Ғабиден ата

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Батыс Қазақстан облысы, Бөкейорда ауданы, Ханорда ауылы, Жәңгірхан атындағы жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Бижанова Гүлбакит Тәжихановна.

Сабақтың тақырыбы

«Қажымұқан» өлеңі (Сәкен Сейфуллин).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өлеңнің мазмұнымен таныстыру.
  • Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мәлімет беру.
  • Сәкен Сейфуллиннің өмірбаянымен таныстыру.
  • Оқушылардың білім-біліктілігін арттыру.

Дамытушылық

  • Тіл мәдениетін дамыту.
  • Шығармашылық қабілетін жетілдіру.
  • Өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Спортты сүюге, төзімділікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
  • Қазақтың бірегей тұлғаларын құрметтеуге және өмірлерінен үлгі алуға баулу.

Құрал-жабдықтар және әдістер

Көрнекілігі

  • Суреттер
  • Оқулық
  • Видеофильм
  • Компьютер

Әдіс-тәсілдер және технология

  • Кесте, өлең құрастыру, әңгімелеу, ойын, талдау.
  • Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық сәт)

Әңгіме, ертек, өлең, жырды бізге жазушылар қалдырған. Жамбыл, Ғабиден аталардың сөздері — үлгі-өнеге, ақыл-даналықтың көзі. Құрманғазы мен Динаның күйлері тарихты сыр қылып шертеді. Әбілхан туындылары халық өмірін шынайы бейнелейді. Манарбектің әуезді ариялары көптің көңілін баураған. Қазақ әнін әлемге танытқан, теңдесі жоқ Әмірені жұрт біледі.

II. Үй тапсырмасы

Сұрақ: Өлеңде кімдер туралы айттық?

Түйін: Ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі — бізге үлгі. Оларға ұқсау үшін ең алдымен жақсы оқып, зерек, дарынды, талапты болу қажет. «Өнегелі өмір» тарауында біз осы бағытта ұлы ғұламалардың өмірімен танысуды жалғастырамыз.

Үйге берілген тапсырма: «Ғабиден атаның ғибраты».

«Кубик» ойыны

6 қырлы кубикті лақтырып, түскен санға сәйкес сұраққа жауап береміз.

  1. Әңгіме кім туралы? Қазақтың әйгілі жазушысы — Ғабиден Мұстафин.
  2. Ғабиден атаның еңбекқор екенін қалай білеміз? Үйінің жанындағы бау-бақшаны күтіп-баптап, шөбін шауып, жемісін жинайды.
  3. Жазушының ғибрат сөзін қалай түсінесің? Адал, әділ, шыншыл болу; өтірік айтпау; барға қанағат ету; еңбекқор болу.
  4. Ғабиден Мұстафиннің өмірі туралы әңгімеле.
  5. 4 жолды өлең құрастыр.

    Тірек сөздер

    тоқимыз, көздері, оқимыз, сөздері

    Бастау: «Ғабиден ата…», «Үлгі-өнеге…», «Таңдантып…», «Көңілге…»

  6. Мәтіннің мазмұнын әңгімеле.

III. Үй тапсырмасын қорыту

Мәтін кім туралы? Ғабиден Мұстафин.

Тірек-сызба

Аты-жөні:
Ғабиден Мұстафин
Өмір сүрген жылдары:
1902–1985
Қызметтері:
қоғам қайраткері, жазушы, депутат, Қазақ жазушылар одағының төрағасы

Өнегелі сөздері неге үйретеді? Әділдікке, адалдыққа, қанағатқа, еңбекті сүюге.

Қандай шығармаларын білесің?

  • Ер Шойын
  • Өмір не өлім
  • Қарағанды
  • Шығанақ
  • Миллионер
  • Дауылдан кейін
  • Көз көрген

Еске түсіру: Осы тарауда Ғабиден атамен таныстық. Бұған дейін де Құрманғазы, Дина, Әбілхан, Жамбыл, Әміре, Манарбек сияқты ұлы тұлғалар туралы білдік.

Сәйкестендіру тапсырмасы

Тұлғаларды олардың өнері мен қызметіне қарай сәйкестендіріңіз.

Тұлғалар

  • Құрманғазы
  • Дина
  • Әміре
  • Манарбек
  • Жамбыл
  • Әбілхан
  • Ғабиден (Мұстафин)

Мамандық/өнер түрлері

  • Күйші
  • Әнші
  • Суретші
  • Жыршы, ақын
  • Жазушы

Ескерту: Кейбір өнер түрлері бірнеше тұлғаға сәйкес келуі мүмкін.