Жол ережесіне байланысты жұмбақтар шешу
Отбасылық спорттық-танымдық жарыс
Тақырыбы: «Бағдаршамға бағынамыз, баршамыз!»
Мақсаты
- Балаларға жол ережесінің бастапқы қағидаларын ойын арқылы түсіндіру.
- Ата-аналарды ойынға қатыстыра отырып, балаларды бірлесе тәрбиелеуге, ортақ тіл табысуға ықпал ету.
- Салауатты өмір салтын насихаттау және жеңіске ұмтылатын намысты ұрпақ тәрбиелеу.
Сұрақ–жауап
— Балалар, біз балабақшаға және басқа да жерлерге қалай барамыз?
— Жолмен барамыз.
— Немен барамыз?
— Көлікпен, велосипедпен немесе жаяу барамыз.
— Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін қажет?
— Көліктер соқтығыспауы, адамдардың амандығы және әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін. Яғни, бәріміздің аман-есен жүруіміз үшін.
Олай болса, жол ережесін сақтап, қауіпсіз жүріп-тұру үшін «Бағдаршамға бағынамыз, баршамыз!» атты отбасылық спорттық-танымдық жарысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Командалар және ұйымдастыру
Қатысушыларды екі топқа бөлеміз: «Жүргізушілер» және «Жаяу жүргіншілер». Атына заты сай жүргізушілер жеңе ме, әлде жаяу жүргіншілер басып оза ма — жарыс барысында білетін боламыз.
Әділқазылар алқасы
- ____________________
- ____________________
- ____________________
Жарысымыз 5 бөлімнен тұрады. Ерекшелігі — барлық кедергілер жол ережесімен байланысты болады, әрі бізбен бірге Бағдаршам та ойынға қатысады. Мұқият тыңдап, ережені сақтап ойнайық.
Бағдаршамның сәлемдесуі
Бағдаршам: Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім — ойындарың қызықты әрі тартысты өтсін деп.
Жол бойында тұрамын,
Жол ережесін құрамын.
Адамның саулығы үшін
Үш көзіммен қызмет етемін.
Жарыс кезеңдері
1) Велосипедпен серуен
ЭстафетаШарты: Балалар белгіленген жерге дейін велосипедпен барып, айналып қайтады да, велосипедті келесі балаға береді.
Жүргізуші:
Қызыл жанса — тоқтағын,
Көрдің жұрттың тостқанын.
Сары жанса — дайындал,
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанса — тыңдағын,
Жолың ашық, тұрмағын.
2) Бағдаршам көздері
ҚұрастыруШарты: Алдындағы тақтаға бағдаршамның түстерін дұрыс ретімен орналастыру.
Жүргізуші:
Қызыл көзін ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр, қозғалма —
Ереже бұл: «Сен тоқта!»
3) Көпірден өтеміз
ҚауіпсіздікШарты: «Көпір» қауіпті болғандықтан, ата-ана баланы көтеріп өткізіп, тез арада командасына оралады. Ойын барлық ойыншы өткенше жалғасады.
Жүргізуші:
Жасыл көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды —
Дайындықты сақтайды.
4) Жол ережесіне байланысты жұмбақтар
Танымдық
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
Жауабы: Жол
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ешбір адам емдемейді.
Жүк емес, жүз адам мінсе де,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді.
Жауабы: Трамвай
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
Жауабы: Бағдаршам
Ала таяқ ұстағаны,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен.
Жауабы: Жол полициясы
Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Жауабы: Жол
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Жауабы: Бағдаршам
Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялаиды.
Жауабы: Автобус
Жүргізуші:
Сары көзін ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
5) Балабақшадан баланы автобуспен алып қайту
Командалық ойынШарты: Команда «автобус» болып тізбектеліп отырады (бірінің артынан бірі). Бірінші ойыншы баласының қолынан ұстап, белгіленген бағытты айналып келеді. Жолда кедергілер кездеседі: бағдаршамның қызыл түсі жануы мүмкін, жаяу жүргінші өтуі мүмкін — мұның бәрі уақытты тежейді. Соған қарамастан, әр ойыншы келесісін «автобусқа» жалғап, ойынды бірінші болып аяқтауы керек.
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі. Нәтиже жарияланып, жеңген топ марапатталады.
Қорытынды ереже
Жүргізуші:
Жолды кесіп өтерде
Сол жағыңа қарайла.
Жарты жолдан өткенде
Оң жағыңа қарайла.
Білгеніңді басқаларға
Үйрете жүр, жарай ма?