Туған жермен мәндес сөз

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы

Бастауыш сынып мұғалімі: Мухтарова Гүлмира Танжарбаевна

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Туған жер (Ө. Қанахин)

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, дүниетану

Көрнекіліктер

  • Қазақстан және Ақтөбе облысының карталары
  • Ойыл ауданы мен Қараой ауылының бейнелері
  • Интерактивті тақта

Сабақ мақсаты

Білімдік

Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды ашу.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Өзгенің пікірін тыңдауға, мәдениетті сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
  2. 2 «Миға шабуыл» (қайталау сұрақтары)
  3. 3 Жаңа сабақ
  4. 4 «Сөздің сырын ұғайық…»
  5. 5 Оқулықпен жұмыс (мәтінді тізбектей оқу)
  6. 6 «Бала шығармашылығы – болашақ негізі»
  7. 7 Тақырыптық тест
  8. 8 Бағалау
  9. 9 Үй тапсырмасы
  10. 10 Қорытынды

1) Ұйымдастыру: психологиялық дайындық

Сақтайық, кәне, тыныштық,

Бүгінгі сабақ тым қызық.

Ойлан, ойлан және ойлан,

Сабақтардан сыр ұқтық.

2) «Миға шабуыл»: қайталау сұрақтары

  1. «Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыспай…»

    Үзінді қай өлеңнен алынған?

  2. II тараудағы тапсырма

    Тақырыбы «Рахмет» сөзінің синонимі болатын мәтінді ата.

  3. Өлең жолдары:

    «Биыл жазда ту ұстап

    Еттім ғой, – деп, мол еңбек.

    Дала жатыр тыныстап,

    Сәл демалып алам» деп.

    Осы өлең жолдарының авторы кім?

  4. Жыл мезгілі

    Бұл өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?

  5. «Анна апайдың бақшасы»

    Әңгімеде Жеңіс неге ұялды?

3) Жаңа сабақ

Тақырыпқа кіріспе

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы және Қараой селосы туралы әңгімелеу арқылы оқушылардың «туған жер» ұғымын тереңдету.

Автор туралы

Өтебай Қанахиннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

4) «Сөздің сырын ұғайық…»

Киелі
Ерекше қасиеті бар.
Ризық
Бұйырған нәсіп, ырыс.
Маңғаз
Кербез, паң, тәкаппар.
Зеңгір
Аспанмен таласқан, биік.

5) Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқу

Оқушылар мәтінді кезекпен дауыстап оқиды, мағынасын талдайды, негізгі ойды анықтайды.

6) «Бала шығармашылығы – болашақ негізі»

I топ

Туған жер туралы мақал-мәтел жазу.

II топ

«Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым» тақырыбында өлең оқу.

III топ

«Ата қоныс – туған жер» тақырыбында сурет салу.

7) Тақырыптық тест

1) Туған жердің нәрі не?

  • а) гүл
  • ә) көл
  • б) шөп

2) Туған жердің ризығы не?

  • а) балық
  • ә) гүл
  • б) топырақ

3) Туған жердің көркі не?

  • а) тас
  • ә) аққу
  • б) қала

4) «Туған жер» ұғымымен мәндес сөз:

  • а) астана
  • ә) атамекен
  • б) тоғай

8) Бағалау

Оқушылардың мәтінді түсініп оқуы, сұрақтарға жауап беруі, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағалау жүргізіледі.

9) Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Мазмұнын айту.

10) Қорытынды

Сабақта «туған жер» тақырыбы мәтін арқылы талданып, оқушылардың ой қорытуы, сөздік қорын байытуы және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар орындалды.