Сабақ сөзіне мәндес сөздер асоциациясын құру

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып
Сөз және оның мағынасы
Сабақ түрі
Ашық сабақ
Мақсаты

Оқушыларға сөз және оның мағынасы туралы толық мәлімет беру, ұғымды меңгерту.

Сөздік қорын молайтып, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер
  • Сұрақ-жауап
  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Көрнекіліктер
  • Тірек сызбалар
  • Слайдтар
  • Суреттер
  • Бағалау парағы

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Адамның күлкісі — әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс сезім әлемінің есігін ашады. Күлкі арқылы көңіл күйіңді білдіріп көр: бір-біріңе жымиып, күлкі сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

Топқа бөлу

Жеребе тарту (1, 2, 3, 4)

Ұйымдастыру

Топ басшысын сайлау

Бағалау

Бағалау парағын тарату

II. Үй тапсырмасын тексеру

12-жаттығу

Бастауыш пен баяндауышты тауып, тиісті жеріне сызықша қою.

Ассоциация құру (слайд 2)

  • Абай — қазақ халқының ұлы ақыны.
  • Күләш — қазақ халқының бұлбұл әншісі.

III. Мақсат қою кезеңі

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
  • Сөздің мағынасын ашу.

IV. Жаңа материалмен жұмыс

а) Дәптермен жұмыс

Күн реті, көркем жазу (слайд 3)

Яя — саябақ, қоян.

I топ

19-жаттығу: «білезік» сөзінің мағынасы

Кестеге сүйеніп, білезік сөзі туралы ой бөлісу. Білек сөзіне ассоциация құру (слайд 4).

  • Білезік — әшекей бұйым.
  • Оны қыз-келіншектер, әжелер, апалар тағады.
  • Күмістен, алтыннан жасалады.
  • «Күміс білезік тақса, көп ауырмайды» деген түсінік бар.

II топ

20-жаттығу: «сабақ» сөзінің мәні

Мәтінді оқу, талдау. Сабақ сөзіне мәндес сөздер бойынша ассоциация құру.

  • Оқушылар «сабақты» көбіне білім алу үдерісі ретінде түсінеді.
  • Сабақ оқу — оқушының маңызды міндеті.
  • Үнемі еңбектенген оқушы ғана болашақ мақсатына жақындайды.

III топ

22-жаттығу: көп мағыналы «бұрыш»

Өлеңдегі қарамен жазылған бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылғанын дәлелдеу. Мәндес сөздерге ассоциация құру.

1-мағына

Тағамға қосылатын бұрыш

2-мағына

Үйдің (бөлменің) бұрышы

IV топ

23-жаттығу: сөз тіркесі арқылы мағына

Мәтінді түсініп оқу. Қарамен берілген сөздер тобының қандай мағына беретініне талдау жасау.

  • Қарамен жазылған тіркес: тойтарыс берген.
  • Мағынасы: жеңіске жету, жауына қарсы тұру.
  • Топталып бір мағына беретін сөздер тіркестерін мысалмен толықтыру.

«Дұшпан» сөзінің мәндесі

Жау

Бұл — мағынасы мәндес сөздер (синонимдер).

Сергіту сәті

Буындағы адасқан әріпті тауып, сөз құрастыр.

Тапсырма 1

Тақя + қи

ақ + бырз

Тапсырма 2

Күй + бер

кір + тіл

Тапсырма 3

Кеше + бер

уыз + нар

Тапсырма 4

Мата + аз

уқ + қал

Топтық тапсырмалар (слайд 7)

I топ

Мәндес сөздерді қолданып, сурет бойынша жағдаят құрастыру.

II топ

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді пайдаланып, «Екі саны» тақырыбында бес жолды өлең жазу.

III топ

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді қолданып эссе жазу.

IV топ

«Сөздер шаһарында» тақырыбында ертегі құрастыру (барлық сөз мағыналарын қолдану).

Шығармашылық тапсырмалар (слайд 8)

  1. 1. «Құмырсқа» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, басқа сөздер құрастыру.
  2. 2. Тек «С» әрпінен басталатын сөздерді қолданып, әңгіме құрастыру.
  3. 3. Тек «Ө» әрпінен басталатын сөздердің анаграммасын құрастыру.
  4. 4. «З» әрпінен басталатын зат есімді алып, оның мәндес сөздерін жазу.

VI. Қорытынды

«Бүгін біз нені үйрендік?» деген сұрақ арқылы жаңа сабақты қорытындылау (слайд 9).

VII. Үйге тапсырма

21-жаттығу

Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жаз. Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз.

VIII. Оқушыларды бағалау

Бағалау парағы негізінде оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және топтық жұмысқа қосқан үлесі ескеріледі.