Дара жарнақтыларға жататын тұқымдастар
Танымдық сайыс (слайд)
Мақсаты
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін, логикалық ойлау жылдамдығын, дүниетанымын және ой-өрісін дамыту, сондай-ақ биология пәніне қызығушылығын арттыру.
Білім — биік шың, бақытқа жеткізер.
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
Ендеше, сайыстың шарттарымен танысыңыздар.
Сайыс кезеңдері
-
I
Таныстыру
-
II
Зымыран сұрақтары
-
III
Сандар сөйлейді
-
IV
Білім минуты
Биологиялық диктант
-
V
Сәйкестендіру тесті
-
VI
Логикалық сұрақтар
-
VII
Үй тапсырмасы
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында шығарма
-
VIII
Адасқан әріптерді құрастыр
I кезең: Таныстыру
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтсе деймін.
Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады және ұранын айтады.
II кезең: Зымыран сұрақтары
Сұрақтар жылдам қойылады, жауап та тез әрі нақты болуы керек. Әр дұрыс жауап — ұпай.
I топ
- Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым қалай аталады?
- Өсімдіктің жер асты мүшесі қандай?
- Гүлдің құрылысын атаңыз.
- Гүлді өсімдіктер неше класқа бөлінеді? Қандай?
- Шымтезек түзетін өсімдік қандай?
- Жабық тұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?
- Мүктер өсімдіктердің қай сатысына жатады?
- Жалаңаштұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?
- Фотосинтездегі хлорофиллдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым кім?
- Қосжарнақтыларға жататын тұқымдастарды атаңыз.
II топ
- Дәрілердің қанша пайызы өсімдіктерден дайындалады?
- Даражарнақтыларға жататын тұқымдастарды атаңыз.
- Қандай жемістің қабығы қатты, сүректенген болады?
- Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек қалай аталады?
- Алма қандай жеміс түріне жатады?
- Гүлсеріктің қызметі қандай?
- Камбийден кейінгі қабат қалай аталады?
- Бір жыл ішінде пайда болған сүрек қабаты қалай аталады?
- Түрі өзгерген өркен дегеніміз не?
- Мүкте тамыр қызметін атқаратын жіпше қалай аталады?