Оқушылардың ойларын тыңдау

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Қарағанды қаласы, Қазыбек Би ауданы №6 жалпы білім беретін орта мектебі (КММ)

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі — Кордабаева Жұлдыз Мұхаметжановна

Тақырып

Маңғыстау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын бір арнаға шоғырландыру.

II. Психологиялық икем

Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен,
Татулық табамыз.

Бәріміз бір болсақ,
Бәрін де жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп,
Таудай боп өсеміз.

Бақылау күнделігі бойынша қысқаша жұмыс жүргізіледі.

III. Үй тапсырмасын тексеру

  • Оқушылар салған суреттерін сынып ішінде іліп қояды.
  • 3–4 оқушының жұмысы тыңдалып, қысқаша пікір беріледі.

Тірек білімді өзектендіру: топтық жұмыс

Тапсырма: жұмбақты шешіп, жауабына сәйкес келетін суретті табыңдар. Жұмыс уақыты — 3–4 минут.

1-топ

Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қол жоқ, сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,
Жер үстін борандатып шарқ ұрады.

Жауабы: Трактор

2-топ

Қалмайды бір-бірінен, тағы озбайды,
Аяғын көз ілеспес ол қозғайды.
Үстіне не салсаң да тиеп алып,
Қара інген ботасы жоқ құр боздайды.

Жауабы: Паровоз

3-топ

Ақ сұңқар құсым ағып келеді,
Дауысы жерді жарып келеді.
Жолына бояу жағып келеді.

Жауабы: Ұшақ

4-топ

Қара кілем бар жайлы,
Жақын етер шалғайды.
Ол қала мен қаланы,
Ел мен елді жалғайды.

Жауабы: Асфальт жол

5-топ

Мінезін оның түсінгем,
Ашуы тамақ пісірген.

Жауабы: Газ

6-топ

Белінен қыссаң аузынан,
Ақуызы оның шығады.

Жауабы: Тіс пастасы

Талқылау бағыты

  • Үш топ көліктің бензин арқылы жүретінін дәлелдейді.
  • Қалған үш топ мұнай құрамындағы өнімдердің қайда қолданылатынын түсіндіреді.

Сұрақтар

  1. Трактор, паровоз және ұшақтың мұнайға қандай қатысы бар? Олар немен жүреді?
  2. Асфальт жол, газ және тіс пастасын не біріктіреді? Ойларыңды дәлелдеңдер.
  3. Бензин неден жасалады? Оны қалай жеткізеді?
  4. Отынның қандай түрлерін білесіңдер?
  5. «Жуатын ұнтақ пен бензин — ағайынды» деген пікірді қалай түсіндіресіңдер? Растайсыңдар ма, жоққа шығарасыңдар ма?

Оқушылардың ойлары тыңдалып, қорытынды сұрақтар арқылы мұнай өнімдерінің тұрмыста кең қолданылатынына назар аударылады.

IV. Жаңа тақырып бойынша жұмыс

Тақырып пен мақсат

Тақырып хабарланып, сабақ мақсаты айқындалады.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтың 124–125-беттеріндегі мәтін оқылады, 124-беттегі суреттер қарастырылып талқыланады.

Талқылау сұрақтары

  1. Мұнай мұнараларын не үшін орнатады?
  2. Мұнай мұнаралары қандай болады? Бұған дейін суреттен немесе кітаптан көрдіңдер ме?
  3. 124–125-бет мәтінінен «жуатын ұнтақ пен бензин» туралы ойға жауап таба алдыңдар ма?
  4. Өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?

Дәптермен жұмыс

Дәптерге сызба (кластер) құрастыру: «Біз Маңғыстау туралы не білдік?»

Мәтінді оқуды жалғастырып, кестені жаңа мәліметтермен толықтыру. 1–2 оқушы кестеге сүйене отырып, Маңғыстау туралы әңгімелейді.

Ой-қиял: топтық жұмыс

Тапсырма: мақал-мәтелдерді оқып, бүгінгі тақырыпқа сәйкестігін түсіндіріңдер. Жұмыс уақыты — 2 минут.

  1. Ақыл — дария, ой — теңіз.
  2. Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы.
  3. Талапты ерге нұр жауар.

Жауаптар мен пікірлер тыңдалып, қысқаша тұсаукесер жасалады.

V. Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тақырыпты қайталау, мәтін бойынша қысқаша жоспар құру (мұғалім нақтылап береді).

VI. Бағалау

  • Топтық жұмысқа қатысуы, дәлел келтіруі және жауаптарының нақтылығы ескеріледі.
  • Белсенді оқушыларға мадақтау, сабақ соңында қорытынды кері байланыс.