Көрші санды тап

Жезқазған қаласы • Жалпы орта білім беретін №1 орта мектебі КММ

Пәні: Математика (1-сынып)

Тақырыбы: 7 саны және цифры

Мұғалім

Жандаулетова Қызғалдақ Жаңғазыевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды 7 саны және цифрымен таныстыру, оның киелі сан екенін түсіндіру.
  • Саналы түсіну дағдысын дамыту, алған білімдерін саралай білуге үйрету.
  • Санды санға қосуды, саннан санды азайтуды, белгісіз санды табуды меңгерту.
  • Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту; логикалық ой-өрісті кеңейту.
  • Еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта, суреттер, сызбалар, жеке карточкалар, геометриялық фигуралар, 7 санының баспа және жазба түрлері.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, ауызша жұмыс, түсіндіру, көрнекілік, талдау және жинақтау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық:

Мұғалім:

Екі көз не үшін керек?

Балалар:

Жақсылықты көру үшін.

Мұғалім:

Екі құлақ не үшін керек?

Балалар:

Ақыл-кеңес тыңдау үшін.

Мұғалім:

Екі қол не үшін керек?

Балалар:

Елге көмек беру үшін.

Мұғалім:

Екі аяқ не үшін керек?

Балалар:

Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 6 саны және цифры бойынша білімді қайталау.
  • Мысалдарды орындау.
  • 6-ға дейін тура және кері санау.

III. Білімді жан-жақты тексеру

1-ден 6-ға дейін тура және кері санау.

Ойын: «Қандай сандар жетіспейді?»

Кіші көршім оң жақта,
Үлкен көршім сол жақта.
Тұрушы еді қасымда,
Қайда кеткен жан-жаққа?

Көрші сандарды тап.

… 2 …

… 3 …

… 6 …

IV. Жаңа сабаққа даярлық

Ойын: «Кім жаңылыспайды?»

Бір, екі, үш — келесі сан төрт дейміз.
Бес, алты, жеті — толық санап бітпейміз.

Ауызша есеп

Алтау аз деп балапан,
Қосты тағы бір балапан.
Табыңдаршы ойланып,
Қанша болды балапан?

6 + 1 = 7 Қорытынды: жеті саны пайда болады.

Суреттермен жұмыс

Суреттен 7 санын білдіретін заттарды тапқызу, басқа заттармен салыстыру.

V. Жаңа білімді меңгерту

Оқулықпен жұмыс. Мұғалім 7 саны туралы түсінік береді: 7 — тақ сан.

№1

7 санына байланысты мысалдар келтіру.

№2

Қосындылар құру:

  • 2 + 2
  • 3 + 1
  • 5 + 0
  • 4 + 1

№3

Салыстыр:

  • 6 … 7
  • 6 … 5
  • 5 … 7
  • 4 … 7
  • 6 см … 7 см
  • 7 см … 7 см

Қай жол ұзын? Қайсысы қысқа? Салыстыр.

№5

7 цифрын дәптерге жазу (жазу талаптарын сақтау).

7 7 7

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір, екі, үш, төрт, бес —
Саусақтармен ойнаңдар.
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырмаларды орындау, жазу ережесін еске түсіру.

VI. Сабақты бекіту: «Ғажайып 7 санына саяхат»

7 ғалам

Оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, жер, аспан, жер асты.

7 күн

Бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына.

7 ата

Бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата.

7 қазына

Ер жігіт, сұлу әйел, қыран бүркіт, берен мылтық, ақыл-білім, жүйрік ат, жүйрік тазы.

7 жоқ

  • Жерде өлшеуіш жоқ.
  • Аспанда тіреуіш жоқ.
  • Аллада бауыр жоқ.
  • Жылқыда өт жоқ.
  • Таста тамыр жоқ.
  • Аққуда сүт жоқ.
  • Тасбақада талақ жоқ.

7 жұт

Құрғақшылық, жұт, оба, өрт, соғыс, топан су, зілзала.

VII. Қорытынды

7-ге дейін тура санау 7-ге дейін кері санау

Сұрақтар

  • Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
  • Оларды бөліктерге қалай бөлуге болады?

VIII. Үй тапсырмасы

  • 78–79-беттерге дайындалу.
  • Санамақ жаттау.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысын қорытындылап, белсенді қатысқан оқушыларды мақтау және мадақтау.