Еліміздің мемлекеттік тілі қай тіл

Сабақтың тақырыбы: «Марқакөл – ел мақтанышы»

Бұл сабақ Қазақстанның табиғи байлықтарын таныстыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеуге және оқушылардың тілдік-танымдық дағдыларын жүйелеуге бағытталған.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды тестік материалмен жұмыс жасау дағдысына қалыптастыру; мақал-мәтелдердің мағынасын ашу; сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз және бірыңғай мүшелерін талдауға қызықтыра отырып, білім мен біліктілікті қорытындылау. Қазақ тілінің байлығын, ой тереңдігін мақал-мәтелдер арқылы таныту.

Дамытушылық

Тақырыпқа байланысты жағдаят туғызу; сұхбат арқылы (екі жақты пікір алмасу) жеке ой-пікірді дәл жеткізу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Отанның жер байлығын құрметтеуге, еліне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен тәсілдер

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Видео
  • Тест тапсырмалары
  • Кәртішкелер

Әдіс-тәсілдер

  • Пікір алмасу
  • Сұрақ-жауап
  • Тест
  • Іздену жұмысы

Пәнаралық байланыс

Тарих, география, әдебиет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

II. Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі сабағымыз ерекше. Тәуелсіздіктің «20 жұлдызды күні» аясында 14 желтоқсан — Мемлекеттік тіл күніне арналған.

III. Сұрақ-жауап

Оқушылардың бастапқы білімін анықтау үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

  • Еліміздің мемлекеттік тілі қай тіл?
  • Сен қай Республикада тұрасың?
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Қазақстан тәуелсіздігін қай жылы алды?
  • Мемлекетіміз қай жерде орналасқан?
  • Мемлекетіміз неге бай? (өзен-көлге, тау, орман, тоғай, пайдалы қазбаларға, қорықтарға)
  • «Қорық» сөзі орыс тіліне қалай аударылады?
  • Қазақстанда неше қорық бар?

Бүгін Қазақстан Республикасының байлықтарының бірі — Марқакөл қорығына тоқталамыз. Дәптерге бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазыңдар.

IV. Жаңа сабақ

1) Сөздік жұмысы

Мәтінмен жұмысқа кіріспес бұрын тақтадағы жаңа сөздермен танысу: мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2) Мәтінмен жұмыс

  • Мұғалім мәтінді оқиды (интерактивті тақтада видео көрсетіледі). 5 минуттан соң мәтін қайта оқылады.
  • Сұрақ: бұл мәтінде не туралы? (орыс тілінде жауап беру)
  • Мәтінді бір сөйлемнен кезекпен оқыту.

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Мәтін бойынша сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтаңдар (тапсырмалар тақтада).

II деңгей

Лексикалық тақырыптарға байланысты әр топ сұхбат құрастырады:

  • 1-топ: Марқакөл көлі туралы
  • 2-топ: Түркістан туралы
  • 3-топ: Ұлылар елі

III деңгей

Грамматикалық жұмыс: әр топқа кәртішкелер таратылады.

Грамматикалық тапсырмалар (кәртішкелер)

№1 кәртішке

1) Бастауыш пен баяндауыш

Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

  • а) Оның суы тұщы.
  • ә) Көлдің суы көгілдір.

2) Толықтауыш

Сөйлемдерден толықтауышты анықтаңдар.

  • а) Осы жерді мемлекет арнайы қорық ретінде қамқорлығына алған.
  • ә) Тамаша байлықтарын ұрпаққа сақтап қалу.

№2 кәртішке

1) Бастауыш пен баяндауыш

Бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Сызықшаның не үшін қойылғанын түсіндіріңдер.

  • а) Қазақстанның шығысында кездесетін табиғат тартуының бірі — Марқакөл.
  • ә) Келешек ұрпақ үшін сақтап қалу — біздің міндетіміз.

2) Анықтауыш

Сөйлемдерден анықтауышты табыңдар.

  • а) Таңғажайып табиғаты бар ел.
  • ә) Бұл өңірде көптеген жануарлар мен құстардың түрлері кездеседі.

№3 кәртішке

1) Синтаксистік талдау

Сөйлемдерге сипаттама беріп, синтаксистік талдау жасаңдар.

  • а) Таулы аумақтарының табиғаты аса сұлу.
  • ә) Қорықта көптеген орман, тоғайлар бар.

2) Пысықтауыш

Сөйлемдерден пысықтауышты анықтаңдар.

  • а) Марқакөлде балықшы, ұлар, аққу, тырна сияқты құстар бар.
  • ә) Мұнда көптеген аңдар қорғауға алынған.

V. Тестік жұмыс

Оқушылар жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі бағалайды. Жауаптар мен бағалау өлшемдері тақтада көрсетіледі.

VI. Қазақ халқының мақал-мәтелдері

Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді толықтыру арқылы тілдік қор мен ойлау жүйесі бекітіледі:

1) Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.

2) Отанды сүю отбасынан басталады.

3) Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

4) Туған жердің жуасы да тәтті.

5) Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.

6) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

7) Еліңді сүйсең, ерлік істейсің.

8) Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.

9) Отан үшін отқа түс — күймейсің, арың үшін алыссаң — өлмейсің.

VII. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындау сапасына қарай қорытынды баға қойылады.

VIII. Үй жұмысы

Шағын шығарма: «Марқакөл қорығының бүгінгі жағдайы қандай?»