Қазақтың соңғы ханы кім

Негізгі идеялар

Білімділік

  • Оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру.
  • Өз білімін өзгелермен салыстырып, топтық жарыста деңгейін көрсете білуге үйрету.
  • Пәндер бойынша білім деңгейін бақылау, білімді оқушыларды анықтау және қолдау.
  • Тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.

Дамытушылық

  • Тез ойлау қабілетін және логикалық ойлауды дамыту.
  • Білімге қызығушылықты арттыру.
  • Шығармашылық қабілеттерді нығайту және дамыту.

Тәрбиелік

  • Өзін еркін ұстауға, бірін-бірі тыңдауға және сыйлауға баулу.
  • Уақытты тиімді жұмсау мәдениетін қалыптастыру.
  • Танымдық бағдарламалар негізінде қоғамдық жаңалықтар мен өзгерістерден тыс қалмауға үйрету.

Өткізілу формасы

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік бағдарламасы негізінде

Ашылу сәті

Ежелгі өркениет дәуірлерінен бастап адамзаттың дамуы мен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар ғылыми-теориялық әрі тәжірибелік ізденістер жүргізіп келеді. Бұл тұрғыдан қазақ халқы да кенде емес. Ұлы Абай, Шәкәрім, Ыбырай сияқты алыптарымыздың тәлімі мен білімі ұмытылмақ емес.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көшуге тиіспіз», – деп, білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған.

Ғылым мен білім бәсекесі күшейген ХХІ ғасырда тәуелсіз еліміздің болашақ көшбасшылары білім додасына қош келдіңіздер. Егемендігіміздің 22 жылдығына орай ұйымдастырылған мектепішілік «Жұлдызды сәт» зияткерлік-танымдық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Адамзат тарихында қай кезеңде де ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі жаһандану дәуірінде әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажеттігін Елбасы жолдауларында да атап өтті. Қазақстанның өркениетті ел болуының басты шарты — білім. Білім — патриотизмнің негізі. Білімді болу — жүйелі үйренудің, оқығанды зердеге тоқудың нәтижесі.

Сайыс ұраны

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»

Сайысқа 11-сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады.

I кезең — «Жорға»

Командаларға түрлі-түсті конверт ұсынылады. Әр конвертте 12 сұрақ бар. Жауап беруге 1 минут беріледі. Әр дұрыс жауап 10 балл болып есептеледі.

Көк конверт

12 сұрақ
Сұрақ Жауап
1 Ток күшін өлшейтін құрал. Амперметр
2 Ең үлкен ғаламшар. Юпитер
3 Абылай ханның шын аты. Әбілмансұр
4 Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді? Архимед күші
5 Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім? Рахымжан Қошқарбаев
6 Экватордың жалпы ұзындығы. 40 000 км
7 Жазылуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөздер қалай аталады? Омоним сөздер
8 «Тұманды Альбион» атауы қай елге қатысты айтылады? Ұлыбритания
9 Қазақтың соңғы ханы кім? Кенесары
10 Қазақтың тұңғыш астанасы болған қала. Орынбор
11 Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? 1992 ж.
12 Қазақ ұлтынан алғаш болып «КСРО халық әртісі» атағын алған кім? Күләш Байсейітова

Қызыл конверт

12 сұрақ
Сұрақ Жауап
1 Кернеуді өлшейтін құрал. Вольтметр
2 Ең кіші ғаламшар. Плутон
3 «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай хан тұсында жазылған? Тәуке хан
4 Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? Ньютон
5 «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы. Ілияс Есенберлин
6 Ең терең көл. Байкал
7 Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? Диалект сөздер
8 Спорт саласында «пентакампеон» сөзі нені білдіреді? Бес дүркін чемпион
9 Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. Томирис
10 Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекет. Түркия
11 Екінші рет Конституция қашан қабылданды? 1995 ж., 30 тамыз
12 Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен 1-орын алған әнші. Роза Рымбаева

II кезең — «Жетістік»

Ереже

Төрт тақырып: Спорт, Мәдениет, Шартарап, Көршілер.

Ұпай

16 ұяшық: 10 / 20 / 30 / 40.

Уақыт

Әр сұраққа 30 секунд. Ұпайы жоғары команда бірінші таңдайды.

Спорт

10 ұпай
Қазақстан спортшылары Лондон Олимпиадасында 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль ұтып алып, жалпыкомандалық есепте 12-орын алды.
20 ұпай
2000 жылы Сидней Олимпиадасынан жеңіспен оралған Қазақстанның ең жас олимпиада чемпионы — Бекзат Саттарханов.
30 ұпай
1995 жылы құрылған, Еуропадағы ең мықты футзал клубтарының бірі, УЕФА Футзал кубогын жеңген клуб — «Қайрат» мини-футбол клубы.
40 ұпай
Қазақстанның қысқы Олимпиада ойындарындағы жалғыз жеңімпазы — Владимир Смирнов.

Мәдениет

10 ұпай (видеосұрақ)
Опера өнерінің дүлдүлі — Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев.
20 ұпай (аудиосұрақ)
Париждегі «Гранд Операда» өнер көрсеткен қазақстандық сопрано — Майра Мұхамедқызы (Еуропада — Майра Керей).
30 ұпай
Елбасының бастамасымен бой көтерген, 2012 жылғы «Қазақстан–2050» стратегиясы жарияланған театр — «Астана Опера».
40 ұпай
Қазақстан мен Франция бірлесе түсірген, И. Есенберлин трилогиясы бойынша, «Оскарға» ұсынылған фильм — «Көшпенділер».

Шартарап

10 ұпай
Рио-де-Жанейродағы әлемдегі ең ірі стадион — «Маракана».
20 ұпай
Ұзындығы 51 км теміржол тоннелі — Евротоннель.
30 ұпай
Айға алғаш қадам басқан адам — Нил Олден Армстронг.
40 ұпай
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық ұйым — Біріккен Ұлттар Ұйымы.

Көршілер

10 ұпай
Санкт-Петербургтегі ірі музей — Эрмитаж.
20 ұпай
Францияның АҚШ-қа сыйы — Азаттық мүсіні.
30 ұпай (видеосұрақ)
Париждегі тарихи ғимарат — Notre-Dame de Paris (Париж Құдай-Ананың соборы).
40 ұпай
Қытайдың әйгілі сарай кешені — Жабық қала.

III кезең — «Тұлғалар»

Үш тақырып: Ерлік, Қоғам, Сөз шебері (Шешен). Әр сұраққа 30 секунд беріледі. Ұпайы жоғары команда бірінші таңдайды.

Ерлік

10 ұпай
Шарышты жекпе-жекте жеңіп, ұрандап жауға шапқан — Абылай.
20 ұпай
Ер жүрек мерген қыз — Әлия Молдағұлова.
30 ұпай
Тұңғыш қазақ ғарышкері — Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров.

Қоғам

10 ұпай
Сталиндік қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны, «Қызыл жебе» романында сомдалған тұлға — Тұрар Рысқұлов.
20 ұпай
Кеңестік кезеңдегі ірі мемлекет қайраткері — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.
30 ұпай
«Невада – Семей» қозғалысының жетекшісі — Олжас Омарұлы Сүлейменов.

Сөз шебері (Шешен)

10 ұпай
«Біз қазақ деген мал баққан елміз…» сөзінің авторы — Қазбек би.
20 ұпай
«Жер — мемлекеттің тұтқасы!» сөзінің авторы — Мөде шаньюй.
30 ұпай
Жәңгір ханға арналған өткір сөз — Махамбет.

IV кезең — «Ғажайып жетілік»

Мектеп бағдарламасына сай 7 пәннен сұрақ қойылады: География, Биология, Химия, Тарих, Математика, Орыс тілі, Информатика. Әр пәннен 2 сұрақтан. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

География

10 ұпай
Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелер айырмасы — 7127 м (6995 м + 132 м).
20 ұпай
Амазонка өзенінің су жинау алабы — 9 млн км²; Сахара шөлі мен Аустралия материгі аудандарымен шамалас.

Биология

10 ұпай
Жаратылыстану бойынша қазақ тілінде тұңғыш оқу құралдарын жазған, «Жануарлар» кітабы (1922) шыққан ғалым — Халел Досмұхамедов.
20 ұпай
Жасуша ішінде шырынға толы, қабықшасы бар бөлік — цитоплазма.

Химия

10 ұпай
Түссіз, иіссіз, дәмсіз, сипаттау қиын ең үлкен байлық — су.
20 ұпай
«Миллионер элемент» — көміртек.

Тарих

10 ұпай
«Қазақ» газетінің негізін салушы, ұлттық жазуды реформалаған — Ахмет Байтұрсынов.
20 ұпай
С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы тақырып — 1916 жылғы көтеріліс.

Математика

10 ұпай
5 мысық 5 тышқанды 5 минутта ұстаса, 1 мысық 1 тышқанды — 5 минутта ұстайды.
20 ұпай
Еш амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырса — 999.

Орыс тілі

10 ұпай
Что связывает Ф. И. Достоевского и Ч. Валиханова? — Дружба.
20 ұпай
Он бывает русским и казахским, но не бывает американским и югославским. Он может довести куда угодно — язык.

Информатика

10 ұпай
Microsoft компаниясының атақты президенті — Билл Гейтс.
20 ұпай
Компьютерді ең алғаш шығарған фирма — Apple.

V кезең — «Қазақстан»

Тақырыптар

Табиғат, Сәулет, Білім, Өнер.

Ұяшықтар

10 / 20 / 30 ұпайға бағаланған тапсырмалар.

Уақыт

Жауап беруге 30 секунд беріледі.

Табиғат — 10 ұпай

Мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстан мен Орталық Азияның биік тауларында (2000 м-ден жоғары) кездеседі. Ең көп жүретін жері — мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қиялар. Қыста қар қалың түскенде орманды белдеуге дейін төмен түседі.

Қазақстандағы саны шамамен 180–200. Негізінен Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл қорықтары мен Алматы, Лепсі, Тоқты қорықшаларында мекендейді. Аулауға тыйым салынған, саны азайғандықтан халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа (1996) енгізілген.

Көмек

Дәстүрлі жыл санауымыздың үшінші жылы — Барыс жылы. Барыс Алматы мен Астана қалаларының елтаңбаларында бейнеленген.

Жауап: Барыс

Ескерту

Берілген мәтін осы бөлімде 20 ұпайдан кейін үзіліп қалғандықтан, «Қазақстан» кезеңінің қалған тапсырмалары түпнұсқа толық мәтін ұсынылғанда ғана дәл әрі бірізді редакцияланып, беттеледі.