Тышқанның қандай жақсы қасиеттерін айта аласыңдар

Тақырып

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Негізгі құндылықтар

Құндылық

Сүйіспеншілік

Құндылық

Дұрыс әрекет

Құндылық

Қиянат жасамау

Қасиеттер

Сыйластық Адамгершілік Кішіпейілділік Мейірімділік Ізгілік

Сабақтың мақсаты

Бірлесе жұмыс істеу арқылы оқушылардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін, қоршаған ортаға қиянат жасамау және дұрыс әрекет құндылықтары туралы түсінігін кеңейту.

Міндеттері

  • Адамгершілік пен сыйластықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Жақсылық жасай білу дағдыларын дамыту.
  • Кішіпейілділікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар

  • Презентация
  • Ертегілер жазылған карточкалар
  • Суреттер

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Түстеріне қарай дөңгелектерді таңдату арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
  • Тыныштық сәті: «Орманға саяхат».

2) Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсы деген немене, жаман деген немене?» мәтінін түсініп оқу.

Түйін

Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді, сыйлайды. Оның достары көп болады.

3) Дәйексөз

«Жақсы болу — өз қолыңда»

Халық даналығы

Талқылау сұрақтары

  1. Дәйексөзде не туралы айтылған?
  2. Неліктен «жақсы болу — өз қолыңда» делінген? Қалай түсінесің?
  3. Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
  4. Қандай мысал келтіре аласың?

Түйін

Әр адам жақсы бола алады.

4) Әңгімелеу

Талқылау сұрақтары

  1. Әңгімеде кім туралы айтылған? Бала не істеді?
  2. Баланың әрекеттерін қалай бағалайсыңдар? Неліктен «Әйнек адам» түнеріп қалды?
  3. «Әйнек адам» баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
  4. Баланың орнында болсаңдар, не істер едіңдер?

Түйін

Жақсылықтан үйреніп, жақсы адам боламыз.
Жамандықтан жиреніп, жақсыдан үлгі аламыз.

5) Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

Әр топқа төмендегі тапсырмалар беріледі.

1-топ: «Қарлығаш пен дәуіт»

Ертегіні оқып, әрі қарай жалғастырып көріңдер.

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...

2-топ: «Арыстан мен тышқан»

Ертегіні оқып, әрі қарай жалғастырып, көрініс көрсетіңдер.

Бір күні арыстан ұйықтап жатқанда, тышқан келіп, оның үстімен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалынады: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», — дейді. Арыстан тышқанның сөзіне күліп, оны босатып жібереді...

3-топ: «Жақсылық жасай білейік»

Сурет салу тапсырмасы.

Жақсылықты бейнелейтін көріністерді салып, өз ойларыңды қысқаша түсіндіріңдер.

1-топқа сұрақтар

  1. Ертегіде не туралы айтылған?
  2. Қарлығаш не істеді?
  3. Оған не көмектесті?
  4. Дәуіт туралы не айта аласың? Ол қандай?
  5. Дәуіттің орнында болсаң, не істер едің? Қарлығаштың орнында ше?

2-топқа сұрақтар

  1. Ертегіде не туралы айтылған?
  2. Арыстан мен тышқан не істеді?
  3. Тышқан арыстанға қалай көмектесті?
  4. Тышқанның қандай жақсы қасиеттерін атай аласыңдар? Арыстанның ше?
  5. Тышқанның орнында болсаң, не істер едің? Арыстанның орнында ше?

6) Топпен ән айту

Әні: Б. Ғизатов
Сөзі: Ә. Дүйсенбиев

Зеңгір көктен нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа, жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта, нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз!

Сабақты қорытындылау

Түйін

Жақсы болу — өзіңнен, жаман болу — өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да, өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден, «Мен қандаймын?» деп ойла!

А. Асылбеков

7) Үй тапсырмасы

Дәптермен жұмыс: сурет бойынша «жақсы» және «жаман» сөздерін қатыстырып әңгіме құрастырыңдар.

8) Соңғы тыныштық сәті

Сабақты тыныштықпен аяқтап, бүгінгі ой-түйіндерді ішкі сезіммен саралау.