Күншуақ тобының бишілері
Құрметті қонақтар!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қадірлі қонақтар! Бүгін біз үш жыл бойы мәпелеп өсіріп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салуға жиналдық. Күншуақ тобының балабақшамен қоштасуға арналған «Бақытты елдің балғындары» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Талай қызық той өткіздік, бірақ орны бөлекше. Бақшамызбен қоштасатын бүгінгі той — ерекше.
Түлектер шеруі
Ендеше, балабақша түлектерін қол соғып қарсы алып, ортаға шақырайық!
Биші қыздар
Самал, Асель, Айару, Азиза
Еңбекқор қыздар
Айсұлу, Анель
Кербез, ерке қыздар
Әсем, Анелия, Нұрайым
Сүйкімді ұлдар
Нұртай, Айдос, Азиз, Сабыржан
Күміс көмей әнші
Саян
Тәрбиешілер
- Секенева Бақытгүл Ауғанбековна
- Атықанова Арайлым Ермековна
- Тәрбиеші көмекшісі: Наурызбаева Сәуле Блетаевна
Құттықтау жыры
Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа да жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз!
Бәрі бірге: Құтты болсын тойларың!
Бағдарлама
Әнұран
Тақпақтар легі
Нұрайым
Балабақша — бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той — ерекше.
Азиза
Бес жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ән
«Біз мектепке барамыз»
Ғарыштық қонақ: Роботтың тапсырмалары
Ғарыштық әуен естіліп, ортаға ракета қойылады. Саян робот кейпінде шығып, балалар мен қонақтарға сәлем береді. Робот Жерге және Қазақ еліне тап болғанын біліп, бүгінгі мерекеге қонақ болады.
Білімді тексеру тапсырмалары
- Апта күндерін атаңдар.
- Алдарыңдағы үйшік қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды? (есігі, терезесі, төбесі)
- Еліміздің рәміздерін атаңдар.
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- Үш тілде 10-ға дейін санаңдар.
Робот балалардың білімін жоғары бағалап, олардың тек білімді ғана емес, өнерлі екенін атап өтеді. Соңында: «Сабақты тек 4 пен 5-ке оқыңдар!» — деп, өз ғаламшарына қайтады.
Алғыс пен өнер
Айсұлу
Ана тілін ардақтап,
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап,
Оқып, жазып үйрендік.
Әсем
Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Анель
Ән салғызып билетіп,
Үнемі бізбен жүреді.
Тақпақ та үйретіп,
Ойната да біледі.
Тәрбиеші апайға мың алғыс айтамын!
Би нөмірі
Шығыс биі — Хатетулина Анелияның орындауында.
Қонақтар құттықтауы
Күншуақ тобының қуанышты күніне Айгөлек тобының бүлдіршіндері келіп, «Қошақаным» ән шашуын ұсынады. Артынша Ботагөз, Айым, Инабат, Айғаным, Малика тақпақтарын оқиды.
Айгөлек тобы
Домбыра биі — Айгөлек тобының бишілерінің орындауында.
Ән
«Жас дәуірдің түлегіміз»
Көңілді кейіпкер: Жалқаубектің сабағы
Әуен ойнап, Жалқаубек велосипедпен келіп: «Не болып жатыр? Кеттік, далаға ойын ойнайық!» — дейді. Жүргізушілер оның да мектепке баратынын еске салып, балалардың мұнтаздай киініп, ән айтып, би билеп, тақпақ оқуға дайын екенін айтады.
Жалқаубек өз «тақпағын» айтып, оқудан гөрі ойын қызық деп қояды. Бірақ балалардың жауаптары оны ойландырады.
Балалардың жауабы: «Мектепке не үшін барамыз?»
- Оқып, білім алу үшін!
- Еліме еңбек ету үшін!
- Білімді азамат болу үшін!
- Ер жетіп, Отанымды қорғау үшін!
Ойындар
- Үш бала сөмкедегі құралдарын тез жинастырып, мектепке дайындалады (Самал, Саян, Сабыржан).
- «Тез тұратын сандар»: балалар 1-ден 10-ға дейінгі сандар болып билеп, музыка тоқтағанда ретімен тізіледі.
Ойындардан кейін Жалқаубек: «Маған қатты ұнады! Мен де үйге барып, мектепке дайындалайын. Күзде мектепте кездескенше!» — деп қоштасады.
Қойылым
Күншуақ тобының достық туралы қойылымы: «Екі дос» (желісі: «Алғашқы жаңбырға дейін»).
Би, ән және алғыс
Би
Өзбек биі — балабақша бишілерінің орындауында.
Спорттық би
Күншуақ тобының бишілері.
Қонақ әні
Екі баласы да осы балабақшада тәрбиеленген Еңсебаева Гүля апайымыз ән шашуын ұсынады.
— Менің анам алтын!
— Менің де анам алтын!
Екеуі бірге: Аналарды құттықтап, қол соғыңдар, жалпың!
Ән
Күншуақ тобының түлегі Базиолданов Саянның орындауында — «Менің анам алтын».
Ұлдардың тілегі
Сабыржан
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Алыс емес арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Нұртай
Мен де кітап аламын,
Мен де оқуға барамын.
«Жаман бала» дегізбей,
Жақсы оқитын боламын.
Би
«Айгөлек» — Күншуақ тобының бишілерінің орындауында.
Бейбітшілік әні
Жеңіс бейбіт таңдарда да келеді,
Күн нұрымен отбасына енеді.
Ынтымағы жарасқандар әр істің
Бір жеңісі боларына сенеді.
Сондықтан да соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі —
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар!
Ән
«Әрқашан күн сөнбесін» (бәрі шармен шығады)
Қорытынды бөлім
Құттықтау сөзі
Сөз кезегі балабақша меңгерушісі Тіленбаева Бақытгүл Көбенқызына беріледі.
Қоштасу вальсі
Балабақша — бесігім, тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, өзіңмен қоштасайық.
Демеңіз, біз өнерді аяп қалдық,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен концертіміз аяқталды!