Жаңа презентация құру командасы
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақ MS PowerPoint бағдарламасында мәтін, сурет, кесте, бейне және дыбыс сияқты объектілерді кірістіруді меңгертуге және теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Білімділік
PowerPoint-та сурет, мәтін құру, кесте, фильм және дыбыс енгізу жолдарын түсіндіру; теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Презентациямен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, логикалық ойлауды дамыту, шығармашылыққа баулу, ақпараттық дүниетанымды кеңейту.
Тәрбиелік
Өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың типі
- Көрнекі-практикалық
- Көрнекіліктер
- Компьютер, интерактивті тақта, қызықты сұрақтар, түрлі тапсырмалар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы
-
I
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, қатысымды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
-
II
Үй тапсырмасын сұрау (қызықты сұрақтар)
Алдыңғы тақырып бойынша білімді еске түсіру үшін қысқа сұрақтар қойылады.
- PowerPoint не үшін арналған бағдарлама?
- PowerPoint-ты қалай іске қосуға болады?
- Слайд дегеніміз не?
- Презентация деп нені айтамыз?
- Слайдтарды қалай қосуға болады?
- Слайдтарға қандай графикалық объектілерді орналастыруға болады?
- Жаңа презентация құру командасы қандай?
- Презентацияны сақтау командасы қандай?
- Слайдтарды толық экранда көрсету батырмасы қайсы?
-
III
Жаңа сабақты түсіндіру
Презентацияға мәтін, сурет, кесте, диаграмма, бейне және дыбыс енгізу тәсілдері, сондай-ақ слайд дизайны мен көрсетілім параметрлері түсіндіріледі.
-
IV
Жаңа сабақты бекіту
Тақырыпты бекіту практикалық жұмыстар, сәйкестендіру, информатикалық диктант, «Ойлан, тап» тапсырмалары және білім тесті арқылы жүргізіледі.
Практикалық жұмыс: 4 слайд құру
1-қадам: әр слайдқа әр түрлі фон орнату
- 1-слайд: градиент
- 2-слайд: текстура
- 3-слайд: өрнек (узор)
- 4-слайд: сурет (рисунок)
2-қадам: әр слайдқа әр түрлі объектілер енгізу
- 1-слайд: WordArt арқылы мәтін және сурет енгізу
- 2-слайд: фигуралар арқылы схема сызу
- 3-слайд: 3 баған, 3 жол кесте құрып, оны толтыру
- 4-слайд: диаграмма енгізу (сынып үлгерімі бойынша)
Кестені толтыру үлгісі (3-слайд)
Оқушының аты-жөні Туған жылы Сыныбы ... ... ... ... ... ... Кестені өз сыныбыңыздың мәліметтерімен толықтырыңыз.
Білім тесті
1. PowerPoint бағдарламасының негізгі қызметі:
- а) Электрондық кесте құру
- в) Құжаттарды безендіру
- с) Электрондық презентациялар құру
- д) Мәліметтер базасын құру
- е) Арифметикалық амалдарды есептеу
2. Ағымдағы презентация дизайнын өзгерту батырмасы қай топта орналасқан?
- а) Сервис
- в) Стандартты
- с) Суреттер
- д) Формат
- е) Слайдтарды көрсету
3. Слайдтарды көрсету ретін қалай орналастыруға болады?
- а) Өзгертуге болмайды
- в) Слайдтарды көрсету → Еркін көрсетілім
- с) Файл → Сақтау
- д) Файл → Баспаға беру
- е) Файл → Алдын ала көру
4. Презентацияны көрсетуді қай перне арқылы іске қосуға болады?
- а) F5
- в) F6
- с) F8
- д) F9
- е) F12
5. Дизайн шаблондары көмегімен презентацияны қалай құруға болады?
- а) Файл → Құру → Жаңа презентация
- в) Файл → Құру → Безендіру шаблонынан
- с) Файл → Құру → Мазмұн шеберінен
- д) Файл → Құру → Бар презентациядан
- е) Файл → Құру → Фотоальбом
6. Бос презентация қандай команда арқылы құрылады?
- а) Файл → Құру → Жаңа презентация
- в) Файл → Құру → Безендіру шаблонынан
- с) Файл → Құру → Мазмұн шеберінен
- д) Файл → Құру → Бар презентациядан
- е) Файл → Құру → Фотоальбом
7. Анимация эффектісін қосу қандай командалар арқылы орындалады?
- а) Слайдтар көрсетілімі → Еркін көрсетілім
- в) Слайдтар көрсетілімі → Анимациялар эффектісі
- с) Слайдтар көрсетілімі → Презентацияны баптау
- д) Слайдтар көрсетілімі → Анимациялар эффектісі → Слайдтардың ауысуы
- е) Слайдтар көрсетілімі → Слайдтардың ауысуы
8. Слайдты безендіру элементтерін атаңыз (дұрыс емес жауабын көрсетіңіз):
- а) Безендіру шаблоны
- в) Түрлі-түсті схема
- с) Анимациялар эффектісі
- д) Объектілер түсі
9. Жаңа слайдты қандай команда арқылы құруға болады?
- а) Түзету → Слайд құру
- в) Файл → Құру → Слайд
- с) Формат → Құру
- д) Түр → Слайд құру
- е) Кірістіру → Слайд құру
10. Бір слайдтан екіншісіне ауысудың қандай түрлерін таңдауға болады?
- а) Жай, орташа, жылдам
- в) Автоматты
- с) Тышқан шертуімен
- д) Дыбыстық сүйемелдеу, кідіріссіз
- е) Барлық жауабы дұрыс
-
V
Үйге тапсырма
«Менің мектебім» және «Менің отбасым» тақырыптарының біріне презентация құрыңыз.
-
VI
Бағалау
Оқушылардың жұмысы орындау дәлдігі, дизайн талаптарын сақтау, тапсырмаларды толық аяқтау және белсенділік критерийлері бойынша бағаланады.