Мемлекет сөзін септеу

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сынып

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – менің Отаным

Сабақтың типі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері

Әңгімелеу, қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі

Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, интерактивті тақта.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс септігін түсіндіру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын байыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Отансүйгіштік сезімін арттыру, туған жерін және елін құрметтеуге баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту және бастапқы белсенділікті қалыптастыру.

  • Сәлемдесу.
  • Сұрақ-жауап ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Алдыңғы тақырып бойынша білім деңгейін анықтау, қателермен жұмыс жүргізу.

III. Жаңа сабақ

1) Суреттер бойынша әңгімелесу

Интерактивті тақтада Қазақстан Республикасына қатысты суреттерді көрсетіп, сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.

2) Жаңа сөздермен жұмыс

тәуелсіз

независимый

тұрамыз

живем

бас қала

главный город

мемлекеттік

государственный

қонақжай

гостеприимный

Орындау жолы

  • Сөздерді дауыстап, жеке-жеке оқыту.
  • Сөз тіркестерін және сөйлемдер құрату.

Мысалдар

Біз Қазақстанда тұрамыз.

Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз.

3) Мәтінмен жұмыс

«Қазақстан – менің Отаным»

Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол – тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Республикамыздың бас қаласы – Астана.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақстан – салт-дәстүрі мен мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы – қонақжай халық.

Оқу әрекеті

  • Мәтінді мұғалім оқиды.
  • 1–2 оқушыға мәтінді оқыту.
  • Әр оқушы бір сөйлемнен оқып, аудармасын айту.

Талдау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, негізгі ойды анықтау.

4) Грамматикалық тақырып: шығыс септік

1) Ізденіс жұмысы

Мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді тауып оқыту. Қай септіктің жалғауы екенін анықтату.

2) Ереже

Сұрақтары

Кімнен? Неден? Қайдан?

Жалғаулары

-нан, -нен

Жалғаулары

-дан, -ден, -тан, -тен

3) Жаттығу

Берілген сөздерге шығыс септігінің жалғауларын жалғап жазу:

Қазақстан Астана халық Отан мемлекет қала

5) Ойын: «Кім көп сөз ойлап жазады?»

Нұсқау

«Қазақстандықтардың» сөзінде қандай сөздер жасырынған? Екі минут ішінде мүмкіндігінше көп сөз ойлап жазу.

Қорытындылау

Оқушылар жазған сөздерін оқиды, ең көп сөз тапқан оқушы жеңімпаз атанады.

IV. Сабақты қорыту

Мәтінге сүйеніп, тірек-сызба құру.

Тірек-сызба

Қазақстан

  • Тәуелсіз мемлекет
  • Біздің Отанымыз
  • Туған жеріміз
  • Бас қаласы – Астана

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Қазақстан неліктен тәуелсіз мемлекет деп аталады?
  • Мемлекеттік тіл қай тіл?
  • Қазақ халқы қандай халық?

V. Үй тапсырмасы

  • Жаңа сөздерді жаттау.
  • Тірек-сызбаны жаттау.
  • «Мемлекет» сөзін септеу.
  • Шығыс септігін қайталау.

VI. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, мәтінді оқу және түсінуі, жаңа сөздерді қолдануы, шығыс септігін дұрыс жалғауы бойынша бағалау.