Ұлағатты ұстаздарымызды қадірлеп, қастерлеуге кейінгі ұрпақты тәрбиелеу

«Қарттарым аман-сау жүрсін!» мерекелік концерттік бағдарлама

Дайындаған: Турекенова Меруерт Болатқызы — ШҚО Білім басқармасының жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты КММ

Мақсаты

  • Асыл қарттарымыз — ұлы бәйтерек, ал кейінгі ұрпақ — сол бәйтеректің бұтағы мен бүршігі екенін түсіндіру.
  • Ұлағатты ұстаздарды қадірлеуге, қастерлеуге жас ұрпақты тәрбиелеу.

Формат

  • Жүргізушілер сөзі (қазақ және орыс тілдерінде)
  • Өлең жолдары, құттықтаулар
  • Әндер, вокалдық нөмірлер
  • Қонақтарға сөз беру

Бағдарлама барысы

(Залда музыка әуені ойнап тұрады.)

Кіріспе сөз — Жүргізуші 1

Армысыздар, ардақты ардагер ұстаздар! Хош келіпсіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

«Жетелеген мына заңғар биікке, шыға алмайтын тауда жортқан киікте, түсіндірген өмір атты ғаламды — ардагер ұстаз, мәртебең сенің биікте», — демекші, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал баққан шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де — бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.

Сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Приветствие — Ведущий 2 (рус.)

Добрый день, дорогие гости! В осеннем календаре есть необычная дата, когда сердце переполняется чувством глубокой признательности, когда хочется говорить слова благодарности, быть особенно чуткими и внимательными к людям.

В этот день весь мир отдает дань уважения людям, прожившим жизнь в трудах и заботах о благе нынешнего и будущих поколений. Поклонимся же и мы им.

Өлең — Болат

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу — мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Сәлем бердік, ұстаздар, баршаңызға,

Сіздерменен тола берсін ортамыз да.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар

Білім алған сіздердің арқаларыңызда.

Бүгінгі күн құшақтарыңыз гүлге толсын,

Дендеріңіз әрқашан мықты болсын!

Білімменен суарған шәкірттеріңіз,

Төл мереке, ұстаздар, құтты болсын!

Стихотворение — Нина (рус.)

В осеннюю пору, когда у порога

Задышали уже холода,

Родина празднует День педагога —

Праздник мудрости, знаний, труда.

Пусть для вас рыжее солнце сияет,

Души осенним теплом согревает.

Багряной листвой улыбается,

Рябиновый кистью кивает.

Пусть для вас песни звонкие льются

На заре, когда птицы слетаются.

Это значит, что вы не стареете,

Это значит, что жизнь продолжается.

Өлең — Сәуле

Мұғалімдік — ең құрметті мамандық,

Жас ұрпақты өсіретін адам қып.

Ұстаздардан азаматқа таралған

Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.

Бар тәлімін беріп елдің жанына,

Бір кездері қырауланар шашы да.

Ұстаз адам ұстаз болып қалады,

Қол соқтырып заман менен ғасырға.

Айта берсек, ұстазға тіл жетпеген,

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?

Айтыңдаршы, адам бар ма өмірде

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

Құттықтау

Жандары ізгілікке толы, көңілі жайсаң аяулы ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, таусылмайтын қуаныш тілейміз.

Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

Әнмен ашылу

Ән-жырымызбен шуақ шашайық, сіздерді әнге қосайық. Ақ тілек сұрап баршадан, мерекенің шымылдығын әнмен ашайық.

Ән: «Алғашқы ұстазым»

Орындайтын: Арна

Слова о призвании — Ведущий 2 (рус.)

Что сюда когда-то привело вас? Вы путей полегче не искали. Ум и сердце, душу и тепло юным поколениям отдавали.

Ради утверждения доброты через все сомнения и заботы пронесли высокие мечты — и познали радости и взлеты.

Вас школа звонками зовет — к ней сердце по-прежнему рвется. И в сердце тот юный народ, что вашей надеждой зовется. Пусть ваши надежды сбудутся: ваша на земле такая доля — ваши идеалы воплощает молодое поколение.

Для вас, дорогие гости:

Ән: «Дорогие мои старики»

Тілек пен тағылым — Жүргізуші 1

Адам баласының жасы ұлғайып, кемелденуі — табиғи заңдылық. Көпті көрген сіздер сияқты адамдардың тілегі — ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінін ғана ойламайды: өткен өмір жолын зерделеп, ертеңін болжайды.

«Сіздер — бүгінгі ұлық жандар, мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар. Қарттар — тарих, қазына, ел қазығы. Ей, адамдар, осыны ұмытпаңдар!» — деп, келесі құттықтау сөзді мектебіміздің оқу ісі меңгерушісіне береміз.

Ән: «Сағындым әже»

Орындайтын: Дастан (оқушы)

Слово гостям — Ведущий 2 (рус.)

В этом зале сегодня собрались люди с разными судьбами, характерами и жизненными обстоятельствами. У каждого — своя песня жизни, свой опыт. Слово предоставляется Шумиловой Марии Наумовне.

Ән: «Осенние листья»

Ұлағатты сөз — Жүргізуші 1

«Алдында ақыл берер қария ғой, жақсылар жақсылыққа жария ғой. Жастарға парасатты кеңес берер», — дейді дана сөз. Тағы бір нақылда: «Ақылды қария — ағып жатқан дария» делінеді.

Асыл қарттарымыз — ұлы бәйтерек, кейінгі ұрпақ — олардың бұтағы мен бүршігі. Қыңырды жөнге, қисықты тезге салып, өмірдің түзу жолын, өнер мен білімнің даңғылын көрсеткен жандар — сіздер.

Сөз осындай ақылды, дариядай апайларға беріледі: Д. Әшімхановна, Ғ. Әуезовна, Бақыткамал Аугажиновна, Бақытжан Сатыбаевна.

Ән: «Қазақтай ел қайда»

Қамқор аналар туралы — Ведущий 2 (рус.)

В этом зале присутствует немало женщин. В разные годы они трудились не покладая рук, но они не просто хорошие работницы — прежде всего заботливые жены, матери и бабушки. Это хранительницы очага, которые в своей жизни умеют практически все.

От их рук пахнет пирогами и теплым хлебом. Их забота и внимание делают окружающих людей добрее и сильнее.

Песня: «Родные учителя»

Тәрбие мен тағдыр

Өмір шежіресі — өткен тарихымыздың алуан қырынан елес беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болатын құндылық. Ол — тәрбиеші еңбегі.

«Көп ойлаумен бала қамын, нұрланып атар іспен әрбір таңы. Ғаламды жаратқан күн секілді, баланы аялаған алақаны», — деп, зейнеткер апаларымызға сөз берейік.

Тілек — Ведущий 2 (рус.)

Сегодня, в этот неповторимый день, хочется сказать вам особые слова: будьте молоды душой, активны и не болейте никогда. Пусть в вашем доме будет радость, чтобы без бед прожить в нем до старости.

Желаем не горевать, вырастить внуков и дать им лучшее образование. Не стареть, не грустить, не скучать — и каждый год встречать этот праздник.

Вокалдық топ: «Школа моя»

Қорытынды

О, ұстаздар, басымызды иеміз біз сіздерге! Бүгінгідей мереке күндерінде жүрек лүпілінен шыққан асыл сөздер сіздердің жүректеріңізге жетсін.

Қорытынды ән: «Көк тудың желбірегені»

Орындайтын: Жанұзақов Жандос