Барлығы неше үшбұрыш
Сабақ туралы мәлімет
Орны
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі: Күлән Ғабдыжанқызы
Тақырып
3 саны және цифры. Үшбұрыш.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- 3 саны мен цифрымен таныстыру.
- Сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау.
- Үшбұрыш және оның белгілері туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін және шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Көрнекіліктер
Сандар, гүлдер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныптың дайындығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді.
Би билейміз ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты.
III. Өткен сабақтан алған білімді тексеру
Сұрақ: 0 санының сандар қатарындағы орнын айт.
Тапсырма: 2 > 1, 1 > 0, 2 > 0 өрнектерін оқы. Олар қалай аталады?
Тапсырма: 2 = 2, 1 = 1, 0 = 0 қалай оқылады?
IV. Жаңа сабақ
а) Түсіндіру: 3 санының пайда болуы
2 + 1. Демек, 2 санына 1 санын қоссақ, 3 саны шығады. 3 — 2 мен 1-дің қосындысы.
Мысал:
2 + 1 = 3
Алдыңғы санды табу
3 санының алдындағы санды табу тәсілін көрсету: 1-ді азайту арқылы алдыңғы санға өтеміз.
3 − 1 = 2
2 − 1 = 1
1 − 1 = 0
Сан сәулесі: 0 1 2 3
V. Жаңа білімді тексеру
- 2 санын және 3 санын қалай шығарып аламыз?
- 3, 2, 1 сандарының алдындағы сан қандай?
- Оны қалай білдіңдер?
1-сурет (үлгі)
2 қ + 1 қ = 3 қ
2-сурет (үлгі)
3 тік төртбұрыш − 1 тік төртбұрыш = 2 тік төртбұрыш
3-сурет: Үшбұрыш
Үшбұрыштың қабырғалары — кесінділер. (Сәулелер емес.)
Оқулықпен жұмыс
№1, №2, №3 тапсырмалар
- Сурет мазмұны бойынша 2 + 1 = 3 және 3 − 1 = 2 теңдіктерінің қалай құрылғанын түсіндіру және оқу.
- 3 санын үш тәсілмен шығару: заттарды санау арқылы, қосу амалы арқылы, кесіндінің ұзындығын өлшеу арқылы.
- 3 санына дейін толықтыру жұмысын орындау.
- Қосу мен азайтудың өзара байланысын көрсету.
Бекіту және ойын элементтері
Тура және кері санау
Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем екенін анықтау: біреуі артық — келесі сан, біреуі кем — алдыңғы сан.
Ойындар
2 мен 3 сандарының құрамын бекіту үшін «Өнімді жина» және «Арифметикалық лото» ойындарын ұйымдастыру.
Геометриялық материал
№3 тапсырмада белгілеріне қарай үшбұрышты табу ұсынылады: үшбұрыштың 3 қабырғасы бар.
Тағы қандай фигураларды атай аласың?
Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсете білуге үйрету.
№4 тапсырма логикалық ойлауды дамытуға бағытталған.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.
Дәптермен жұмыс
Жазу және сан қатары
- 3 цифрын жазып үйрену.
- 0, 1, 2, 3 қатарын жазу.
- Сандар қатарында 3 нешінші орында тұратынын анықтау.
№1 тапсырма
Ойыншықтардың санына сәйкес цифрларды тауып, сызықтармен қосу.
№2 тапсырма
3 цифрын жазу. 0, 1, 2 цифрларын және амал таңбаларын жазуды қайталау.
№3 тапсырма
Сызықтарды бір-бірінен алыстатуға арналған жаттығу.
Қорытынды
VII. Сабақты қорытындылау
Оқушылардың 3 санының жасалуын, алдыңғы санды табу тәсілін және үшбұрыштың негізгі белгілерін түсінгенін қорытындылау.
VIII. Мадақтау
Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.