Тренингтің ережесі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

МКҚК №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы

Психолог: Мүсірепова Тоқсұлу Сейітқұлқызы

Тренинг тақырыбы

«Жадырайық, жайнайық, жылы лебізімізді сыйлайық»

Мақсаты

  • Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту.
  • Балабақша мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру.
  • Ата-ана мен бала арасындағы жақын қарым-қатынасты күшейту.

Қатысушылар

Ата-аналар.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді құрметпен тренингке қатысуға шақырамын. Тренингті бастамас бұрын, ортақ ережелермен танысып алайық.

Тренинг ережелері

1) Белсенді қатысу

Жаттығуларға еркін араласу, пікір айту.

2) Тыныштық сақтау

Бір-бірімізге кедергі келтірмей, назарды сақтаймыз.

3) Бір-бірін тыңдау

Сөз бөлмей, пікірге құрметпен қарау.

4) Ойды ашық айту

Өз сезімімізді, ойымызды мәдени түрде білдіреміз.

5) Бір-бірін сынамау

Баға бермей, қолдау көрсетуге ұмтыламыз.

Жаттығулар барысы

1-жаттығу. Танысу

Таныстық

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр қатысушы өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын үш қасиетін айтып, соңынан өз есімін таныстырады.

2-жаттығу. «Сиқырлы қобдиша»

Жылы қарым-қатынас

Мақсаты

Қатысушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату.

Нұсқау

Ортада «сиқырлы қобдиша» тұрады. Қатысушылар кезекпен қобдишадан сыйлық алып шығады. Сыйлықтар — әртүрлі көңіл күйді білдіретін смайлдар мен тілектер. Қатысушы смайлдың артындағы жылы лебізді оқып, өзі қалаған адамға сыйлайды.

3-жаттығу. «Қар қиыршықтары»

Бірегейлік

Нұсқау

  1. Ақ қағазды алып, ортасынан бүктейміз.
  2. Оң жақ бұрышын жыртып аламыз.
  3. Қағазды қайта бүктеп, тағы да оң жақ бұрышын жыртамыз.
  4. Осы әрекетті мүмкіндігінше бірнеше рет қайталаймыз.
  5. Соңында «қар қиыршығын» ашып, нәтижені қараймыз.

Талдау сұрақтары

  • Кімде бірдей қар қиындысы шықты?
  • Егер бірдей болмаса, себебі неде деп ойлайсыздар?
  • Неге бірдей қағаз және бірдей әрекет болса да, нәтиже әртүрлі шықты?

Психологтың қорытындысы

Біз бір әрекетті орындасақ та, әрқайсымыздың қимылымыз, ойлауымыз, қабылдауымыз әртүрлі. Балалар да — жеке тұлға: олардың дүниетанымы, көзқарасы, мінезі бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан әр балаға жеке ықылас пен түсіністік қажет.

4-кезең. «Байлаулы бала» (жағдаят көрсету)

Тәжірибе

Ата-аналарға қысқа жағдаят көрсетіліп, бала сезімін түсіну мен қолдаудың маңызы талқыланады.

5-жаттығу. «Жылы сөз — жанға шипа»

Мейірім

Біз балаларымызбен күнделікті қарапайым, мейірімге толы қарым-қатынас арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Баланың жан дүниесін жылытатын сөздерді жиі қолданамыз ба?

Зерттеулерде орыс тілінде кең қолданылатын 59 жылы сөз бар екені айтылады. Қазақ тілінде де еркелету мен мейірім білдіретін сөздер өте көп, бірақ біз оларды күнделікті жеткілікті қолданамыз ба?

қозым құлыным ботам жұлдызым жарығым

Ата-аналарға кеңес: құшақтаудың күші

Сүйіспеншілік

Баланы жақсы көретініңізді сездіру үшін күн сайын құшақтаңыз.

Жақсы өмір

Күніне 4 рет құшақтау — жылы байланысқа пайдалы.

Денсаулық

Күніне 8 рет құшақтау — саулыққа қолдау.

Өсу

Күніне 12 рет құшақтау — дамуға серпін.

Қорытынды ой

«Ата-анаға көз қуаныш, алдына алған еркесі, көңіліне көп жұбаныш, гүлденіп ой-өлкесі…» — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы мен арманы перзент сүйіп, оны тәрбиелеу екенін айқындайды.

Бала тәрбиесі үзілісті де, демалысты да білмейді. Ендеше, қолымыздағы алтынымызды аялап тәрбиелеп, өзіміздің оларға үлгі екенімізді ұмытпайық. Балаға әрдайым жылы сөз айтып, дұрыс тәрбие беруге сіз болып, біз болып бірге атсалысайық.

6-жаттығу. «Жүректен шыққан жылы сөз»

Рефлексия

Тренинг сіздерге ұнады ма? Қандай әсер алдыңыздар? Қатысушылар жүрекше стикерге өз әсерлерін жазып, үлкен жүрекшеға орналастырады.

«Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» — Ә. Науаи.

Соңғы түйін

Адам өмірінде екі нәрсе ұмытылмайды: қайырымды іс және жүректен шыққан жылы сөз.