Балта сайман
Сауат ашу (1-сынып): «С» дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласы, жалпы орта білім беретін №1 орта мектебі КММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Жандаулетова Қызғалдақ Жангазыевна.
- Сабақ тақырыбы
- С дыбысы мен әрпі
- Сабақ түрі
- СТО технологиясы
- Көрнекіліктер
- Жеке суреттер, «С» әрпінің баспа және жазба түрлері, электронды оқулық.
- Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.
Сабақтың мақсаты
Білімдік мақсат
- Оқушылар «с» дыбысының айтылу және жазылу ерекшеліктерін түсінеді.
- «С» дыбысының қатаң дауыссыз екенін ажыратады.
- Буынға бөліп және тұтас оқу дағдыларын дамытады.
Дамытушылық және тәрбиелік мақсат
- Ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын молайтады.
- Сауатты жазуға және көркем жазу (каллиграфия) талаптарын сақтауға үйретеді.
- Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке, әдептілікке тәрбиелейді.
- Өз ойын еркін әрі анық жеткізуге дағдыландырады.
Негізгі ұғым
«С» — дауыссыз, қатаң дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа даярлау, психологиялық дайындық жүргізу.
Психологиялық дайындық (өлең)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақ пен нұр төгіп,
Көңілді көтеріп кетті.
II. Қызығушылықты ояту
Қайталау сұрақтары
- «Б» дыбысы қандай дыбыс?
- Ол дауыссыз дыбыстың қай түріне жатады?
Ойын: «Адасқан буындар»
Берілген буындардан сөз құрастыру.
Жұмбақтар арқылы жаңа дыбыс ашу
Білезікке қарайық, ұқсайды оған қай әріп?
Жауабы: С
Тілдерімен жүреді. Уақытты біледі.
Жауабы: Сағат
«Сағат» сөзі қай дыбыстан басталады? Айтып көрейік.
Бүгін біз «С» дыбысымен танысамыз. Тақтадағы суреттермен жұмыс жүргізіледі.
III. Мағынаны тану
Түсіндіру жұмысы
- «С» дыбысының дауыссыз, қатаң дыбыс екенін мысалдар арқылы түсіндіру.
- Ережені хормен және жеке-жеке айтқызу.
Оқулықпен жұмыс
- Буындар мен сөздерді оқу және талдау.
- Сөздерді буынға бөлу, сөйлем құрастыру.
- «С» дыбысының сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін анықтау.
Мәтінді оқу және талдау
Саймандар
Балға — сайман.
Балта — сайман.
Ара — сайман.
Балға, балта, ара — саймандар.
Атамда балға да, балта да, ара да бар.
Дәптермен жұмыс
- Үлгі дәптердегі тапсырманы орындау.
- «С» әрпінің жазба түрін және «С» дыбысы бар сөздерді жазу.
- Жазу ережесін және көркем жазу талаптарын сақтау.
Сергіту сәті
Бас бармақ, қойды баға ғой,
Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой,
Ортан қол, суға бара ғой,
Аты жоқ қолға жұмыс жоқ,
Шынашақ ұйықтап қала ғой.