Жақсы көңіл бөлем
Қалалық семинарда өткізілетін тренинг жоспары
Тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй — жан азығы»
Мақсаты: мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйін көтеру, шығармашылық қабілетін бағалай білуге ықпал ету, өзіне құрметпен қарауға бағыттау және ұжымда сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер! Бүгін сіздерді психологиялық көңіл-күйді көтеруге, бойымыздағы шығармашылық әлеуетті бағалауға, өз-өзімізге құрметпен қарап, бір-бірімізбен сыйластықта болуға арналған әуен терапиясы сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1) Аутотренинг
Дүниеде мұғалім мамандығынан құрметті мамандық жоқ. Бұл — қиын әрі күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді және соған қатысты ғылым саласын терең меңгеріп, сол білімін оқушыға сауатты әрі түсінікті жеткізе білуімен ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық деңгейі күн сайын артып келе жатқандықтан, мектептегі жұмыс та барған сайын күрделенуде. Қазіргі заман талабына сай жан-жақты, білімді, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, мінез-құлқы бай мұғалім әрдайым жоғары бағаланады.
2) Жаттығулар
1-жаттығу: «Жылылық сыйлау»
Мақсаты: әрбір қатысушының топ мүшесі екенін сезінуі және бір-біріне жылылық сыйлауы.
- Көршіңді оң жақтан құшақта.
- Көршіңді сол жақтан құшақта.
- Оң жақтағы көршіңе жымиып қара.
- Сол жақтағы көршіңе жымиып қара.
Бүгінгі тренинг барысында біз — үлкен отбасы.
2-жаттығу: «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылықты, сенімділік деңгейін және еркіндікті дамыту.
Қатысушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолынан ұстап, төмендегі сұрақтарға жауап алады:
- Есіміңіз кім? Өзіңізді таныстырып өтіңіз.
- Сізге не ұнайды?
3) Тест: «Ашуыңызды ірке (бақылай) білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұраққа ұсынылған 3 жауаптың біреуін таңдаңыз. Мұғалімдердің мінезі мен шыдамдылығы әртүрлі болады.
Бағалау: 1-нұсқа — 1 ұпай, 2-нұсқа — 2 ұпай, 3-нұсқа — 3 ұпай.
-
1. Егер басшымен ұрысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
- 1) Әрқашан
- 2) Анда-санда
- 3) Ешқашан
-
2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
- 1) Ішімнен ашуланамын
- 2) Өз-өзімді ұстаймын
- 3) Өз-өзімді ұстай алмаймын
-
3. Әріптестеріңіз сізді қандай адам деп санайды?
- 1) Өзімшіл әрі қызғаншақ
- 2) Мейірімді
- 3) Салмақты және өзіне сенімді
-
4. Егер сізге жауапты жұмыс берілсе, не деп жауап бересіз?
- 1) Сенімсіздікпен келісемін
- 2) Ойланбай келісемін
- 3) Тыныштығым үшін келіспеймін
-
5. Рұқсатыңызсыз үстеліңізден қағаз алса, қалай әрекет етесіз?
- 1) Қатты ұрсамын
- 2) Орнына қойғызамын
- 3) «Тағы не керек?» деп сұраймын
-
6. Жұбайыңыз жұмыстан кешігіп келсе, қалай қарсы аласыз?
- 1) «Неге кешіктің?»
- 2) «Кеше қайда қаңғыдың?»
- 3) «Уайымдап қалдым»
-
7. Өзіңізді көлік тізгінінде қалай ұстайсыз?
- 1) Алдыңғы көлікті қуып жетуге тырысамын
- 2) Маған бәрібір, қанша көлік озса да
- 3) Жылдамдықты қатты арттырамын
-
8. Өмірге қалай қарайсыз?
- 1) Орташа
- 2) Жеңіл
- 3) Қатты
-
9. Жолыңыз болмай қалса, не істейсіз?
- 1) Кінәні басқа біреуден көремін
- 2) Көнемін
- 3) Келесі жолы абай боламын
-
10. Жастардың бос уақытын дұрыс өткізбеуіне қалай қарайсыз?
- 1) Оларға тыйым салу керек
- 2) Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру керек (мәдени демалыс)
- 3) «Солармен неге әуреленеміз?» деймін
-
11. Егер сіздің орныңызға басқа біреуді қойса, не істейсіз?
- 1) «Босқа жүйкемді тоздырмаймын» деймін
- 2) «Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады» деймін
- 3) «Келесі жолы менің жолым болады» деймін
-
12. Қорқынышты фильмді қалай көресіз?
- 1) Қорқамын
- 2) Жалығамын
- 3) Қызығып көремін
-
13. Жол кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
- 1) Жиналыста мазасызданып кетемін
- 2) Тіл табысуға тырысамын
- 3) Өкінемін
-
14. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
- 1) Жеңуге тырысамын
- 2) Өзімді жас сезінемін
- 3) Жеңілсем, ашуланамын
-
15. Мейрамханада дұрыс қызмет көрсетілмесе:
- 1) Айғай-шу болмас үшін үндемеймін
- 2) Қызметкерді шақырып, ескерту жасаймын
- 3) Арыз кітабын сұрап, директорға барамын
-
16. Балаңызды мектепте ренжітсе:
- 1) Мұғаліммен сөйлесемін
- 2) Ренжіткен баланың ата-анасына ұрысамын
- 3) «Өзің ақылмен шеш» деймін
-
17. Өзіңізді қандай адам деп санайсыз?
- 1) Орташа
- 2) Өз-өзіме сенімді
- 3) Өткір мінезді
-
18. Мектеп есігінің алдында әріптеспен соқтығысып қалдыңыз. Ол кешірім сұраса, не дейсіз?
- 1) «Оқасы жоқ»
- 2) «Көзіңе қарамайсың ба?»
- 3) «Кешіріңіз, мен кінәлімін»
-
19. Жастар арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
- 1) «Қашан тыйым салынады?» деймін
- 2) Қатаң жаза қолдану керек деп ойлаймын
- 3) Тек жастарды ғана кінәламау керек: тәрбиешілер де жауапты
-
20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды таңдар едіңіз?
- 1) Жолбарыс
- 2) Үй мысығы
- 3) Аю
Нәтижені түсіндіру
36–44 ұпай: өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білетін, агрессия деңгейі орташа адам.
45 ұпайдан жоғары: өте ашушаң, өзгелерге қаталдау қарайтын, өзін ұстай алмай қалуы мүмкін адам. Жеңіске жету мен биікке көтерілу үшін кейде отбасын немесе ұжымдағы қарым-қатынасты құрбан ету қаупі бар.
35 ұпайдан төмен: өте мейірімді, алайда өзіне толық сенімі жетіспеуі мүмкін. Өмірде сәл батылдық пен сенімділік қажет.
Ұпайларды есептеп, қорытынды жасаңыз.
4) Жаттығу: «Ашулы шарлар»
Шарты: 8–10 қатысушы ортаға шығады. Әрқайсысы бір шарды үрлеп, байлап қояды.
Қатысушыларға түсіндіріледі: шар — адамның денесі, ал ішіндегі ауа — адамның сезімі.
Содан кейін қатысушылар шарды аяқтарымен жарып жібереді.
Талқылау сұрақтары
- Шарды жарғанда қандай күйде болдыңыз?
- Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма?
- Ондай ашудан кейін қандай сезім қалды?
Қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Мұндай әрекет қауіпті болуы мүмкін.
Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, бірақ байламай, қолымен ұстап тұрады. Бұл — ашуға толған күй. Енді ауаның жартысын жайлап шығарамыз: шар кішірейеді, бірақ жарылмайды.
Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зиян келтірмейді.
Соңында шардағы ауаны толық шығарамыз. Бұл — ашудың қауіпсіз жолын табу әр адамның өз қолында екенін тұжырымдау.
5) Жаттығу: «Көңіліңді көтере біл»
Ойыншыларға орындықта отырып билеу ұсынылады:
- А) тек аяқпен
- Ә) тек қолмен
- Б) тек баспен
- В) тек кеудемен
Қорытынды
«Бақыт деген не?» деген сұраққа «Бақыт — таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауапты естіген шығарсыз.
Шынында да, сүйікті жұмысымызға және әріптестерімізге ақ көңілмен асығып бару, ал жұмыстан кейін үйдің жылуына жетуге ұмтылу — көңілдің тыныштығы мен өмірдің үйлесімін білдірмей ме?
Тренингке қатысқандарыңызға рақмет! Сау болыңыздар!