Тұңғыш ракетаның сәтті ұшырылуы
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың ғарыш туралы алған білімдерін бекіту және коммуникативтік біліктілігін арттыру арқылы қазақ тілін сөз мәдениеті талаптарына сай дұрыс қолдана білуіне ықпал ету.
- Туған жер туралы ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту; жазба тілін жетілдіру және сауаттылыққа дағдыландыру.
- Туған жерді сүйе білуге, байлығын қорғауға, болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Слайд-презентация, мәтін
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы
Әдістері
Түсініп оқу, сұрақ-жауап, толықтыру, талдау, баяндау, АКТ
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Сабақтың мақсаты мен міндетін түсіндіру
- 3 Мазмұндама: «Ғарыш айлағы»
Тірек сөздер мен сөз тіркестері
- негізі қаланған
- основан
- қашық болуы
- отдаленный
- елді мекен
- населенный пункт
- ұшыру қауіпсіздігі
- безопасность полета
- жасанды серігі
- искусственный спутник
- Камчатка түбегі
- полуостров Камчатка
- иелігіне өтіп
- переданная собственность
- түскен қалдықтар
- останки
Оқылым: «Ғарыш айлағы — Байқоңыр»
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан. Оның негізі 1955 жылы қаланған. Ғарыш айлағын салу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, зымыран ұшыру қауіпсіздігі және қолайлы қону факторлары ескерілді.
Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы Байқоңырдан тұңғыш ғарыш зымыраны сәтті ұшырылып, ол дүние жүзіндегі алғашқы Жердің жасанды серігін орбитаға шығарды.
Байқоңыр — әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны. Осы айлақтан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, сондай-ақ «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері ұшырылды.
Маңызды дерек
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, Ресей Федерациясына жалға берілді.
Экологиялық зардап
Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық салдары бар: Қазақстан жеріне жылына 30–35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірген.
Тыңдалым
Мәтінді түсініп тыңдау.
Мәтін мазмұнына жоспар
- I Ғарыш айлағы және оны салу себептері
- II Тұңғыш зымыранның сәтті ұшырылуы
- III Әлемдегі ең ірі ғылыми ғарыш полигоны
- IV Байқоңырдың экологиялық зардаптары
Жоспар бойынша мәтінді оқу
Оқушылар жоспарға сүйене отырып мәтінді қайта оқиды және негізгі ойды бөліп көрсетеді.
Жазылым
Мәтін бойынша қысқаша мазмұндама жазу, терминдерді дұрыс қолдану және ойды жүйелі жеткізу.
Бекіту кезеңі: тілдесім
Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын бекіту және пікір айту дағдыларын дамыту.
Қорытынды және бағалау
Қорытынды
Байқоңырдың тарихи маңызы мен ғылыми рөлін қорытындылау, экологиялық мәселелерге назар аудару.
Бағалау
Оқылым, тыңдалым, жазылым және тілдесім тапсырмалары бойынша оқу жетістігін бағалау.