Өздігінен жұмыс істеуге, есептердің шартын құруға үйрету
Тақырыбы
7 санын қосу және азайту
Математика
1-сынып
Алматы • «Атамұра»
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- 7 санының құрамын меңгерту.
- Шапшаң есептеу қабілетін арттыру.
- Өрнек құру арқылы 7 санының құрамын табуға үйрету.
2) Дамытушылық
- Өздігінен жұмыс істеуге және есептің шартын құрастыруға үйрету.
- Түрлі әдістер арқылы математикалық тілін дамыту.
- Білімге деген құштарлығын арттыру.
3) Тәрбиелік
- Бір-бірін тыңдап, сыйлауға және ортақ шешім қабылдауға баулу.
- Сауатты, көркем жазуға үйрету.
- Ата дәстүрін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Типі
- Жаңа сабақ
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі
- Интербелсенді тақта
- Дидактикалық материалдар
- Суреттер
- Үлестірмелі карточкалар
- Көкөністер
- Үнтаспалар
Сабақтың барысы
Кіріспе
Сабақты мына өлең жолдарымен, көтеріңкі көңіл күймен бастаймыз:
Есепке жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын бересің басыңнан.
Барлық ғылым саған жолдас болады,
Досың солар табылады қасыңнан.
Сабақ басталар алдындағы дайындық
Сабақ басталмас бұрын өзімізден сұраймыз: бізге не керек?
- Ұйымшылдық
- Жүйрік ой
- Сәттілік
- Жетістік
- Жақсы баға
- Шапшаңдық
Бүгінгі күніміз де, көңіліміз де жарқырап басталсын.
Топтарға бөлу
Енді топтарымызбен танысайық:
- 1 «Жүйріктер» тобы
- 2 «Алғырлар» тобы
- 3 «Білімділер» тобы
Өткен сабақты қайталау
Топтармен танысып болған соң, өткен сабақты қайталаудан бастаймыз.