Математикалық диктант. Сабақтың мақсаты
Математика • 2-сынып
Сабақ тақырыбы: Тәулік (1 тәулік), ай, апта
Бұл сабақ жоспары уақыт өлшемдерін таныстыруға және оларды күнделікті өмірмен байланыстыра отырып бекітуге арналған.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: уақыттың жаңа өлшем бірліктері — секунд, жыл, ғасырмен таныстыру; уақыт бірліктерінің өзара қатынасы туралы түсінік қалыптастыру.
- Дамытушылық: логикалық ойлауды, есте сақтауды, есептеу дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелік: шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Қосымша мәлімет
- Пәнаралық байланыс
- Күнделікті өмірмен және дүниетанумен байланыс.
- Көрнекілік
- Уақыт бірліктеріне қатысты әртүрлі суреттер.
- Сабақтың типі
- Жаңа сабақ.
- Өту әдісі
- Дәстүрлі.
Сабақ жоспары
- I Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)
- II Өткенді пысықтау
- III Жаңа сабақ
- IV Қорытынды
- V Бағалау
- VI Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық (3 рет қайталау)
Қарлығаш боп ұшайық, қане қанат жазайық.
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
II. Өткенді пысықтау
Математикалық диктант:
-
Тапсырма 1
645 санын 40-қа кеміт.
-
Тапсырма 2
320 санын 40-қа арттыр.
-
Тапсырма 3
582 мен 580 сандарының айырмасын тап.
-
Тапсырма 4
420 санын 80-ге арттыр.
-
Тапсырма 5
982 санын 900-ге кеміт.
-
Тапсырма 6
236 санын 6-ға кеміт.
III. Жаңа сабақ
Талқылау сұрақтары
- Неше жыл мезгілі бар?
- Жазда неше ай бар? Қыста, көктемде, күзде ше?
- Бір айда неше күн бар?
- Сағаттың ең жылдам тілі нені, ал ең баяу тілі нені көрсетеді?
- 1 минут — неше секунд?
Негізгі ұғымдар
- Тәулік
- 1 тәулік = 24 сағат
- Минут
- 1 минут = 60 секунд
- Апта
- 1 апта = 7 күн
- Ай
- 28–31 күн
Оқулықпен жұмыс:
№1
Ауызша орындалады және түсіндіріледі.
№2
Сағатпен жұмыс.
№3
Суретпен жұмыс. Күнтізбе бойынша анықтау.
№4
Кесте бойынша есеп құрастыру.
Үлгі
1 тәулік = 24 сағат, 24 + 5 = 29 сағат
№5
Жауабы
27 + (27 − 7) = 27 + 20 = 47
№6
Өздік жұмыс ретінде беріледі.
IV. Қорытынды
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
V. Бағалау
Оқушылардың жұмысы ауызша жауаптары, тапсырмаларды орындауы және өздік жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.
VI. Үй тапсырмасы
Оқулық
98-бет, №7