Тостағандай көзім
Қасым Жұлдыз Сәлиқызы • Әдіскер • №33 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасы КМҚК
«Дос іздеген бота» әдістемелік әзірлемесі
Бұл ертегінің тәрбиелік мәні ерекше. Достық пен бейбітшілікті ту еткен Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Олардың ортақ арманы — бейбіт, тыныш әрі бақытты өмір.
Осы халық ертегісінің кейіпкерлерін әр түрлі ұлттармен сабақтастыра отырып, барлық халықтың бір отбасыдай бірлікте өмір сүретінін, болашағымыздың тірегі — келісім мен татулық екенін көрсету көзделеді. Бейбітшілік пен өзара құрмет — адамзаттың ең басты құндылықтары.
Мақсаты
- Ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу.
- Рөлге еніп, тапсырманы іскерлікпен және шығармашылықпен орындауға үйрету.
- Көркем сөзді мәнерлеп айтуға бағыттау.
- Жануарларға сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімін қалыптастыру.
- Сахнада өзін еркін ұстауға дағдыландыру.
Аннотациядағы негізгі ой
Достық — ұлтқа емес, жан тазалығы мен адалдыққа байланысты.
Бірлік пен келісім — елдің байлығы.
Болашақтың бағдары — бейбітшілік.
Кейіпкерлер мен орындаушылар
Автор
Қазақ тілі мұғалімі
- ТүйеВика
- БотаРасул
- ЛақЛиза
- ҚозыРината
- КүшікАртур
- МысықСабина
- ӘтешДанил Л.
- БалапанДенис
- БұзауДанил Д.
- АраДанил
Сахналық көрініс
Сахна нұсқауы
Түйе мен бота Қазақстан картасының жанында тұрады.
Автор
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.
Түйе
Түйе, түйе, түйемін,
Жануармын киелі.
Жан-жағыма қараймын,
Күн мен түнді санаймын.
Автор
Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділік пен адалдықты үйретеді. Мөлдір көзді бота ақылды болып өседі. Бір күні анасы оған ақыл айтады.
Түйе
Боташым, сен Қазақстанда тұрасың, ұлтың — қазақ. Қазақстан — біздің Отанымыз. Енді өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.
(Бота басын изейді.)
Автор
Бота ойланып, өзіне ұқсайтын дос іздеп жолға шығады.
Бота
Бота, бота, ботамын,
Бота атты қазақпын.
Ақылдымын өзім,
Тостағандай көзім.
Кездесу 1: Қозы мен лақ
(Қозы мен лақ гүл теріп жүреді. Қолдарында Қырғызстанның туы бар.)
Бота
Мен дос іздеп жүрмін.
Қозы
Мә-ә-ә! Мен қошақан қозымын,
Момақанның өзімін.
Менің ұлтым — қырғыз.
Лақ
Мә-ә-ә! Мен лақпын, қандаймын,
Аппақ болған таңдайым.
Менің де ұлтым — қырғыз.
Кел, бәріміз дос болайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сендер маған ұқсамайсыңдар.
Кездесу 2: Күшік
(Күшіктің қолында Грузияның туы бар.)
Күшік
Гаф-гаф! Мен күшікпін саққұлақ,
Үй күзетем шапқылап.
Дыбыс шықса маңайдан,
Гаф-гаф деймін қаттырақ.
Менің ұлтым — грузин.
Кел, екеуміз дос болайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсамайсың.
Кездесу 3: Мысық
(Мысықтың қолында Өзбекстанның туы бар.)
Мысық
Мяу-мяу! Мен кәдімгі мысықпын,
Өзім тым пысықпын.
Бәрімен дос болып,
Пырылдаған пысықпын.
Пыр-пыр, менің ұлтым — өзбек.
Кел, екеуміз дос болайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсайтын дос емессің.
Кездесу 4: Әтеш
(Әтештің қолында Ресейдің туы бар.)
Әтеш
Ку-ка-ре-ку!
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлаймын таң атпай.
Таңмен ерте тұрамын,
Бәріңді оятамын — ку-ка-ре-ку!
Менің ұлтым — орыс.
Кел, екеуміз дос болайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсайтын дос емессің.
Кездесу 5: Балапан
(Балапан — неміс ұлтының өкілі ретінде беріледі.)
Балапан
Пи-пи-пи! Мен әдемі балапан,
Ұлтым — неміс, біліп қой сен, ботақан.
Достарым көп менің,
Кел, екеуміз дос болайық, жем шоқиық, бір ойнайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсайтын дос емессің.
Кездесу 6: Бұзау
(Бұзау — тәжік ұлтының өкілі ретінде беріледі.)
Бұзау
Әлі-ақ өсіп толамын,
Дәу тайынша боламын.
Сүт емуді қоямын,
Балаусаға тоямын.
Мен бұзауқан боламын.
Ұлтым — тәжік.
Кел, екеуміз дос болайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсайтын дос емессің.
Кездесу 7: Ара
(Ара — украин ұлтының өкілі ретінде. Гүлдерге қонып, ызылдап жүреді.)
Ара
З-з-з! Ұшып келсем қасыңа,
Менен сен шошыма.
Сен тимесең тимеймін,
Қастығым жоқ досыма — з-з-з.
Менің ұлтым — украин.
Кел, екеуміз дос болайық: гүл терейік, бал жинайық!
(Айналып секіреді.)
Бота
Жоқ, сен де маған ұқсайтын дос емессің.
Автор
Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота әрең қашып құтылады.
Автор
Басы салбырап, дос таба алмай, бота өз анасына келеді.
Түйе
Дос таптың ба, ботам?
Бота
Жоқ, анашым. Сенбесеңіз, көктегі күннен сұраңыз. Қырғызды, грузинді, өзбекті, орысты, немісті, тәжікті кездестірдім. Бірақ дәл мен сияқты қазақты таба алмадым.
Түйе
«Өзің сияқты» дегенім — ұлтыңды емес, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек. Ұлт бірлігі — ел байлығы!
Бота
Алақай!
Автор
Бота қуанып, адал достарын — қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, балапанды, бұзауды ертіп келеді.
Барлығы бірге
Бейбітшілік — әніміз,
Тату доспыз бәріміз.
Жарасады сәніміз!
Қазақстан — Отанымыз!
Қорытынды бөлім
Көрнекілік
Тақтаға Қазақстан Республикасының картасы ілінеді.
Автор
Балалар, болашақта Отанымызды қандай ел ретінде көргілерің келеді?
Лиза мен Рината
Отанымыз гүлденсін.
Гүлдің суреті
Данил Л.
Астық мол болсын.
Бидайдың суреті
Вика
Жерімізде бейбітшілік болсын.
Көгершіннің суреті
Денис
Отанымды сүйемін.
Жүректің суреті
Артур
Балалар ауырмасын.
Денсаулық белгісі
Данил Д.
Аспанымыз ашық болсын.
Күннің суреті
Данил
Көк туымыз желбірей берсін.
Тудың суреті
Сабина
Балаларымыздың тілегі қабыл болсын! Құрметті қонақтар, ырымдап балаларымыздың қолындағы бейбіт ұшақтарын көк аспанға ұшыруға рұқсат етіңіздер.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Авторлары
- Сөзі: Х. Талғаров
- Әні: И. Нүсіпбаев
Орындау
(Ән орындалады.)
1-шумақ
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
2-шумақ
Қайраттанып қарышта,
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.