Қазақ тілінде қанша сөз табы бар, атап шық

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, №55 С.Қожанов атындағы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі: Шокибаева Рима

Іс-шара: «Жыл оқушысы – 2015»

Сайыстың мақсаты

  • Оқу жылының қорытындысы бойынша әр сыныптан белсенді, лидерлік қабілеті жоғары әрі білім жетістіктері бар оқушыларды анықтау.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Ұжым намысын қорғай білетін, еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу.

Сайыстың шарттары

1) Өзін-өзі таныстыру

Уақыты: 5 минут

2) «Өзім туралы…»

Уақыты: 3 минут

3) «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Форматы: 1 минутта 10 сұрақ

4) «Өнерлі өрге жүзер»

Уақыты: 3 минут

Тапсырма: өнерін көпшілік алдында көрсету

5) «Білімді мыңды жығар»

Форматы: сұрақ-жауап

Талап: әр пәннен 2 сұрақтан

6) Портфолио

Мазмұны: оқушы жетістіктері

Кезеңдер құрылымы

I кезең: «Мен Қазақстанның жарқын болашағымын»

Өлең жолдарымен немесе презентация түрінде 5 минут ішінде өзін таныстыру.

II кезең: Бірлескен көрініс

Сайысқа қатысушылардың оқушылармен, мұғалімдермен және ата-аналармен бірлескен көрінісі. Уақыты: 3 минут.

III кезең: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

1 минут ішінде 10 сұраққа жауап беру.

III кезең тапсырмалары (сыныптар бойынша)

Төменде әр сыныпқа арналған сұрақтар үлгісі берілген. Бұл бөлім жылдам ойлау, логика және жалпы білім деңгейін бағалауға бағытталған.

8 «А» сыныбы

  1. 1.Кім барлық тілде сөйлейді?
  2. 2.Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді?
  3. 3.Теңізде қандай тастар табылмайды?
  4. 4.Елеуішпен су әкелуге бола ма?
  5. 5.Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?
  6. 6.Қандай ыдыстарға су құйылмайды?
  7. 7.Стакандағы суды ішіп қойсаң, ішінде не қалады?
  8. 8.Ашық ыдыстағы су неге азаяды?
  9. 9.Неліктен су отты сөндіреді?
  10. 10.Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады: қалыңы ма, жұқасы ма?

8 «Ә» сыныбы

  1. 1.Алтын теңге кетеді, күміс теңге келеді.
  2. 2.Отқа жанбас, суға батпас.
  3. 3.Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.
  4. 4.Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.
  5. 5.Жылдың төрт мезгілінде де мазасызданады: ол неге?
  6. 6.Бұлтты аспанның жүзінде ойнайтын бұл немене?
  7. 7.Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды.
  8. 8.Қармен бірге жүргенде сықырлайды: ол неге?
  9. 9.Тұмсығымен қозғалар, соңында аппақ із қалар.
  10. 10.Көк лағым көген сүйреді.

9 «А» сыныбы

  1. 1.«Көксерек» әңгімесіндегі басты кейіпкер.
  2. 2.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
  3. 3.Бір жылда неше күн бар?
  4. 4.Қазақтар бала туған кезде қандай той жасайды?
  5. 5.1961 жылғы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшқан кім?
  6. 6.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
  7. 7.«Мұғалім» сөзінің синонимі.
  8. 8.«Үлкен» сөзінің антонимі.
  9. 9.Қазақ тілінде неше септік бар?
  10. 10.«Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин).

9 «Ә» сыныбы

  1. 1.Жіктік жалғаудың неше жағы бар?
  2. 2.Қазақ халқының белгілі әншісі Күләш…
  3. 3.Қазақтың жаңа жылы.
  4. 4.Бурабай көлі қай облыста орналасқан?
  5. 5.Ата Заң қашан қабылданды?
  6. 6.Жылқы, түйе, қой, ешкі — бір сөзбен қалай аталады?
  7. 7.Бие сүтінен не әзірленеді?
  8. 8.Түйе сүтін қалай атайды?
  9. 9.Айранды қай малдың сүтінен әзірлейді?
  10. 10.«Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында?

10 «А» сыныбы

  1. 1.Биология ғылымы нені зерттейді?
  2. 2.Жасушаны зерттейтін ғылым қалай аталады?
  3. 3.Ауа құрамындағы тыныс алуға жарамды газ.
  4. 4.Жер астынан фонтанша атқылайтын су қалай аталады?
  5. 5.Алғаш «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
  6. 6.Атақты қазақ күйшісі.
  7. 7.Ұя салмайтын құс.
  8. 8.Ата Заңымызда қанша бөлім, қанша бап бар?
  9. 9.«Оян, қазақ!» өлеңінің авторы.
  10. 10.Ең үлкен уақыт өлшемі.

10 «Ә» сыныбы

  1. 1.Омонимдер дегеніміз не?
  2. 2.Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? Атап шық.
  3. 3.Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
  4. 4.Қазақстанның жер көлемі қанша?
  5. 5.Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында?
  6. 6.Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында жатқан шөл.
  7. 7.Ең кіші материк.
  8. 8.Жарақаттанған дене бөлігінің қайта қалпына келуін қалай атайды?
  9. 9.Нейрон дегеніміз не?
  10. 10.Алманың жерге құлағанын байқап, қандай заңды ашқан ғалым?

IV–V кезеңдер

IV кезең: «Өнерлі өрге жүзер»

Қатысушы өз өнерін сахнада көрсетеді.

V кезең: «Білімді мыңды жығар»

Қазақ тілі, тарих, математика, география, физика, химия пәндерінен берілген сұрақтарға жауап беріледі. Әр пәннен 2 сұрақ ұсынылады.