Сабақтың әдістері. Сабақты пысықтау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Тақырып

Сорт туралы ұғым

Бекітілуі

Ашық сабақтың тақырыбы Агрономия және шарап жасау технологиясы пәндері кафедрасының мәжілісінде қаралып, мақұлданды. Кафедра меңгерушісі: Аханов Д. Д.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға сорттардың пайда болуы мен сорт түрлері туралы жүйелі білім беру.

Дамытушылық

  • Ұжымдық жұмыс орындау дағдыларын қалыптастыру.
  • Өздігінен ойлау және өз жетістігін сезіне білуге үйрету.
  • Сорт түрлерін талдау арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Алған білімді күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру.
  • Ғылымға қызығушылықты ояту және ізденіске бағыттау.
  • Жеміс ағаштары мен қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ ресурстары мен форматы

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • «5 алғың келсе» ойыны
  • «Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны

Түрі мен әдістері

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, анықтау, жылдам ойлау дағдыларын дамыту, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Пәнаралық байланыс: биология, валеология.

Сабақты өту жоспары

  1. I кезең

    Ұйымдастыру

  2. II кезең

    Өтілген тақырыпты пысықтау

  3. III кезең

    Жаңа материалды түсіндіру

  4. IV кезең

    Білімді бағалау

  5. V кезең

    Үй тапсырмасын беру

  6. VI кезең

    Сабақты аяқтау және қорытындылау

Сабақтың барысы

I кезең. Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгелдеу

II кезең. Өтілген тақырыпты пысықтау

Үй тапсырмасы сұралады және тексеріледі. Қайталау кезеңі екі ойын арқылы ұйымдастырылады.

«5 алғың келсе» ойыны

Оқушылар жәшіктен сұрақ алып, 1 минут ішінде жауап береді.

  1. Селекция ғылымы нені зерттейді?
  2. Тұқым дегеніміз не?
  3. Сорт дегеніміз не?
  4. Селекция сөзі нені білдіреді?
  5. Селекцияның теориялық негізін қалаған кім?

«Өсімдіктің көбеюі» кубигі ойыны

Кубиктің алты қырына өсімдіктің вегетативті мүшелері мен көбею тәсілдері жазылады. Оқушы кубикті лақтырып, түскен көбею жолын сипаттап, мысалдармен түсіндіреді.

III кезең. Жаңа материалды түсіндіру

Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табысты жүргізу және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың мәнін, сорт топтарының өзара ұқсастығын және олардың айырмашылығын білу маңызды.

«Форма» мен «сорт» ұғымдары

Өсімдіктерді жүйелеуде «форма» және «сорт» кейде жақын мағынада қолданылғанымен, сорт пен ботаникалық форма арасында түбірлі айырмашылық бар: сорт адам әрекетінің нәтижесінде шығарылады және ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып саналады.

Сорттың анықтамасы

Сорт — селекция тәсілдерімен алынған, морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктері бар, шаруашылыққа құнды белгілерімен сипатталатын мәдени өсімдіктер жиынтығы.

Сортқа қойылатын негізгі талаптар

  1. 1) Сорт құрамындағы өсімдіктердің шығу тегінде жалпылық болады; олар бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.

  2. 2) Бастапқы текті көбейту барысында алынған материал морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша сұрыптау арқылы бекітіледі.

  3. 3) Сорт белгілі бір табиғи аймаққа бейімделіп шығарылады; бір топырақ-климат аймағында жоғары өнім беріп, басқа аймақта төмен нәтиже көрсетуі мүмкін.

  4. 4) Сорт нақты өндірістік жағдайға лайықталып жасалады және механикаландыру деңгейіне, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.

  5. 5) Тиісті табиғи және өндірістік жағдайда сорт тұрақты әрі сапалы жоғары өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.

Шығу тегі бойынша сорттар

  • Жергілікті сорт — дақылдың нақты бір жерде өсірілуіне байланысты ұзақ уақыт табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым тәсілдері арқылы қалыптасқан сорт. Көп жағдайда бұл сорттар халықтық селекция нәтижесінде алынған.

  • Селекциялық сорт — ғылыми-зерттеу мекемелерінде селекцияның ғылыми әдістерімен шығарылған сорт. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық-биологиялық қасиеттері бойынша біркелкілігімен ерекшеленеді.

Шығару тәсілі бойынша сорттар

Сорт шығару тәсіліне қарай келесі топтарға бөлінеді:

сорт–популяция линиялық сорт сорт–клон буданнан шыққан сорт мутант сорты

Негізгі түрлердің қысқаша сипаттамасы

Сорт–популяция

Айқас және өзін-өзі тозаңдандыру нәтижесінде жаппай сұрыптау арқылы алынады. Тұқым қуалаушылығы жағынан әдетте біркелкі емес.

Линиялық сорт

Өзіндігінен тозаңданатын дақылдарда жеке сұрыптау арқылы алынады. Бір өсімдіктен тарағандықтан, белгілері мен қасиеттері бойынша біркелкі келеді.

Буданнан шыққан сорт

Будандастыру және кейінгі сұрыптау арқылы будан популяциясынан алынады. Өзіндігінен тозаңданатын будандар линиялық сорттарға қарағанда біркелкі болмауы мүмкін. Кей жағдайда қайтасұрыптау арқылы жаңа сорттар шығарылады.

Сорт–клон

Вегетативті көбейетін өсімдіктерде жеке сұрыптау арқылы алынады. Біртекті вегетативті көбеюден тараған ұрпақ болғандықтан, біркелкілігі жоғары.

Мысалдар (аудандастырылған будан сорттар мен будандар)

Дәнді дақылдар

  • Күздік бидай: Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАХС-18, Лютесценс-41, Бота
  • Жаздық жұмсақ бидай: Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай
  • Арпа: Сәуле, Жұлдыз, Арна

Жүгері будандары

  • Сарыарқа 150
  • будан 237В
  • Целинный 160 СВ
  • Алатау 107 ТВ
  • Казахстанский 587 СВ

IV–VI кезеңдер. Бекіту, бағалау, қорытынды

Пысықтау

Кестені толтыру:

сорт–популяция линиялық сорт сорт–клон буданнан шыққан сорт мутант сорты

Қорытындылау (рефлексия)

  • Не білемін?
  • Нені білдім?
  • Нені білгім келеді?

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Оқушылардың білімін бағалау
  • Үй тапсырмасын беру
  • Сабақты аяқтау

Сабақ аяқталды. Уақыт бөліп қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.