Алманы жеу алгоритмі
Алгоритмдер және оны орындаушылар
Бұл сабақта біз күнделікті әрекеттерді ретімен орындаудың маңызын қарастырамыз. Реттелген қадамдар тізбегі алгоритм деп аталады.
Көңіл күйді көтеру: Мейірімді жүрекпен, ақпейілді тілекпен амандасайық, бір жадырап қалайық!
Топқа бөліну
- Алфавиттің алғашқы 5 әрпі — I топ.
- Келесі 5 әріп — II топ.
- Келесі 5 әріп — III топ.
Топ ережелері
- 1 Бір-бірімізді тыңдаймыз.
- 2 Уақытты үнемдейміз.
- 3 Топ мүшелерінің пікірімен санасамыз.
Алгоритм деген не?
Берілген іс-әрекеттің реттелген жолын алгоритм деп атаймыз. Қазіргі кезде алгоритм ұғымы тек математикалық есепті шешу әдісімен шектелмейді — оның мағынасы әлдеқайда кең. Әрбір компьютер алдын ала берілген алгоритммен, яғни жоспар бойынша жұмыс істейді.
Мысал: ыдыс жуу алгоритмі
- 1 Раковинаға ыдыстарды жинап саламыз.
- 2 Краннан суды ағызамыз.
- 3 Ыдысты жуамыз.
- 4 Кранды жабамыз.
- 5 Қолымызды сүрткішпен сүртеміз.
Мысал: сабаққа бару алгоритмі
- Оянамыз.
- Жуынамыз.
- Жаттығу жасаймыз.
- Ас ішеміз.
- Киінеміз.
- Сабаққа барамыз.
Жаттығулар: алгоритм құрастыру
Дымбілместі үйретейік: допты бояу алгоритмі
Түстерді ретімен қолданып, бір әрекетті бір қадамға бөліп жазайық.
- 1 Сары түсті қылқаламды алып, допты сары түспен бояймыз.
- 2 Жасыл түсті қылқаламды алып, допты жасыл түспен бояймыз.
- 3 Көк түсті қылқаламды алып, допты көк түспен бояймыз.
- 4 Қызыл түсті қылқаламды алып, допты қызыл түспен бояймыз.
«Іс-әрекетті орында» ойыны: конфет жеу алгоритмі
- 1 Конфетті аламыз.
- 2 Конфетті ашамыз.
- 3 Конфетті жейміз.
- 4 Қағазын қоқысқа тастаймыз.
- 5 Бітті.
Тапсырма: Дымбілмеске алманы қалай жеуді үйрет
Алманы жеу үшін қандай қадамдар қажет? Алгоритм құрастырайық.
- 1 Алманы аламыз.
- 2 Алманы жуамыз.
- 3 Алманы жейміз.
- 4 Қалғанын қоқысқа саламыз.
- 5 Бітті.
Тапсырма: Буратиноға алтын теңгелерді жасыруға көмектес
«Ғажайып алаңға» алтын теңгелерді жасыру үшін әрекеттерді ретімен жазайық.
- 1 Шұңқыр қазамыз.
- 2 Шұңқырға теңгелерді саламыз.
- 3 Шұңқырды топырақпен көмеміз.
- 4 Су құямыз.
- 5 «Крекс, фекс, пекс» деген сиқырлы сөзді айтамыз.
- 6 Бітті.
Ойланайық
«Дөңгелектерден пирамиданы қалай құрастырамыз?» деген сұраққа алгоритм жасап көр. Әр қадам нақты, қысқа және ретімен жазылсын.
Кеңес: алгоритмде қадамдар түсінікті болуы керек, ал реті өзгерсе — нәтиже де өзгеруі мүмкін.