Рақмет әже

Сабақтың тақырыбы

Ю әрпі мен дыбысы.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға Ю әрпі мен дыбысы туралы жалпы ұғым беру; Ю дыбысы бар сөздерді айтқызып, жазуға үйрету; буынға бөлу және дыбыстық талдау жасату; геометриялық фигуралармен таныстыру.
  • Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Өнерді қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, жол ережесін сақтауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Ю әрпінің баспа түрі, ауыл көрінісі, суреттер, геометриялық фигуралар.

Әдісі

Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, талдау, көрнекілік, ойын, әңгімелесу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақты меңгеру.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, дүниетану, математика.

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарын түгендеу.
2

Өтілген тақырыпты бекіту

Өлең

Менің әжем — гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Атам үшін күн әжем,

Нағыз ана тілді әжем.

Сұрақтар: — Өлеңде кім туралы айтылған? — Әже деген кім? — Сендердің әжелерің бар ма? — Әжелеріңе қолғабыс етесіңдер ме?

Бүгін біз сабақта Ақ әжемнің ауылына қыдырып барамыз.

Құрастыру тапсырмасы

Геометриялық фигуралардан қандай көлік түрін құрастырамыз?

Автобус

Төртбұрыш Дөңгелек Шаршы

Қайталау

Жол бойы жаңылтпаш, мақал-мәтел, өлең айтып, үй тапсырмасын қайталаймыз.

Сұрақтар:

— Я дыбысы қандай дыбыс?

— Я әрпі бар сөздер айтыңдар.

Қоян туралы өлең айту.

3

Сергіту сәті

Өлең

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Тапсырма: қоянды сипаттау. Оқушылар қоян туралы білгендерін ортаға салады.

Енді әжеміздің ауылына да жеттік. Ауыл көрінісіне назар аударайық: табиғаты қандай тамаша!

Сұрақ:

— Үлкендерді көргенде не істейміз?

Жауап: сәлем береміз.

Сұрақ:

— Ауылда қандай үйлер бар?

Жауап: киіз үйлер.

— Сәлеметсіз бе, әже! Біз сізге қонаққа келдік.

Әженің сыйлығы: сандықша мен сырмақ

Әже балаларға сандықша мен сырмақ әкеледі. «Әуенді сандықты» ашып, ішінде не барын қараймыз.

Бағалау белгілері

  • Сары ою — «5»
  • Жасыл ою — «4»
  • Қызыл ою — «3»

Сырмақ деген не?

Сырмақ — киізден жасалып, өрнектелген қазақтың төсеніш бұйымы. Көбіне үйдің еденін немесе қабырғасын сәндеу үшін қолданылады.

Ою-өрнек туралы әңгіме

— Сырмақтың ортасынан, шетінен нені көріп тұрмыз?

Жауап: ою.

— Ою бізге не үшін қажет?

Жауап: әсемдік үшін; әр халықтың ұлттық оюы болады, сол арқылы қай халыққа тән екенін танимыз.

— Оюды қайдан көрдіңдер?

Жауап: кілемнен, қоржыннан, киімнен, ыдыстан.

Ендеше бәріміз «ою» деп айтайық. Бұл сөзде қай әріп, қай дыбыс бізге таныс емес?

Жауап: Юю әрпі мен дыбысы.

4

Жаңа сабақ: Юю әрпі мен дыбысы

Хормен айту

«Ю-ю-ю» деп айтамыз.

Ю дыбысын айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай, созылып, әндетіп естіледі. Мұндай дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.

Ю дыбысы — й және у дыбыстарының қосарлана естілуі арқылы айтылатын еріндік, қосарлы дауысты. Жазуда бір әріппен беріледі, көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. Өз алдына буын құрай алады.

Тақпақ

Білсең де й мен у-ды,

Жаза алмас едің аюды,

Ою, тою, қоюды.

Тақтамен жұмыс

Сөздерді оқу, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау; мағынасын ашу және сөйлем құрастыру.

а-ю о-ю қо-ю құ-ю тү-ю то-ю кү-ю

Оқулықпен жұмыс

  • Сөздерді тізбектей оқу.
  • «Ою» мәтінін мәнерлеп оқу және мазмұнын түсіндіру.
  • «Жақсы көрем» өлеңін үш рет айтқызып, жаттату.
5

Дәптермен жұмыс

Саусақпен ауаға жазу.

Ұстап әкеп шеңберді,

Байлап қойдым бағанға.

(I - O)

Тақтаға жазып көрсету.

Енді осы әріптің жазу үлгісін дәптерімізге жазамыз.

6

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Енді ауылға қайтатын уақыт келді. Бүгін әжемізге келіп, Ю әрпімен таныстық, сыйлықтар алдық.

Әжемізге алғыс айтамыз.

7

Сабақты қорытындылау

«Жаңа сөз ойла» ойыны ойналады: Ю әрпі бар сөздерді кім көп ойлап тапса, сол жеңімпаз атанады.

8

Үй жұмысы

  • Бағандағы сөздерді оқу.
  • «Ою» мәтінін мазмұндау.
  • Дәптерге Ю әрпін жазу.
9

Бағалау

Оқушылардың жұмысы бағаланады, белсенді оқушылар мадақталады.