Ханшайымның сөзі

Тақырып

«Сәлем – білім ордасы»

Мақсаты

Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру, оқушы болудың жауапкершілігін ұғындыру.

Форматы

  • Жүргізушілердің көркем сөздері
  • Ән, би, тақпақтар
  • Білім ханшайымының шарттары және ант беру

Кештің барысы

Жүргізуші 1

Көркем сөз

Мектебің — алтын ұя, жарқыраған, Ұстазың — бұлақ көзі, сарқыраған. Шыңдалып, шыңға қарай қанат қағып, Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған!

Жүргізуші 2

Қош келдіңіз

Құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! Тілашар тойына қош келдіңіздер!

Айналайын балғындар, Алға бағыт алдыңдар. Ертең өсіп, толыңдар, Ел мақтаны болыңдар. Орындалсын арманың, Құтты болсын қадамың!

Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған шәкірттер

Жүргізуші 1: Биылғы оқу жылында мектебіміздің есігін алғаш рет ашқан шәкірттерімізді ортаға шақырайық!

Білім ханшайымының келуі

Шарт қою

Жүргізуші 1: Қандай ғажап әуен! Балалар, бізге қонақ келген сияқты. Келіңіз, Білім ханшайымы! Қандай бұйымтайыңыз бар?

Ханшайымның сөзі

Балалар, мен сендерді өзімнің білім ордама қабылдауға келдім. Бірақ ол үшін шарттарымды орындаңдар: өнерлеріңді көргім келеді.

Жүргізуші 1: Балаларымыз өнерлі! Ендеше өнерімізді ортаға салайық.

Өнер бағдарламасы

Жүргізуші 2

Армысың, мектеп — ар бесік, Айқара ашқан есігін. Тәрбие, білім — бар нәсіп, Армысың, мектеп киелім!

Ән

«Мектебім»

Тақпақтар

  1. Өмірімнің көктемін Сенде өткізсем деп келдім. Алтын ұям — мектебім, Армандарым көп менің. Атқарамын деп келдім, Асыл анам — мектебім.

  2. Мектеп — анаң бүгіннен, Мектеп — алтын босағаң. Мектеп берген біліммен Марқаясың, жас ұлан.

  3. Мектеп — қамқор анамыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін Біз оқушы боламыз. Өсіп оймен санамыз, Білім қуған баламыз — Біз оқушы боламыз!

  4. Мектебің — мынау класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың.

  5. Жас көңілге егін еккен, Ақыл-білім дәнін сепкен — Сенсің ықылас құштарымыз, Ақылшымыз, ұстазымыз.

  6. Білімнің кілтіндей Әліппе ұстатқан, Оқуға іркілмей, Тоқуға ұштаған. Қамқоры ұл-қыздың — Мұғалім ол біздің.

Жүргізуші 1

Сөз анасы — бұлақтан, Тыңдаушыны құмартқан. Әнге кезек берейік, Қошаметпен демейік!

Ән

«Дос болайық бәріміз»

Жүргізуші 2

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты, Төгілген күн нұрының шапағаты. Ортада бишілерім би билейді, Халайық, қол соғыңдар мархабатты!

Би

«Қолшатыр» биі

Ертегілер еліне саяхат

Жүргізуші 1: Балалар, енді ертегілер еліне саяхат жасап көрейік.

Ән

«Ертегілер»

Ұлттық би

Халқымның әні қандай, жыры қандай, Шешеннің нәрі тамған тілі балдай. Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын, Ал биі нәзік жанды балқытқандай.

Би

«Қара жорға»

Ұстазға тағзым

Оқыңдар, ұл-қызым, — деп, Күлімдеген ұстаздар. Ән арнадық арнайы, Тағзым ете ұстаздар!

Ұстаздарға арналған ән шашуымызды қабыл алыңыздар.

Ән

«Ұстазым»

Ата-анаға құрмет, шәкіртке кезек

Жүргізуші 2

Балаларың оқып жүр, Зерделі сөзді тоқып жүр. Сенімдерің ақталады, Құрметті біздің ата-ана. Кезекті тағы да шәкірттерге берейік!

Тақпақтар

  1. Алақай-ау, алақай, Бұдан былай мен енді Емеспін жай балақай. Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді. Бардым биыл мектепке, Оқушымын мен енді!

  2. Біз балдырған баламыз, Шырқаған әнге саламыз. Туған жердің төрінде Алау болып жанамыз.

  3. Келгенімде алдыңа Қызыл арай гүл алып, Жақын тарттың жаныңа, «Шәкіртім!» — деп қуанып.

  4. Оқуды көп ойладық, Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Тілашар тойын тойладық!

  5. Қиынға төзуге Үйреткен қашанда, Жаманнан безуге, Жақсылық жасауға — Қамқоры ұл-қыздың, Мұғалім ол біздің.

Отан туралы ән

Отан деген — атамекен, Отан деген — туған жер. Отан — ана, Отан — осы, Отан — ыстық туған ел.

Ән

«Отаным»

Ант беру және қабылдау

Жүргізуші 1 және Білім ханшайымы

Ханшайым: Балалар, сендерге риза болдым. Енді сендерді өз білім ордама қабылдау үшін әдепті де үлгілі, тәрбиелі оқушы болуға ант бересіңдер ме?

Оқушылар

Ант етеміз!

Сыйлықтарды табыстау
Қабылдау рәсімі

Құттықтау сөз

Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың құттықтау сөзі.