Ауа тамырлы өсімдіктерді ата
Сабақтың тақырыбы
Тамырдың түрөзгерістері
Сабақтың мақсаты
Өсімдік тамырларының маңызы, атқаратын қызметі және түрөзгерістері туралы оқушыларға жүйелі мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жан-жақты ізденеді, жауапкершілікті сезінеді, шығармашылық қабілеті артады.
- Тамырдың түрөзгерістері туралы түсінік қалыптастырады.
- Теориялық білімін күнделікті өмірмен байланыстырып қолдана алады.
Міндеттері
- Оқушыларды жауапкершілікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
- Тамырдың түрөзгерістерімен таныстыру.
- Өсімдік тамырларының маңызын талдау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері
Сыни тұрғыдан ойлау, бағалау, сұрақ-жауап, INSERT, диалог, АКТ, рефлексия.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, стикерлер, таратпа материалдар, плакаттар, қайшы, түрлі-түсті маркерлер, бағалау парақшалары, түрлі-түсті қағаз, клей.
Сабақ жоспары
I. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 2 минут.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Неліктен тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі деп айтылады?
- Тамырдың қызметтерін атаңдар.
- Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
- «Тамыр жүйесі» ұғымын қалай түсінесіңдер? Анықтамасын айтыңдар.
- Тамыр бөлімдерін ретімен атаңдар.
- Тамыр оймақшасының қызметі қандай?
- Тамырдың ұшынан өсетінін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер.
Қосымша тапсырма
Биологиялық диктант.
III. Жаңа сабақ: Тамырдың түрөзгерістері
Тамырдың түрөзгерістері – өсімдіктің тіршілігіне бейімделуі нәтижесінде тамырдың пішіні мен қызметінің өзгеруі. Төменде ең жиі кездесетін түрлері мен атқаратын қызметі берілген.
Жемтамырлар
Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктің негізгі тамырының жасушаларында қор ретінде жиналып, тамыр жуандайды да, сыртқы пішіні өзгереді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер көп болғандықтан, күнделікті тағамға кең қолданылады. Көбіне екіжылдық өсімдіктерде кездеседі (редискадан басқа).
Асханалық
Қызылша, шомыр, шалғам, тарна.
Техникалық
Қант қызылшасы, ақжелкен, балдыркөк.
Тіреу тамырлар
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда кездесетін қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар көбейіп, ұзарып, топыраққа жетеді және жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа таралады. Мұндай ағаштардың діңі салыстырмалы түрде жіңішке, ал сұлбасы үлкен болады; үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырлардың арқасында берік ұсталып тұрады.
Емізік (сорғыш) тамырлар
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге тән тамырлар. Пішіні мен түсі жағынан әдеттегі тамырларға ұқсамауы мүмкін. Олар басқа өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқанда пайда болады: алдымен сабақтың өңінде өсінді түрінде қалыптасып, кейін иесі өсімдіктің қабығына еніп, дайын қоректік заттарды сорып алады.
Түйнекті тамырлар
Тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнекті тамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп жуандайды да, топтанып тұрады. Түйнекті тамырлар өсімдіктің қыстап шығуына және жыныссыз көбеюіне қажет.
Ауа тамырлар
Сабақтан дамиды. Оттегі аз батпақты, сазды жерлерде өсетін өсімдіктерде ауа тамырларының ұштары батпақтан жоғары шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өсетін сүйсіндерде (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығымен аққан және жаңбыр суын сіңіреді. Жапырағы болмайтын түрлерінде фотосинтез қызметін де атқара алады.
Топқа бөлу
Әр топта 4–5 оқушыдан, барлығы 4 топ.
I топ
Кесте жасау, постер.
II топ
Ауа тамыр, түйнекті тамыр, жемтамыр.
III топ
Тамырдың пайдасы, тамыр туралы қызықты ақпарат және түрөзгерістер туралы ойларыңды жазу.
IV топ
Тіреу тамыр және емізік тамыр.
Қызығушылықты ояту
Тақырып бойынша бейнеролик көрсетіледі. Оқушылар видеодан негізгі ақпаратты анықтап, талқылайды (АКТ).
Топтық жұмыс: №8 зертханалық жұмыс
- Жемтамырлы өсімдіктерді атаңдар.
- Емізік тамырлы өсімдіктердің ерекшелігі қандай?
- Тіреу тамырлы өсімдіктер қайда кездеседі?
- Ауа тамырлы өсімдіктерді атаңдар.
- Түйнекті тамырлы өсімдіктердің маңызы қандай?
- Түрөзгерістер деген не?
Тірек сөздер
| Қазақша | Орысша | Ағылшынша |
|---|---|---|
| Тамыр | Корень | Root |
| Ауа тамыр | Воздушные корни | Aerial roots |
| Түйнекті тамыр | Корневые клубни | Root tubers |
| Жемтамыр | Корнеплоды | Storage roots |
| Тіреу тамыр | Ходульные корни | Stilt roots |
| Емізік тамыр | Корни-присоски | Sucker roots |
Қорытынды
Тамыр туралы аңыз әңгіме оқылады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сабақтан алған негізгі тұжырымдарын айтады.
Үй тапсырмасы
«Тамырдың түрөзгерістері» тақырыбын оқып келу. Күнделікті өмірден мысалдар келтіру.
Рефлексия және бағалау
Оқушылар рефлексия жасайды. Бағалау парақтары жиналып, қорытынды баға шығарылады.