Қысқа мерзімді жоспарПән Қазақ тіліБөлімі Сәулет өнері 52 - сабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Бөлім: Сәулет өнері №52-сабақ Сынып: 3 Тақырып: Бастауыш

Оқу мақсаттары

3.2.3.1

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

3.4.2.7

Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату.

3.3.6.1

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей және біркелкі жазу; жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырып, жауап беруді, сөйлемнен тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратуды және каллиграфиялық талаптарға сай жазуды меңгереді.

Барлық оқушылар

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып сондай сұрақтар құрастырады.
  • Үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратып, құрастырады.
  • Кең жолды дәптерде бас және кіші әріптердің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көлбеу, үзбей әрі біркелкі жазуды үлгі бойынша орындайды.

Оқушылардың көбі

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді.
  • Сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені (бастауышты) ажыратып, құрастырады.
  • Кең жолды дәптерде талаптарды сақтай отырып, көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады.

Оқушылардың кейбірі

  • Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, өз жауабын дәлелдеп жауап береді.
  • Сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені (бастауышты) дәл анықтап, өздігінен құрастырады.
  • Каллиграфиялық нормаларды сақтап, шапшаң әрі біркелкі жазады.