Сабира апай
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектерімен таныстыру; Отанға, елге, ата-анаға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру; тәуелсіз мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Конференция-сабақ.
Кіріспе сөз және негізгі ой
Жанат апай: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, кітапсүйер қауым! Бүгін біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының еңбектерін талқыға саламыз. Бұл еңбектер — тәуелсіз мемлекетіміздің саналы ұл-қыздарына, әсіресе болашаққа қадам басар жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін құнды мұра.
Кітаптың құдіреті
Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұнның: «Кітаптар көп арабша да, тәжікше, біздің тілде бұл жалғыз-ақ әзірше» деген сөзі — туған тілдегі білім мен ой қазынасының қадірін айқындайды. Елбасының еңбектерін оқыған сайын ел экономикасы, тарихы, рухы, халықтың жағдайы мен салт-санасына қатысты ой оятар тұжырымдарды кездестіреміз.
Сондықтан бүгінгі саналы азамат ретінде Елбасымен үн қатып, болашағымызға жол табу — ортақ міндет. Ендеше ел тарихы мен жер тағдырын, халықтың жарқын келешегін саралаған еңбектер туралы ой бөлісейік.
Қонақтарды таныстыру
Сабира апай: Бәйгеқұм ауылдық округінің әкімі Жүсіп М., ауылдық округтің бас маманы Мұсабаев М., аудандық мәдениет үйінің кітапханалар әдіскері Сейдазимова Гүлбану Сейдоллақызы және Қазақстан Республикасының «Жас Отан» жастар қанатының II съезіне делегат болып қатысып келген жерлесіміз, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Татьяна Сергеевна Нуштаева — бүгінгі құрметті қонақтарымыз. Қошемет көрсетейік!
Ел басқару туралы тағылым
Баласағұн өсиеті
Жүргізуші: «Құтты білік» дастанында ел басқарушының қандай болуы керектігі кеңінен айтылады: әділ, ақыл-парасатты, ой-танымы кемел, өнер-білімге жетік, сабырлы, кішіпейіл, қайсар, жомарт, кешірімді, пейілі кең болуы тиіс. Оның міндеті — халыққа құт-береке әкелу, әділ заң орнату, елді өркендету.
Тәуелсіздік жүгінің салмағы
Жүргізуші: «Бесіктегі баланың бек боларын кім білген…» Ел тізгіні алмағайып кезеңде қолға тиді. Дүние теңселген шақта халық тағдырын шешу — оңай міндет емес еді. Дегенмен Елбасы егемен мемлекетті орнықтырып, тәуелсіздік жолында күресе білетін ірі саясаткер ретінде танылды.
Еңбектерге талдау және пікірлер
Тарих — сабақ, бірлік — аманат
Несібелі: Тарих — өткеннің сабағы, келешекке өнеге. Қазақ жері қасиетті, өйткені ол ата-бабамыздың даңқты жолын сақтаған. Бірлік, ынтымақ, тұтастық — бізге қалған ұлы үлгі.
Уәлихан: Президент «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде ХХ ғасырдың ауыр сынақтарын айта отырып, сабыр мен парасатты сақтаған халқына мақтаныш білдіреді.
Өнер үзілісі
«Көк тудың желбірегені» әні (орындаушы: Наурызбаева Жазира).
Елге қызмет ету — азаматтық борыш
Бекзат: «Еліңнің ұлы болсаң — еліңе еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа» деген ой — әр жасқа аманат.
«Қазақстан жолы»: тәуелсіздіктің нақты қадамдары
Нүсіпжан: «Қазақстан жолы» кітабы туралы ой айту үшін сөз Гүлназға беріледі.
Гүлназ: Бұл еңбек кез келген азаматты елін сүюге жетелейді. Кітап тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңіндегі күрделі де жарқын сәттерді баяндайды. Онда 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Конституцияны қабылдау үдерісі, мұнай-газ ресурстарын игеру, ұлттық валютаны енгізу, банк жүйесін құру, жекешелендіру, жер реформасы, елорданы Астанаға көшіру және қазақстандықтың тұңғыш ғарышқа ұшуы сияқты тарихи белестер қамтылады. Еңбек жастарға үндеу ретінде құрылған.
Шығармашылық сәт
Мерей — өз өлеңін оқиды.
Түйін
Сымбат: Елбасы еңбектері ұлттық рух пен тарихты кезең-кезеңімен таратып, философиялық ойға жетелейді. Тіл мәдениетіне ерекше мән беріледі.
Тіл саясаты және бәсекеге қабілеттілік
Жанат апай: Қазақстандағы үштұғырлы тіл саясаты — еліміздің әлеуетін нығайтуға бағытталған тұтас тұжырымдама. Тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының маңызды бөлігі. Ұлт болашағы — ұрпақ қолында, сондықтан келешекке апарар сара жол бүгіннен үлгіге айналуы керек.
Анель: Ана тілін бойға сіңіру — бабалар тәрбиесі мен дүниетанымын сақтау.
Тілек, тақпақ
Денис, Нина, Рома — тілектерін, өлең жолдарын оқиды.
- Нина: 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлын Президент етіп сайлады.
- Рома: Ел таңдаған Президент туралы өлең жолдарын арнайды.
- Денис: Тілек білдіреді.
«Әділеттің ақ жолы»: ой мен бағаның тоғысы
Бағнұр: Елбасы еңбегіне қатысты сөз кезегі Зухраға беріледі.
Зухра: Кітапта өмірбаяндық очерк сипатындағы естеліктер де, соңғы 20–30 жыл ішіндегі саяси-экономикалық өзгерістер туралы автордың жеке пікірлері де, қоғам қайраткерлерінің бағалары да берілген. Қиындықтар мен қателіктерді түзету жолындағы принципті ұстаным тартымды баяндалады. Еңбек қалың оқырманға арналған.
Бейбітшілік — берік мемлекет негізі
Айдана: «Бейбітшілік кіндігі» еңбегінде ұлттық экономиканың орнығуы, ұлтаралық татулық және көрші елдермен өзара пайдалы қатынас — бәрі де берік бейбітшілікпен сабақтас екені айтылады. Бейбітшіліксіз мемлекеттің бақытты болашағы жоқ.
Ақнұр: «Өмірдерек» еңбегінде Президенттің саяси сапарлары мен кездесулері кең қамтылып, ел тарихының әрбір кірпіші ретінде сипатталады.
Ана мейірімі, елге сүйіспеншілік, азаматтық жауапкершілік
Нұргүл: Елбасы еңбектерінде өлке тарихын тану, адамдарды ардақтау, жақсылық пен қайырымдылықтың бастауы — ана сүті мен елге сүйіспеншілік екені айқын көрінеді. Саналы азамат тәуелсіздікті қалай кемелдендіреміз, ел келешегін қалай көркейтеміз деген ойға ұдайы сергек болуы керек.
Түйін: Болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеуіне атсалысу — жас ұрпақтың парызы.
Жастар рухы және қоғаммен байланыс
Сабира апай: Қараша айының 16 күні елордада Елбасының қатысуымен «Жас Отан» жастар қанатының «Арман! Еңбек! Сенім!» тақырыбындағы II съезі өтті. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен 9000-ға жуық жас қатысты. Сол съезге делегат болып қатысқан жерлесіміз Татьяна Сергеевна Нуштаеваға сөз береміз.
Тәуелсіздікке үн
Лаура: «Республикам азат болған құтты күн… Мен азатпын, азаматтар азатпын!» — деп тәуелсіздіктің қадірін жырға қосады.
Хор: «Тәуелсіздігіміз халқымызға бақ болсын!»
Тарихты тану — болашақты болжау
Нүсіпжан: Қай заманда, қай мемлекетте өмір сүрсек те, оның тарихын сараламай болашақты болжай алмаймыз. Өміршең істеріміздің жалғасы жаңа астанада да жалғасады.
Өнер үзілісі
«Қазақ елі» әні (орындаушылар: Жұманазар, Несібелі, Мақсұт, Сымбат).
Қорытынды ойлар және мектеп тәжірибесі
Бағнұр: «Еліміздің басты байлығы — жердің астында да емес, үстінде де емес, адамдардың жүрегінде» деген ой — ұлттың ең үлкен капиталы адам екенін ұқтырады.
Бағлан: Елбасы табиғат аясында серуендегенде ойға түйгендерін жазып жүруді әдетке айналдырғаны — тәртіп пен үздіксіз ізденістің белгісі.
Оқушы эссесі: «Президент болсам…»
Сабира апай: Оқушылар «Президент болсам…» тақырыбында эссе жазды. Бірнеше жұмысты аудандық мәдениет үйінің кітапханалар әдіскері Гүлбану Сейдоллақызына табыстауға рұқсат етіңіздер.
Кітапхана — білім ордасы
Сабира апай: Бүгін Елбасы еңбектерінің бірнешеуін талқыладық. Алда танысар туындылар әлі де көп. Мектеп кітапханасы бай, сөз кітапханашы Патима апайға беріледі.
Патима апай: Жастар үшін өткенді тану, тарихты терең пайымдап, әділ баға беру — парасат пен жауапкершіліктің өлшемі. Біз ел сенімін ақтайтын жастарға сенеміз.
Қоғамның тірегі — бейбіт күн, берік басшылық
Сабира апай: Адамға ең алдымен бейбіт күн, тәуелсіз ашық аспан қажет. Елдің тыныштығын ойлайтын, ұлт мүддесіне қызмет ететін тұлға — «ғасыр адамы» ұғымымен бағаланатын Елбасы. Ауылға жанашыр, іскер әкім; мектепке оқушы мен ұстаздың жанын түсінетін, кемеңгер басшы керек. Осы орайда сөз мектеп директоры Найманбаева Ұлғанша Патшабекқызына беріледі.
Жиынның түйіні
Бірлікке ұйытқы ойлар
- Бағнұр: Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
- Нүсіпжан: Әлемде егемен Қазақстан бар.
- Асылжан: Оның көпұлтты, тату, ынтымақты халқы бар.
- Сабира апай: Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.
- Жанат апай: Ең бастысы — бүгіннен нұрлы кемел болашағы бар.
- Барлығы: Ел сенер Елбасы — Президентіміз бар.
Қорытынды ән
«Елім менің»