Сен не істедің
Сабақ тақырыбы: «Сен не істедің?» (3-сынып)
Сабақ мақсаттары
- Күн тәртібі және күнделікті әрекеттер туралы мағлұмат беруге дағдылану.
- Қажетті ақпаратты сұрап алуға және сұхбат барысында түсінгенін нақтылауға үйрену.
Бағалау критерийлері
Тілдік жағдаятқа қатысу
Белгілі тақырып аясында сөйлесімге қатысады, сұхбатты түсінеді және өз ойын толықтырып жеткізеді.
Сұрақ қою және жауап беру
Мәтін мазмұны мен кейіпкерлердің іс-әрекеті бойынша анықтаушы сұрақтарды (қандай? нешеде? қайда?) қоя алады және жауап береді.
Сабақтың кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
- Сәлемдесу.
- Топқа бөлу (кәмпиттер үлестіру арқылы).
Үй тапсырмасын тексеру
Жазба дәптерлерін кеңесшілер тексеріп, нәтижесі бойынша қысқаша есеп береді.
II. Басы: кітаппен жұмыс
1-тапсырма
Сен күзгі демалысыңда не істедің?
Оқушылар өткен шақ формасын қолданып, өз әрекеттерін қысқаша айтады.
III. Ортасы: сұрақ қою және жауап беру
2-тапсырма
Берілген мәтін бойынша сұрақты дұрыс қойып, жауап беру.
Назар аудару
Сұрақтар уақыт, орын және әрекет туралы ақпаратты нақтылауға бағытталады.
Үлгі сұрақтар
- Сен кеше сағат 2-де не істедің?
- Сен жұма күні не істедің?
- Сен жексенбіде не істедің?
- Сен бүгін мектепке сағат нешеде келдің?
- Сен қай қабатта оқисың?
- Сен қай ауысымда оқисың?
IV. Қолдану
«Қай топ жылдам?»
Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырманы орындауға 6 минут беріледі.
Жылдам жауап берген топқа қосымша ұпай беріледі.
V. Жинақтау
Кластер құру
Оқушылар күн тәртібі мен өткен шақтағы әрекеттерді топтастырып, негізгі ойларды кластер түрінде ұсынады.
Мұғалім туралы
Мұғалімнің аты-жөні: Орынбаева А. А.