Сөйлемнің ішіндегі күрделі етістіктің астын сыз

Сабақтың тақырыбы

Дара және күрделі етістіктер

Мақсаты

  • Дара және күрделі етістіктер туралы түсінік беру.
  • Мәтіннен етістіктерді табуға және оларды ажыратуға үйрету.
  • Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту.
  • Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Оқулық, түрлі-түсті суреттер.

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Түрі

Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, құрал-жабдықтарды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

374-жаттығу бойынша орындалған тапсырманы тексеру.

III. Өткенді пысықтау

  • Етістік деген не?
  • Етістіктің сұрақтары қандай?
  • Мысалдар келтіру.

IV. Мақсат қою кезеңі

Етістіктер дара және күрделі түрге бөлінеді.

Дара етістік

Бір сөзден тұрады: келді, оқыды, көрді.

Күрделі етістік

Екі немесе үш сөзден құралады: келе жатыр, оқып отыр, көріп жүр.

V. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс: 374-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, етістіктердің астын сыз. Оларды өзара салыстыр. Не байқадың?

Салыстыру үлгілері

Жаңбыр жауды.Жаңбыр жауып тұр.

Қос аққу ұшты.Қос аққу ұшып барады.

Айнұр кітап оқыды.Айнұр кітап оқып отыр.

376-жаттығу: дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.

Дара етістік Күрделі етістік
ұшты ұшып барады

Ережені оқыту: хормен оқу, талдау, мысалдармен бекіту.

VI. Түсінгендерін тексеру

377-жаттығу: берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құра. Әр етістіктің дара немесе күрделі екенін айт.

Берілген етістіктер: өсіп тұр, биледі, емдеп жүр.

378-жаттығу: дара және күрделі етістіктерді салыстырып, дәлелде. Мағыналық ерекшеліктерін байқа.

Тірек сөздер: көздеді, ойнап жүр, келе жатыр, көрді, тоқып жатыр, шомылды.

VII. Бекіту

  • Дара етістік дегеніміз не?
  • Күрделі етістік дегеніміз не?
  • Сурет бойынша сөйлем құра. Сөйлем ішіндегі күрделі етістіктің астын сыз.

VIII. Үй тапсырмасы

379-жаттығу: сурет бойынша әңгіме құрастыру.