Сөздерді сөз құрамына талдау

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы • Қарағұлин көшесі, 18 • №6 орта мектеп (ММ)

Бастауыш сынып мұғалімі: Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы

Сабақ тақырыбы: Көмектес септік

Бұл сабақта оқушылар қазақ тіліндегі септіктер туралы білімін толықтырып, көмектес септіктің сұрақтары мен жалғауларын меңгереді. Сонымен бірге көмектес септіктің сөйлемдегі тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатыны және басқа септіктерден ерекшелігі талданады.

Білімділік мақсаты

  • Қазақ тіліндегі септіктерді меңгерту, сұрақтары мен жалғауларын жаттату.
  • Көмектес септіктің тұрлаусыз мүше ретінде қолданылуын көрсету.
  • Көмектес септіктің басқа септіктерден ерекшелігін салыстыра талдау.

Дамытушылық мақсаты

  • Өткен тақырыптармен байланыстыра білу дағдысын дамыту.
  • Сөздік қорын, ойлау қабілетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты

  • Жеке тұлғалық жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Жолдастық көмекке, бір-бірін қолдауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Ана тілі Дүниетану

Сабақ барысы

Сабақ «қысқы орманға серуен» түрінде ұйымдастырылып, әр аялдамада тапсырмалар арқылы көмектес септік бекітіледі.

I. Ұйымдастыру

Сабаққа дайындық жасалып, сабақтың ерекшеліктері қысқаша түсіндіріледі.

Әңгімелесу

«Балалар, қазір қай мезгіл?» — Қыс. Қыста жер беті ақ көрпеге оранады. Қыстың екінші айында қысқы орманға серуенге шығамыз. Серуенге дайынбыз ба?

Дайындықты тексеру үшін алдымен үй тапсырмасы қаралады.

II. Үй тапсырмасын тексеру

3–4 оқушыдан сұралады. Оқушылардың дайын екені анықталған соң, көмектес септік туралы білімді тереңдету жалғасады.

«Дайындықтарыңды тексердік — дайын екенсіңдер. Ендеше серуенге кеттік!»

Аялдама 1: Сиқырлы ағаш пен сауысқан

Орман ішінде үлкен ағаштың діңінде конверт ілініп тұрады. Қасында сауысқан ғана жүр. Конверт ашылып, хат оқылады:

Хат мазмұны

«Мен — сиқырлы ағашпын. Сауысқанға тапсырма беріп едім, ол орындай алмай тұр. Оған көмектесетін құстар әлі жылы жақтан келмепті. Маған көмектесе аласыңдар ма?»

Тапсырма: 349-жаттығу

Берілген сөздерді септе:

1-қатар

әнші

2-қатар

қобыз

3-қатар

домбыра

Сауысқанның жауабы: «Жарайсыңдар, балалар! Рақмет!»

Аялдама 2: Қансонар ізі

Аппақ қардың үстінде аңдардың іздері көрінеді. Мұндай шақты аңшылар «Қансонар» дейді — аңшылыққа өте қолайлы кезең.

350-жаттығу

  1. Өлеңді оқыту.
  2. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазу.
  3. Сөздерді сөз құрамына талдау.

Аялдама 3: Қоянның тапсырмасы

Алдарынан қоян шығады. Оқушыларға сұрақ қойылады: «Қоянның қыста түсі неге ақ?» Жауап: жауынан қорғану үшін.

Қоян да тапсырма дайындапты.

351-жаттығу

Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып, жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз.

Үлгі

Гүлзатқа бару • Гүлзатпен бару

Қоянның сөзі: «Балалар, рақмет! Туған жердің табиғатын қорғай біліңдер.»

Аялдама 4: Құрдың ескертуі

Келесі кездескен құс — қыста қалатын құстардың бірі, құр. Ол да тапсырма ұсынады.

353-жаттығу

Берілген сөздерге көмектес септік жалғауын қойып жаз.

Құрдың сөзі: «Қоршаған ортаға әрқашан қайырымды болыңдар.»

Табиғатты қорғау туралы қорытынды ой

Табиғат — бізді қоршаған орта: тау, тас, су, ауа, жер және құстар. Табиғаттың адамға берері мол. Өсімдіктер — отын да, құрылыс материалы да, дәрі-дәрмек те; сая болатын көлеңке, қағаз, шырпы, мал азығы да осы табиғаттан алынады.

Сондықтан табиғатты қорғау қажет: ағашты сындырмау, гүлді жұлмау, орманға қоқыс тастамау, құстарды аялау.

Қорытынды тапсырма: Тест

Қысқы орманды тамашалап, сыныпқа қайтар жолда білімді бекіту үшін тест тапсырмалары орындалады.

1. Көмектес септігінің жалғауын тап

  • A)-ға, -ге, -қа, -ке
  • Ә)-мен, -бен, -пен
  • Б)-ның, -нің, -тың, -тің

2. «Кіммен? Немен?» сұрақтарына жауап беретін септік

  • A)атау септік
  • Ә)барыс септік
  • Б)көмектес септік

3. Көмектес септікте тұрған сөзді тап

«Үйдің қабырғасын балшықпен сыладым.»

  • A)үйдің
  • Ә)қабырғасын
  • Б)балшықпен

4. Мына схемаға сәйкес келетін сөзді тап

  • A)гүлдерді
  • Ә)кірпіні
  • Б)доппен

5. Көмектес септіктегі сөз қай сөзбен байланысып тұр?

«Әсет ағашты арамен кесті.»

  • A)Әсет
  • Ә)кесті
  • Б)ағашты

6. Көмектес септіктегі сөздер сөйлемде қандай мүше болады?

  • A)толықтауыш
  • Ә)пысықтауыш
  • Б)баяндауыш

Үй тапсырмасы

352-жаттығу.