Бала Абай оқып, түсіндіру
Мұхтар Әуезов. «Бала Абай»
Бұл сабақ жоспары оқушыларды Абайдың балалық шағымен таныстырып, тілдік дағдыларын дамытуға және білім мен ғылымды сүюге тәрбиелеуге бағытталған.
Мақсаты
- Білімділік: Абайдың балалық шағы туралы мағлұмат беру.
- Дамытушылық: Тілді, сөздік қорды дамыту.
- Тәрбиелік: Зеректікке, білім мен ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Әдістер
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Көрнекіліктер
- Ауыл көріністерін бейнелейтін сюжетті суреттер
- Ребус
- «Пікірлер ағашы»
- М. Әуезов пен А. Құнанбаевтың суреттері
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Сабақтың алғашқы кезеңі оқушыларды жаңа тақырыпқа бағыттап, көңіл күйін реттеуге және алдыңғы білімін еске түсіруге арналған.
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.
3) Үй тапсырмасын сұрау
«Алғашқы қоңырау» мәтінін тізбектей оқыту.
4) Білімдерін тексеру
Қазақ даласында алғаш қоңырау соғып, мектеп ашқан кім?
Ы. Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?
5) «Сөзжұмбақ шешіп көр»
- Оқығанды көңілге ..... тоқылық.
- Кел, ....., оқылық.
- ......, балалар.
- Шамнан ........ жағылыр.
- ...... көйлек үстіңде.
- Қартайғанда мал ......
II. Мағынаны тану
Бұл бөлімде оқушылар жаңа ақпаратты меңгеріп, мәтінмен жұмыс жасау арқылы негізгі ойды анықтайды.
1) Ребус шешу
Ребустың шешуі: Абай.
2) «Ой шақыру»
- Абай туралы білетіндерін «Пікірлер ағашына» жазу.
- Абай туралы роман жазған жазушыны анықтау.
3) «Топтастыру» (кіріспе әңгіме)
Автор туралы
Мұхтар Әуезов — жазушы, ғалым, академик, профессор. Семей облысында туған. «Абай жолы» романын жазған.
Абай туралы
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845–1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің және қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.
Абай шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық және моральдық мәселелері кең қамтылады. Ол Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін терең меңгерген. «Қара сөздері» тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен және саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
4) «Бала Абай» мәтінімен жұмыс
- Мәтінді оқып, түсіндіру.
- Мәтінді іштей оқу және тізбектей оқыту.
- «Түртіп алу» стратегиясы арқылы маңызды тұстарды белгілеу.
5) «Еркін жазу» тапсырмасы
Абайдың әжесі мен анасы кім?
Қонақтар кімдер?
Олар нені жырлады?
Бала Абай нені жақсы көреді?
6) Суретпен жұмыс
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Олар отырған үйді сипаттап беріңдер.
- Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында болған оқиғаны әңгімелеңдер.
III. Ой толғаныс
Қорытынды кезеңде оқушылар жаңа білімді бекітіп, өз ойларын жүйелейді.
Сұрақ–жауап
- Абай туралы білгендеріне сүйеніп, «Пікірлер ағашын» толықтыру.
- Абай туралы қосымша деректермен бөлісу.
- Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Үй тапсырмасы
М. Әуезовтің «Бала Абай» шығармасын оқу, мазмұндау.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, мәтінмен жұмысы және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.