Құралай сұлу поэмасындағы Монтайдың руы
7-сынып қазақ әдебиеті: сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы
И. Байзақов — «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту, іздендіру
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі
Сызбалар, суреттер
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі
Сабақтың мақсаты
- Поэманың мазмұнын талдау, кейіпкерлер бейнесін ашу.
- Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге баулу, ойлау қабілетін дамыту; сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын жетілдіру.
- Шығарма мазмұны арқылы уәдеге беріктікке, ел қамын ойлауға, арман қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- «Көршіме тілек» тренингін жүргізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
-
Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы
«Иса Байзақов — ...» сөйлемін бір оқушы бастап, келесі оқушы жалғастырады. Міндет: бұрын айтылмаған деректі қосу.
-
«Құралай сұлу» поэмасы бойынша өзара сұрақ
Оқушылар бір-біріне мазмұн мен кейіпкерлерге қатысты сұрақтар қояды.
III. Жаңа сабақ: поэма мазмұнын талдау
1) Тірек сөздермен жұмыс
Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз:
2) Поэманың композициялық құрылымы
Басталуы
Монтай бидің қайғысы.
Байланысуы
Монтай бидің елге айтқан сөзі. Жігіт сөзі.
Дамуы
- IV бөлім: Көкмұрынтой өзенін мекендеген Келден бай.
- V бөлім: Монтай би мен Келден байдың сұхбаты. Келденнің өмірлік өкініші.
- VI бөлім: Келденнің жау қолына түсіп, қалмақ ханы Сейқынның тұтқыны болуы.
Шиеленісуі
VII бөлім: Қанішер Сейқынның жаннан асқан сұлу қызы — Құралай. Тұтқындарға еркіндік беріледі. Сейқын Келденнен ант беруді талап етеді. Келденнің батырлығы мен намысшылдығына разы болған Құралай қазақ батырына іздеп келіп, мұңын айтады. Екі жастың серті бекиді.
Шарықтау шегі
VIII бөлім: Жайшағыр мен Торғайкөкке мініп, екі жас түн жамыла қашады. Соңдарынан қуғыншылар түседі. Сейқынның ұлы Дауыл Келденнің қолынан қаза табады. Кек қайтарылып, жеңістің тәтті дәмі сезіледі. Құралайдың арпалысқан ойы мен тілегі айқындалады.
Шешімі
IX бөлім: Ат шалдырып, тынығу. Суға шомылу. Оқыс дауыс. Келденнің садақты бір тартып, жолбарысты өлтіруі. Жаралы Құралайдың соңғы тілегі.
3) Пирамидалық эссе
- 1 Кейіпкер: Келден бай.
- 2 Орынды бейнелейтін екі сөз: қалмақ елі.
- 3 Үш сөзбен сипаттау: батыл, намысшыл, қайсар.
- 4 Төрт сөзбен маңызын ашу: «Өлсем де елім үшін өкінбеймін».
- 5 Бес сөзбен әлсіз тұсын көрсету: Құралайдың «қопаға тоқтамайық» дегенін тыңдамады.
- 6 Алты сөзбен пікір: Бұл дүниеде армансыз адам болмайды.
4) «Маған ерекше әсер еткен оқиға» (кесте)
| Маған әсер еткен тұсы | Неліктен? | Менің пікірім |
|---|---|---|
| ... | ... | ... |
5) Пікір айту
Талқылау сұрағы: ақын бұл шығармада нені дәріптейді, нені сынайды?
- Ер жігіт ел үшін жанын береді.
- Армансыз адам болмайды.
6) Бес жолды тұжырым
Кейіпкерлер
Монтай би, Құралай сұлу, Келден батыр
- 1. Монтай би
- 2. Әділ, қайғылы
- 3. Қайғырды, қапаланды, іздеп барды
- 4. Монтай Келден байды тапты
- 5. Пенде
IV. Сабақты бекіту: тест
1) Иса Байзақовтың 1925 жылы «Қызыл Қазақстан» газетінде жарияланған шығармасы:
- а) «Желдірме»
- в) «Ақбөпе»
- с) «Алтай аясында»
- д) «Құралай сұлу»
- е) «Кавказ»
2) «Құралай сұлу» поэмасындағы Монтайдың руы:
- а) Үйсін
- в) Ойбас
- с) Арғын
- д) Найман
- е) Дулат
3) Келден Сейқынның тұтқынында неше жыл болды?
- а) 5 жыл
- в) 10 жыл
- с) 1 жыл
- д) 7 жыл
- е) 6 жыл
4) Келден Дауылды қалай жеңді?
- а) күресіп
- в) садақпен атып
- с) найзамен шаншып
- д) айбалта сермеп
- е) қылышпен шауып
5) Келден мен Құралай қай жердегі қалың қопаға келді?
- а) Тарбағатайда
- в) Бетпақ шөлде
- с) Шу бойында
- д) Оңтүстік Қазақстанда
- е) Жетісуда
Қорытынды сұрақ: бүгінгі сабақта И. Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы туралы нені білдік?
V. Үй тапсырмасы
«Жанымды тербеген шығарма» тақырыбында ойтолғау жазу.