Көрермендер додасы
Ойынның мақсаты мен тәрбиелік бағыты
«Тапқыр, достар!» — оқушыларға арналған интеллектуалды ойын. Негізгі мақсаты — жан-жақты ақпараттануға ықпал етіп, алған білімді өмірде қолдану дағдысын дамыту. Ойын оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, өзін-өзі тануға, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелейді.
Дамытылатын қабілеттер
- тапқырлық пен шапшаңдық
- зейін мен есте сақтау қабілеті
- сөздік қорды байыту
- дарынды ашу және ойды жүйелеу
Сабақтың (ойынның) ұйымдастырылуы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды екі топқа бөлу.
- 2 Жеребе арқылы қай топ ойынды бірінші бастайтынын анықтау.
- 3 Жарыс ережесімен таныстыру.
Ойын бөлімдері
I. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Топтар алдын ала берілген әріптерді алады. Қатысушы жеребе арқылы түскен әріптен басталатын сөзбен жауап беруі керек.
II. «Ойлан, тап»
Логикаға, жылдам ойлауға арналған тапсырмалар кезеңі. (Мұғалім сынып деңгейіне сай сұрақтармен толықтырады.)
III. «Сен білесің бе?»
Ұяшықтардан тұратын білім сайысы. Әр ұпай — жеке сұрақ немесе тапсырма.
IV. «Аударыспақ»
Екі топ білім, Отан, еңбек тақырыптарында мақал-мәтел айту бойынша жарысады. Көрермендер қатысып, ұпай қоса алады.
V. «Қолқа салу»
Жеңген топ жеңілген топқа шығармашылық немесе көңілді «қолқа» (тапсырма) қояды. Соңында қатысушылар марапатталады.
I бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» — сұрақтар
1-топ (әріптер: М, Н, Қ)
10 сұрақ- Олимпиада чемпионы болғыңыз келе ме?
- Алма қай жерде өседі?
- Кітап оқисыз ба?
- Жазғы демалыста қайда қыдырасыз?
- Әдемі қыз көріп тұрсыз ба?
- Қай спорт түрін ұнатасыз?
- Көңіл күйіңіз қандай?
- Қай пәнді ұнатасыз?
- Қазақтың бір батырының атын атаңыз.
- Берілген әріптен басталатын сөзбен сөйлем құраңыз.
2-топ (әріптер: А, Т, Б)
10 сұрақ- Көп сөйлейсіз бе?
- Көп кешірім сұрайсыз ба?
- Болашақта кім болғыңыз келеді?
- Досыңыздың аты кім?
- Өзіңізді қандай оқушымын деп есептейсіз?
- Қазақстанның табиғи байлықтары қандай?
- Бір өсімдіктің атын атаңыз.
- Қай түсті ұнатасыз?
- Қазақтың ұлттық тағамын атаңыз.
- Берілген әріптен басталатын сөзбен сөйлем құраңыз.
III бөлім: «Сен білесің бе?» — ұяшықтар
Бұл кезеңде қатысушылар ұпайы көрсетілген ұяшықты таңдайды да, сәйкес тапсырманы орындайды немесе сұраққа жауап береді.
10 ұпай
«Құтты сан» тапсырмасы: штанга көтеру тәсілін ортада көрсету.
15 ұпай
Жылқы малының пірі кім?
Жауабы: Қамбар ата
20 ұпай
«Отырар дастанының» авторы кім?
Жауабы: Мұхтар Шаханов
10 ұпай
Бейжің Олимпиадасында командалық есеп бойынша Қазақстан нешінші орынға тұрақтады?
Жауабы: 29
15 ұпай
Сиыр малының пірі кім?
Жауабы: Зеңгі баба
20 ұпай
Қазақ елін әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің атақты шығармасы қандай?
Жауабы: «Абай жолы»
30 ұпай
Бір бұлбұл отырады салып әнді, жүруге аяғы жоқ, емес жанды. Өнері қандай асқан деп ойладым. Бір демде жер түбінен хабар алды.
Жауабы: радио
30 ұпай
Бес жанды. Бір жансызға мінгеседі. Үстінде ақ тақырдың із кеседі.
Жауабы: қалам және адамның бес саусағы
IV бөлім: «Аударыспақ» — мақал-мәтел сайысы
Екі топ білім, Отан, еңбек тақырыптары бойынша мақал-мәтел айтып жарысады. Қаласаңыз, көрермендер де қатысып, таңдаған тобына ұпай қосуына болады.
Қорытынды және марапаттау
Әділқазылар алқасы қорытынды ұпайды жариялап, жеңімпаз топты анықтайды. Соңында «Қолқа салу» кезеңі өткізіліп, екі топтың қатысушыларына сыйақы (марапат) беріледі.