Төл сөз бен төлеу сөзді бөліп жаз
Сабақтағы ой қозғау
Тақтада Қазыбек бидің мына сөзі жазылды:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Еліміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз».
— Қазыбек би
Мұғалім бұл ойды тарқатып, ата-бабамыз қанымен қорғаған жер мен тәуелсіздікті мақтан ете отырып, білімді болу керектігін атап өтті.
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу
Кімнің сөзі?
Қазыбек бидің сөзі.
Оның сөзін жеткізуші кім?
Мұғалім.
Осы ойды өз сөздеріңмен қалай жеткізер едіңдер?
Мұғалім Қазыбек бидің сөзі арқылы қазақ халқының көшпелі болғанын, сонымен бірге батыл, батыр халық екенін жеткізді. Сондай-ақ тәуелсіз елдің ұрпақтары білім алып, оқуға ұмтылуы керектігін айтты.
Осылайша бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталды: біреудің сөзі, өз сөзің және жеткізушінің сөзі. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде төл сөз бен төлеу сөз ретінде қарастырылады.
Топтық жұмыс
I топ
Оқулықты ашып, төл сөз тақырыбы бойынша презентация дайындау.
II топ
Төлеу сөз тақырыбы бойынша презентация дайындау.
Электронды оқулықпен жұмыс
-
1
Тапсырма
Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдыр.
-
2
Тапсырма
Төл сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қой.
Оқулықпен жұмыс
156-жаттығу
Төл сөз бен төлеу сөзді бөліп жаз.
Шығармашылық кезең
Негізгі тапсырма
Берілген мақал-мәтелдерді төл сөз түрінде қолданып, диалог құрастыр.
Мақал-мәтелдер
- Көрген жерде ауыл бар.
- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.
- Әдепті болса баласы, алпыстағы шал сәлем береді.
- Келгенше қонақ ұялады.
- Жат асына қарайды, дос басына қарайды.
- Қонағын сыйласа, төрге бастар.
- Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше.
- Мыңның түсін танығанша, бірдің атын біл.
- Ас — адамның арқауы.
- Досыңның асын қасыңдай іш.
- Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам.
- Көңілмен берсе, қара су да балдай.
- Өнерлі өрге жүзер.
II топқа қосымша жұмыс
«Ескеріп жүрер есті сөз» бөліміндегі сәйкестіктердің жалғасын тап.
Даналар: «Ақыл, тіл — тереңдік: болу керек», — деген. Есті сөзді ескеріп жүрсеңдер, кемел адам болатыныңа сенемін.
Қорытынды
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Оқушылар өз ой-пікірін айтып, төл сөз бен төлеу сөзді қолдану арқылы сөйлеуді сауатты құрастыруға дағдыланады.
Үй тапсырмасы
157-жаттығу.