Күзгі табиғат көрінісі
Сабақ тақырыбы: Күзгі табиғат көрінісі
Білімділік
Күзгі табиғат көрінісімен танысу.
Тәрбиелік
Оқушыларды әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық
Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Сынып тазалығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: негізгі, қосымша және құрамды түстер. Уақытты үнемдеу және толық тексеруге мүмкіндік беру үшін үлестірме тест қолданылады.
Тест сұрақтары
-
1) Түр-түстану ғылымы нені зерттейді?
- а) Адамның ұйықтаған кезде көретін түсін
- ә) Түр-түсті зерттейтін ғылым
-
2) Негізгі түстерді ата.
- а) қызыл, сары, көк
- ә) қоңыр, ақ, жасыл
-
3) Қосымша түстерді ата.
- а) ақ, қара, көкшіл
- ә) қоңыр, жасыл
-
4) Жылы түстерді ата.
- а) көк, қоңыр, сиякөк
- ә) жасыл, ақ, сары
-
5) Суық түстерді ата.
- а) көк, қоңыр, сиякөк
- ә) жасыл, ақ, сары
-
6) Кескіндеме немен салынады?
- а) бормен
- ә) бояумен
-
7) Кескіндемені қайда салуға болады?
- а) кенепке, қағазға
- ә) жерге, суға
-
8) Көлеңке қандай бояумен салынады?
- а) жылы бояумен
- ә) суық бояумен
Жаңа сабақ жоспары
- 1Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары.
- 2Күзгі табиғат көрінісі.
- 3Этюд ұғымы.
Түсіндіру бөлімі: табиғат сұлулығын көру және бейнелеу
Алдымен мына өлең жолдарына назар аударайық:
Табиғат, сен тіршілік тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен — көлсің, сен — армансың, сен — бұлбұлсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Табиғаттың сұлулығы мен сыры адамды әрдайым таңғалдырады. Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты. Ұлы суретші Леонардо да Винчи: «Табиғат пен адам — егіз» деп бекер айтпаған. Адам табиғаттың әсемдігінен қуат алады; ал сол әсемдікті ақындар өлеңмен, жазушылар көркем тілмен, суретшілер қылқаламмен бейнелейді.
Кескіндеме деген не?
Түрлі түсті бояулармен (акварель, майлы бояу және т.б.) жұмыс істеп, бейне жасау өнері кескіндеме деп аталады.
Негізгі мақсат
Табиғат көрінісін бейнелеудегі мақсат — кеңістіктегі әсем көріністі көзбен көріп, көңілмен қабылдап, сол әсерді қағаз бетіне түсіру.
Бақылау және есте сақтау
Табиғат көрінісін салмас бұрын, табиғат аясында серуендеп, бөлшектерді мұқият бақылау маңызды: аспанның реңкі, жердің түсі, ағаштардың силуэті, жапырақтардың өзгерісі. Көргеніңді есте сақтап, әсерді суретке айналдыру — шынайы дағдылардың бірі.
Этюд
Кейбір суретшілер табиғатты қас-қағым сәтте жылдам белгілеп, ықшам түрде бейнелейді. Мұндай жедел, шағын жұмыс этюд деп аталады.
Жыл мезгілдері және күздің мінезі
Жылдың төрт мезгілі бар: көктем, жаз, күз, қыс. Әр мезгілдің өзіндік бояуы, көңіл күйі және табиғаттағы құбылыстары өзгеше. Қазір — күз. Күздің соңғы айы — қараша, қарашаның да соңғы күндері.
Көктем жерге шырай беріп, тіршілікті оятады.
Жаз жанды жадыратып, табиғатты жайқалтады.
Қыс аязымен, боранымен қатал мінез танытады.
Ал күзде жеміс пісіп, егін піседі. Күздің алғашқы айлары молшылық әкеледі, сондықтан «күздің әр күні қымбат» деп, шаруаны тез аяқтауға тырысатын кез болады. Күзде ағаш жапырағын түсіреді, жер беті сарғайған жапыраққа толады. Аспан бірде сұрланып, бірде жаңбыр жауып, бірде тұман басады — күздің құбылмалы мінезі адам көңіл күйіне де ұқсап кетеді.
Ұлы ақынымыз Абай күз туралы былай дейді:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай…
Практикалық бөлім: күз көрінісін құрастыру
Күзгі табиғатты салмас бұрын, композицияны бірден бастамай, оның жекелеген бөлшектерін бөлек жаттықтырған пайдалы: аспан мен жер реңктері, ағаштардың құрылымы, жапырақтардың түс өзгерісі және т.б. Оқулықтағы күз тақырыбындағы суреттерге қарап, жылы және суық түстердің қалай үйлескенін талқылауға болады.
1) «Көктер» тобы
Күзгі аспанды бейнелеу.
2) «Сарылар» тобы
Күзгі жапырақтарды бейнелеу.
3) «Қызылдар» тобы
Күзгі ағаштарды бейнелеу.
Бекіту және қорытынды сұрақтар
Қайталау
- Табиғат көрінісінің алуан құбылыстары қандай болады?
- Күзгі табиғат көрінісінің ерекшелігі неде?
- Этюд дегеніміз не?
Бағалау және үй тапсырмасы
- Оқушылардың жұмыстарын талдау және бағалау.
- Үйге тапсырма: «Күз мезгілі» тақырыбында табиғат көрінісін салу.