Қыс кереметі Мақсаты
Сайыстың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Балалардың табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын еркін айтып беруге және суреттеуге үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.
Тәрбиелік бағыты
Шапшаңдыққа, икемділікке, ұжыммен жұмыста ұйымшылдыққа, жауапкершілікке және белсенділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық бағыты
Көрнекі-іс әрекеттік, сөздік-логикалық ойлау дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Қосымша міндет
Оқушылардың сөздік қорын молайту, қыс туралы білімін жүйелеу.
Формасы
Сайыс
Әдістері
Топтық жұмыс, көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік жұмыс
Қатысушылар
3 «Д» сыныбы оқушылары
Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3 «Д» сыныбы оқушылары арасында өтетін «Қыс кереметі» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Кіріспе ой
Қыс — табиғаттың құпиясы мен сұлулығы айқын сезілетін мезгіл. «Қыстың көзі қырауда» деген халық сөзі де, Абайдың «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа маусымдардан ерекшелігін дәл бейнелейді.
Жазда суға шомылып, күнге қыздырынсақ, қыста шанамызды сүйретіп, биік қыраттарға беттейміз. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасап, ақ қардың үстімен зымыраған сәттер — балалықтың ең тәтті естеліктерінің бірі. Қаңтардың алғашқы күндері осындай қуанышты шақтарға толы келеді.
Сайыс ұраны
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыс болса, орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді:
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Әділқазылар алқасы
- Оқу ісінің меңгерушісі: Қабыл Гүлмира
- Бастауыш сынып мұғалімдері: Бекжанова Ләззат, Маханова Индира
Сайыс жоспары
-
1-айналым. «Біз білеміз…»
Құрастырылған сурет бойынша көргенін айтып, білімін көрсету.
-
2-айналым. «Біз жырлаймыз…»
Қыс мезгілі туралы тақпақтар айту. Бір оқушы айтқан тақпақты екіншісі қайталамайды.
-
3-айналым. «Біз тапқырмыз…»
Жұмбақтардың шешуін табу.
-
4-айналым. «Біз ақынбыз…»
Дайын ұйқастар арқылы 3 минут ішінде өлең құрастыру.
-
5-айналым. «Біз айтамыз…»
Сурет бойынша қыс туралы әңгіме құрастыру.
-
6-айналым. «Біз шеберміз…»
Түрлі түсті қағаздармен топ атауын аппликация әдісімен жасау.
-
7-айналым. «Қыс қызығы»
Стикерлер арқылы ой қорытындылап, әсерлерін жинақтау.
Топқа бөлу
Оқушылар «шырша» және «аққала» бейнеленген төсбелгілердің бірін таңдап, атауы жазылған топқа орналасады.
Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер.
Айналымдар мазмұны
1-айналым. «Біз білеміз…»
Әр топқа сурет қиындылары беріледі. 1 минут ішінде қиындылардан тұтас сурет құрастыру керек, кейін сол сурет бойынша білетіндерін айтады.
Тұтас сурет: аққала мен шырша.
Қосымша тапсырма: аққала мен шырша туралы қысқаша бейнеролик көрсету.
2-айналым. «Біз жырлаймыз…»
Қыс мезгілі туралы тақпақтар айтылады. Шарт: бір оқушы айтқан тақпақты екіншісі қайталамайды.
3-айналым. «Біз тапқырмыз…»
Әр топ жұмбақтардың дұрыс жауабын табады.
Жұмбақтар топтамасы 1
-
1) Ақ сақалды атаны-ай, мінезінің шатағы-ай.
Жауабы: Қыс
-
2) Бес ін, бес іннің аузы бір ін.
Жауабы: Қолғап
-
3) Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ желеді, аузы жоқ ұлиды.
Жауабы: Боран
-
4) Жазда болмайды, қыста болады. Терезеге қонады, әсем ою ояды.
Жауабы: Қырау
-
5) Ақ көбелек қонды, құстар енді тоңды.
Жауабы: Қар
-
6) Қолы жоқ сурет салады, тісі жоқ тістеп алады.
Жауабы: Аяз
Жұмбақтар топтамасы 2
-
1) Табаныма байлаймын, қос аяқпен айдаймын.
Жауабы: Шаңғы
-
2) Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
Жауабы: Қар
-
3) Шелек қалпақ басында, сәбіз екен танауы. Қыста қардан туатын — тауып көрші сен оны.
Жауабы: Аққала
-
4) Отқа жанбас, суға батпас.
Жауабы: Мұз
-
5) Мамықтай ұлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.
Жауабы: Қар
-
6) Аяқтарым қалтылдап, қос тай міндім жалтылдақ. Шапса — жұбын жазбайды, бір-бірінен озбайды.
Жауабы: Коньки
4-айналым. «Біз ақынбыз…»
Топтарға дайын ұйқастар беріледі. 3 минут ішінде өлең шығару керек.
Ұйқас үлгісі
… салқындайды,
… сықырлайды,
… аппақ боп
… жылтырайды.
… ойнаймыз,
… тоңбаймыз,
… шаттанып
… тоймаймыз.
5-айналым. «Біз айтамыз…»
Қыс мезгілі туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру.
6-айналым. «Біз суретшіміз…»
Топтың атауын түрлі түсті қағаздардың көмегімен аппликация тәсілі арқылы жасау.
7-айналым. «Қыс қызығы»
Стикерлер арқылы ойларын жинақтап, қорытынды жасайды.
Қорытынды және марапаттау
Әділқазылар алқасына сөз беріліп, оқушылар марапатталады.
Қорытынды сөз
Жарайсыңдар, барлығың да, өренім,
Асып-тасып төгілді ғой өнерің.
Риза болды қатынасқан көрермен,
Сайыстағы бар қызықты көргендер —
шәкірттерім менің!
Алдағы уақытта да ерінбей, жалықпай оқып, үйренгенімізді ойымызға тоқып жүрейік. Білімді болыңдар! Осымен сайыс аяқталды.