Тапсырма сәтті орындалды. Енді мамандықтар туралы жұмбақтарға құлақ түрейік.

IV. Жұмбақтар

1) Мектептің жүрегі, білімнің тірегі.

Жауабы: Мұғалім

2) Сауықтырар сырқатты, жылы үнмен тіл қатты.

Жауабы: Дәрігер

3) Тікті әсем киімді, дүкенге әкеп ілінді.

Жауабы: Тігінші

4) Зымыранды ерттеген, ай-жұлдызды зерттеген.

Жауабы: Ғарышкер

5) Отан тыныштығын күзететін адам кім?

Жауабы: Шекарашы

6) Тәртіп пен заңды сақтайды, ел сенімін ақтайды.

Жауабы: Полиция қызметкері

Енді ойланайық: сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандықты таңдайсыңдар? Неліктен?

V. Тақпақтар

Мұғалім (Мариям)

Жаққан білім шырағын,
Мен боламын мұғалім.

Дәрігер (Бану)

Сыйлайтын саулық, амандық —
Дәрігер жақсы мамандық.

Шекарашы (Әділжан)

Тыныштықты күзетіп тұратын,
Шекарашы болып шығамын.

Жүргізуші (Құдайберген)

Елге қызмет еткен,
Көлік айдауды үйренем.

Аспазшы (Данагүл)

Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы — жақсы мамандық.

Ғарышкер

Тоқтар, Талғат — нағыз ер,
Солардай болам — ғарышкер.

Полиция

Тәртіп пен заңды қолдайды,
Полиция елді қорғайды.

Құрылысшы

Адамдарға үй салған,
Құрылысшы болам ұлғайсам.

Кенші (шахтер)

Ел байлығын көбейткен,
Шахтер болам есейсем.

Тігінші

Тігетін киім-кешекті,
Тігінші болам мен епті.

Электрик

Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

VI. Қорытынды

Жарайсыңдар, балалар! Ер жеткенде ата-анаң мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, ең бастысы — елің мақтан тұтатын азамат әрі білікті маман болыңдар.