Қолды айналдыру

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың тақырыбы

Эстафеталық жарыс

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды салауатты өмір салтына үйрету.
  • Дамытушылық: ерік-жігер қасиеттерін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: оқушыларды ептілікке, икемділікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар

Ысқырық Секундомер Доп Фишка Скакалка Обруч Теннис ракеткасы

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Көрсету

1) Дайындық бөлімі

Ұзақтығы: 10–12 минут

Ұйымдастыру

  • Сапқа тұрғызу, оқушылардың мәліметін қабылдау.
  • Сәлемдесу, сабақтың мақсатын түсіндіру.
  • Саптағы бұйрықтар: «Солға!», «Оңға!», «Кері айнал!»

Жүру барысында орындалатын жаттығулар

  1. Екі қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру.
  2. Қол белде, өкшемен жүру.
  3. Қол белде, жартылай отырып жүру.
  4. Қол тізеде, отырып жүру және секіру.

Жүгіру барысында орындалатын жаттығулар

  1. Спорттық жүріс.
  2. Жеңіл жүгіру.
  3. Тізені жоғары көтере жүгіру.
  4. Өкшені артқа көтере жүгіру.
  5. Оң қапталмен жүгіру.
  6. Сол қапталмен жүгіру.
  7. Тыныс алу жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары

1) Басты айналдыру

Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, қол белде. Басты оңға және солға 4 реттен айналдыру.

2) Иықты айналдыру

Б.қ.: қол иықта. Иықты алға және артқа 4 реттен айналдыру.

3) Бүйірге иілу

Б.қ.: сол қол белде, оң қол жоғары. 1–2 сол жаққа, 3–4 оң жаққа иілу.

4) Алға еңкею

Б.қ.: қолды екі жаққа созып ұстап, алға 90° еңкею.

5) Белді айналдыру

Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, қол белде. Белді оңға 1–4, солға 1–4 айналдыру.

6) Секіру жаттығулары

Негізгі тұрыс: қол белде. Сол аяқпен, оң аяқпен және қос аяқпен секіру (8–10 рет).

2) Негізгі бөлім

Ұзақтығы: 25–28 минут

Эстафеталық тапсырмалар

  1. Скакалкамен жүгіріп, фишкадан айналып өту.
  2. Теннис ракеткасымен теннис добын алып жүру.
  3. Баскетбол добын оң қолмен алып жүру.
  4. Обручпен жүгіріп өтіп, белгіленген нысанды тасу.
  5. «Кім алысқа секіреді?» жарысы.

Қауіпсіздік

Барлық тапсырмалар кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет: арақашықтықты сақтау, құралдарды дұрыс қолдану, жүгіру бағытын сақтап қозғалу.

Ескерту

Жаттығуларды орындау алдында алаңның қауіпсіздігін және құрал-жабдықтың жарамдылығын тексеріңіз.

3) Қорытынды бөлім

Ұзақтығы: 3–5 минут

Реттілік

  1. Сапқа тұру.
  2. Демалыс (қалпына келтіру) жаттығулары.
  3. Бағалау.
  4. Үй тапсырмасы.

Демалыс жаттығулары

  • Қолды жанға көтеріп, төмен түсіру.
  • Жеңіл секіру жаттығулары.