Кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттерін жаза білуге үйрету
Сабақ тақырыбы
9-сынып: Кальций және оның маңызды қосылыстары
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сабақ.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер
- СТО әдістері
- Топтық жұмыс
- Оқулықпен жұмыс
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар
- Сызбанұсқа, кесте
- Слайдтар, постерлер
- Маркерлер, парақшалар, стикерлер
- Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар
Сабақтың мақсаты
- 1 Кальцийдің периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері туралы мағлұмат беру.
- 2 Кальций және оның қосылыстарының химиялық қасиеттеріне теңдеулер жаза білуге үйрету.
- 3 Кальцийдің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
- 4 «Металдар» тақырыбы бойынша білім деңгейін одан әрі дамыту.
Күтілетін нәтижелер
- Кальций және оның қосылыстары туралы негізгі ақпаратты біледі.
- Химиялық қасиеттеріне сәйкес теңдеулер жаза алады.
- Алған білімін жаттығулар мен есептер шығаруда қолдана алады.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру (сыныпты гүлдер арқылы топтарға бөлу).
Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру.
Қызығушылығын ояту
«Гармошка» әдісі
Өткен тақырып бойынша білімді жедел сұрақтар арқылы нақтылау.
Сергіту: «Жасырын сурет»
Әр топтан бір оқушы «ыстық орындыққа» шақырылады. Мұғалім суретті оқушыға жасырын көрсетіп, бағыттаушы әрі қызықты сұрақтар қояды.
Жаңа сабақ: мағынаны тану
«Бәрін білгім келеді...»
Жаңа тақырыппен танысу және бастапқы түсінік қалыптастыру.
Негізгі ұғым
Кальций — периодтық жүйенің II тобының негізгі топшасына жататын сілтілік жер металы. Суда әрекеттескенде сілті түзеді.
Атом құрылысы
Кальций атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар.
Ca (Z = 20): 2e 8e 8e 2e
Табиғатта кездесуі
Кальций жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5-орында, ал массалық үлесі шамамен 3,6%.