Мұқағали ақиық ақын

«Жырлайды жүрек» кешінің мақсаты

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға баулу және Мұқағали поэзиясының кең таралуына ықпал ету. Сонымен қатар, оның шығармаларындағы сыр мен тереңдікті танытып, оқушыларды адамгершілікке, шындықты батыл айтуға, адалдыққа, әсемдікке құштарлыққа, эстетикалық талғамға және ізденімпаздыққа тәрбиелеу көзделеді.

Маңызды міндеттердің бірі — ата-аналар мен оқушылардың бірлескен жұмысын күшейту, «мектеп + ата-ана» бірлігі арқылы баланың тәрбиесіне жүйелі әрі дұрыс көңіл бөлу.

Көрнекілік пен құрал-жабдық

  • Шарлар, қанатты сөздер
  • Ақынның ойлы бейнелері
  • Слайдтар және интерактивті тақта
  • Ақынның өз дауысымен жазылған өлеңдерді тыңдау

Кештің құрылымы

Кеш «Арыз жазып кетейін» өлеңін оқумен басталып, Мұқағалиға арналған слайдтар мен ақынның өз дауысындағы өлеңдерді тыңдаумен жалғасады. Одан әрі жүргізушілер кіріспе сөз сөйлеп, сайыс бөлімдері таныстырылады.

Мадинаның кіріспе сөзі

Қуат Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан айбынды ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш.

Аминаның ой-толғауы

Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың өшпес мұрасы жарық жұлдыздай жарқырап, күн сәулесін шашып тұрғандай әсер береді. Абаймен үндес Мұқағалидей перзенті бар халық — шынымен бақытты халық.

«Жазылар естеліктер мен туралы», — деген ақынның сөзі оның аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасарын сезгенін аңғартады.

Мерейдің түйіні

Уақыт өткен сайын ақын туралы естеліктер көбейіп, Мұқағали тұлғасы ақиқат пен аңызға айналды. Оның поэзиясы — халқымыздың байлығы. Ол халқымен бірге биіктеп, бірге жасайтын ақын.

Осы ойлардың жетегінде «Жырлайды жүрек» атты сайысымыз бастау алады.

Сайыс бөлімдері

  1. 1) Поэзия минуты

    Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды. Оқу барысында образға ену, дауыс ырғағын дұрыс келтіру, эмоцияны сезіндіру және тіл тазалығы қатаң сақталады.

  2. 2) Көрініс

    Бұл бөлім — үй тапсырмасы. Оқушылар ата-аналарымен бірге ақын өмірінен немесе шығармаларынан сахналық көрініс қояды.

  3. 3) Мұқағали әлемі

    Ата-аналар ақынның өмір жолына қатысты, оқушыларға үлгі болатын естеліктерді әңгімелейді.

  4. 4) Ақынға арнау

    Оқушылар мен ата-аналар Мұқағалиға арнап шығарған өлең-арнауларын оқиды. Ұйқас, мағына және көркемдік талап етіледі.

  5. 5) Білгенге маржан

    Сұрақтарға жауап беру арқылы білім сыналады.

  6. 6) «Құлақтан кіріп, бойды алар»

    Ақын сөзіне жазылған әндер орындалады: «Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді», «Әке».

Әділқазылар алқасы

Сайысты сараптау үшін әділқазылар алқасы сайланады:

  • 1) __________________
  • 2) __________________
  • 3) __________________

«Білгенге маржан» сұрақтары

Сұрақ Жауап
1 Мұқағали ақынның туған күні, айы, жылы 1931 жыл, 9 ақпан
2 Әкесінің аты Сүлеймен
3 Әжесінің аты Тиын
4 Азан шақырылып қойылған аты Мұқаметқали
5 Ақын досы Шәміл
6 Мұқағали сөзіне жазылған әндерді атаңыз ________________________
7 Жары Шашын Әзімжанова
8 Поэмаларын атаңыз «Аққулар ұйықтағанда», ________________________
9 Прозалық шығармасын атаңыз «Қош, махаббат»
10 Шешесінің аты Нағиман

Қорытынды

Қарасаз, қара шалғын — өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

…Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.

Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан бастап тәй-тәйлеген балаға дейін біледі десек, қателеспейміз. Өмірден «арыз» болып қалған сөздер жүрегімізден орын тапты.

Мұқағали мұрасы — халық қазынасы. Мұқағали поэзиясы әр мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгі жасай береді. Кешімізді ақын сөзіне жазылған «Үш бақытым» әнімен аяқтаймыз.