Төрт маусымды ата

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, шығармашылыққа баулу және ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Өз тілімізді жандандыру, ойды толық әрі нақты жеткізуге үйрету, есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
  • Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және салт-дәстүрді сақтауға баулу.

Көрнекіліктер

Слайдтар Кеспе қағаздар Шарлар Қанатты сөздер

Сабақ барысы: «Нұрлы жол» тіл сайысы

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Нұрлы жол» тіл сайысына қош келдіңіздер!

Ана тілі — қазағымның қаймағы,

Тілің — сенің өміріңнің айғағы.

Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,

Білгірлері 7 «В» және 7 «Г» сыныптары шығады.

Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысамыз (келген мұғалімдерді таныстыру).

Бастау ретін анықтау: мақал-мәтелдің жалғасын тап

1-сұрақ

Мектеп — білім ордасы, …

Жауабы: Ұстаз — мектеп тұлғасы.

2-сұрақ

Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені, …

Жауабы: Еменнің иілгені — сынғаны.

1-кезең: Топтардың таныстырылымы

  • Сәлемдесу
  • Ұран
  • Төсбелгі
  • Өлең

2-кезең: «Қазақ тілі» әріптері бойынша тақырып таңдау

«Қазақ тілі» сөзіндегі әріптер бойынша әр топ тақырып таңдайды. Әр тақырыпқа үш сұрақтан беріледі.

Қ — Қазақ тілі

  1. 1. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?
    Жауабы: жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік.
  2. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі — деп Ата заңның қай бабында жазылған?
    Жауабы: 4-бап.
  3. 3. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
    Жауабы: төртеу (көптік, септік, тәуелдік, жіктік).

А — Қазақ әдебиеті

  1. 1. Абай Құнанбайұлының бір өлеңін жатқа айт.
  2. 2. «Тарланым» кімнің өлеңі?
  3. 3. «Бес дос» пен «бес дұшпан»ды ата.

З — Қазақстан тарихы

  1. 1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
    Жауабы: 16 желтоқсанда.
  2. 2. Қазақстанның астаналарын ата.
    Жауабы: Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана.
  3. 3. Әнұранның авторларын ата.
    Жауабы: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.

А — География

  1. 1. Қазақстанның ең биік тауы қайсы?
    Жауабы: Хантәңірі (6646 м).
  2. 2. Ең үлкен көл.
    Жауабы: Каспий көлі.
  3. 3. Қазақстанда неше облыс бар?
    Жауабы: 14.

Қ — Халық ауыз әдебиеті

  1. 1. Ертегілер қалай бөлінеді?
    Жауабы: қиял-ғажайып, жануарлар туралы, тұрмыс-салт ертегілері.
  2. 2. Жаңылтпаш айт.
  3. 3. Лиро-эпостық жырларды ата.

Т — Салт-дәстүр

  1. 1. Жеті қазынаны ата.
    Жауабы: ер жігіт, жүйрік ат, құмай тазы, берен мылтық, қыран бүркіт, ақыл-білім, сұлу әйел.
  2. 2. Тыйым сөздер айт.
  3. 3. Қазақша жыл қайыру кестесін ата.
    Жауабы: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз.

І — Қасиетті сандар

  1. 1. Қазақ халқының қасиетті сандарын ата.
    Жауабы: 3, 7, 9, 40.
  2. 2. Үш бәйтеректі ата.
    Жауабы: Ілияс, Бейімбет, Сәкен.
  3. 3. Бес арысты ата.
    Жауабы: Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрім.

Л — Сен білесің бе?

  1. 1. Қазақтың атақты палуаны кім?
    Жауабы: Қажымұқан.
  2. 2. Абайдың мұражайы қайда орналасқан?
    Жауабы: Жидебайда.
  3. 3. Тұңғыш ғарышкер кім?
    Жауабы: Тоқтар Әубәкіров.

4-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Берілген сөздер арқылы тұрақты тіркестің дұрыс нұсқасын тап.

1) Ой • Қуаныш • сыймады • Жұбаныш • Сезім

Жауабы: Қуанышы қойнына сыймады.

2) Дөнен • Жылқы • басқандай • Тай • Құнан

Жауабы: Тайға таңба басқандай.

3) Ар • Намыс • бермеді • Ұят • Ашу

Жауабы: Намысты қолдан бермеді.

4) Инелік • Маса • көрмеді • Шыбын • Жылан

Жауабы: Шыбын шаққан құрлы көрмеді.

5) Кірпік • Көз • қаққанша • Ауыз • Қас

Жауабы: Қас қаққанша.

6) Ине • Тебен • қазғандай • Құдық • Су

Жауабы: Оқу — инемен құдық қазғандай.

5-кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

Ұпайлары көрсетілген тапсырмалар. Тақырып бойынша сұрақтың күрделілігі артқан сайын ұпай да өседі.

Қазақ тілі

Морфология нені зерттейді?

10

Жауабы: сөз құрамын.

Көсемшенің жұрнақтарын ата.

20

Жауабы: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі.

Дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, үндесіп айтылуын қалай атаймыз?

30

Жауабы: дыбыс үндестігі.

Өздік есімдігі қалай түрленеді?

40

Жауабы: септеледі, жіктеледі.

Салт-дәстүр

Үш арсызды ата.

10

Жауабы: ұйқы, тамақ, күлкі.

Бес парызды ата.

20

Жауабы: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, пітір-садақа (зекет) беру, қажылыққа бару.

Төрт мүшел қай жасқа сәйкес келеді?

30

Жауабы: 49 жас.

«Талапай» қандай ойын түріне жатады?

40

Жауабы: асықпен ойналатын ойын.

6-кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» (топ басшылар сайысы)

I топ

  1. 1. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі?
    Жауабы: Махамбет.
  2. 2. Абайдың неше қара сөзі бар?
    Жауабы: 45 (кей деректе 45+1).
  3. 3. Апта күндерін ата.
    Жауабы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
  4. 4. Төрт түлікті ата.
    Жауабы: түйе, жылқы, сиыр, қой.
  5. 5. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
    Жауабы: 1991 жыл.

II топ

  1. 1. Фонетика нені зерттейді?
    Жауабы: тіл дыбыстарын.
  2. 2. «Ат ізін салмау» тіркесінің мағынасын түсіндір.
    Жауабы: хабарласпау, қатынаспау.
  3. 3. Төрт мезгілді ата.
    Жауабы: көктем, жаз, күз, қыс.
  4. 4. «Алғадай туралы әрбір ой» кімнің өлеңі?
    Жауабы: Жамбыл.
  5. 5. Үш жұртты ата.
    Жауабы: өз жұртың, нағашы жұртың, қайын жұртың.

Қорытынды: марапаттау

Сайыс қорытындысы бойынша ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.